«Kazakh Tourism» мен «QazaqGeography» ішкі туризмді бірлесіп дамытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kazakh Tourism» мен «QazaqGeography» ұйымдары «Көшпенділер әлемі» халықаралық мәдениет фестивалі аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Меморандум мақсаты - Қазақстан туризмінің, ғылымы мен мәдениетінің дамуына ықпал ету.

Меморандумға «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма Төрағасы Рашид Күзембаев пен «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрайымы Жанна Рүстем қол қойды.

Өзара келісім негізінде тараптар география, өлкетану, туризм, мәдениет, этнография, экология және этнография, тарих және іргелес жаратылыс ғылымдары саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруды көздейді.

«Бүгінгі меморандумның басты идеясы - отандық туризмді дамытуда бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Себебі «QazaqGeography» қоғамдық бірлестігі бірнеше бағытта жұмыс істейді, соның ішінде туризмде бар, сондықтан серіктестік біз үшін маңызды. Аталған меморандум негізінде нақты жұмыстар басталып та кетті, солардың бірі Астананың 20 жылдық мерейтойына орай QazaqGeography-мен бірлескен Орталық Қазақстан және Ұлы жібек жолы бойына экспедиция жасау», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Айта кетейік, 2013 жылы құрылған «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі бес басым бағытта жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биологиялық алуан түрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. 

null 

Соңғы жаңалықтар