«Kazakhstan kagazy» АҚ бұрынғы басшысы Мақсат Әріпке іздеу жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM –  «Kazakhstan kagazy» АҚ бұрынғы басшысына іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталы ақпарат таратты. 

іздеу
Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Іздестіру жұмыстарын Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.

Іздеу туралы ақпарат: Туған күні: 07.10.1973, жынысы - еркек, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ.

Іздестіру ісі 23 қаңтарда Алматы облысында тіркелді.

Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті (тел. 279-20-86). 

Айта кетейік, Мақсат Әріп 2003-2008 жылдар аралығында «Қазақстан Қағазы» АҚ басқарды. 

Мақсат Әріп
Фото: Экраннан түсірілді