KAZAKHSTAN OPEN-2015: Қазақстандық гольфшылар финалдық кезеңге өте алмады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Нұртау» гольф-клубында өтіп жатқан 11-ші халықаралық «Kazakhstan Open- 2015» турнирінде квалификациялық іріктеу кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстандық гольфшылар: Шим Джайдонг 153 (+9), Нұртай Салдаров 156 (+12), Александр Вонгай 161 (+17) және Канг Бьёнг Гу 92 (+32) финалдық кезеңге өте алмады.

KAZAKHSTAN OPEN-2015: Қазақстандық гольфшылар финалдық кезеңге өте алмады

Ресейлік қонақтар да құрал-саймандарын жинауға мәжбүр болды. Олар: Александр Майоров 152 (+8), Владимир Осипов 157 (+13), Евгений Кафельников 158 (+14) және Андрей Павлов 160 (+16).

Алғашқы күні көш басына шыққан даниялық Йоахим Хансен екінші күні сүреңсіздеу ойнап, көш басындағы үштіктің қатарынан шығып қалды. Оның көрсеткіші 73 (-8).

Ал турнир кестесін әзірге ұлты кәріс, 27 жастағы Шиван Ким (АҚШ) бастады. Оның көрсеткіші 69(-11). Екінші орында 26 жастағы фрунцуз Себастьян Грос 67 (-9), ал Оңтүстік Африка Республикасынан келген 33 жастағы гольфшы Шон Норрис 67 (-9) үшінші орынға жайғасты.

Екінші ойын күні Challenge Tour-дың азулы шеберлері өз мүмкіндіктерін жеткілікті дәрежеде көрсете алмады. Бірақ, олардың айтуынша, 18 алаңқайдан тұратын «Нұртау» гольф клубы European Challenge Tour турнирлері өтетін алаңдардің ішінде ең үздік арена. Ал Қазақстандық қонақжайлыққа тең келер құрмет еш жерде жоқ.

Турнир одан әрі жалғасуда.