«KAZAKH INVEST» шетелдік инвесторларға Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев шетелдік инвесторларға Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын таныстырып, экономиканың әлеуетті секторларын атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«ЭСКПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астанадан Қарағанды облысының мәдени күндері басталды. Осы орайда Қарағанды облысының әкімдігі халықаралық көрмеге шетелдік инвесторлар мен Қазақстанға инвестиция тарту бағытында жұмыс атқаратын ірі ұлттық компанияның өкілдерін шақырған. Алғашқылардың қатарында сөз алған «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев аталған өңірмен бірге шетелдік инвесторларға еліміздің қай секторында жұмыс жүргізу тиімді екенін атап өтті.

«Әлеуетті инвесторларға Қазақстанда жұмыс жүргізіп көруі неліктен тиімді екенін түсіндіріп берейін. Ең алдымен, біздің елімізде бизнес-климат жайлы, экономикалық тұрақтылық жоғары деңгейде. Қазақстан бұл тұрғыда әлемдік ірі сарапшы институттардың жоғары бағасын алған. Қазақстанда әлеуметтік көрсеткіштер де жоғары. Инвестициялық жобаларға айтарлықтай артықшылықтар мен жеңілдіктер ұсынылады», - дейді Нұрсұлтан Жиенбаев. 
null 

Оның айтуынша, Қазақстанда көлік құрау, АӨК, сауда, инфрақұрылым сынды салаларға баса маңыз беріледі. Қазақстан агроиндуриалды ел болғандықтан., халықтың 20 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысатыны белгілі. Осы тұрғыда «KAZAKH INVEST» компаниясы ҚР ауыл шаруашлылығы министрлігімен аталған саланың инвестиция тартудағы 4 басым бағытты таңдап алған екен.

«Қазақстанның ең бірінші кезекте географиялық және климаттық орналасуы жайлы. Жерінің 70 пайызында ауыл шаруашылығы саласында қолдануға болады. Қазақстанда шамамен бір жылдың 263 күні күн ашық болады. Жаз айында ауа температурасы шамамен 25-27 градус аралығында. Оңтүстік-Азия елдерімен, Қытаймен ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша сауда қатынасын орнату жайлы. Сонымен қатар, органикалық өнімдерді өндіру жағынан әлеуеті мол. Соңғы 5 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы саласына 1,3 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. «KAZAKH INVEST» АШМ-мен бірге шетелдік инвесторларды тарту үшін төрт бағытты таңдап алды. Олар сүт және сүт өнімдері, ет өңдеу, астықты терең түрде өңдеу, май өндіру. Осы тұрғыда инвесторларды бірлесе жұмыс жүргізуге шақырамыз», - деді ол.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Жиенбаев экономиканың өзге де басым секторларында шетелдік инвесторларға қандай артықшылықтар мен жеңілдіктер көрсетілетінін айтып берді.
null 

Соңғы жаңалықтар