«Kazakhstan open» халықаралық гольф-турнирінде Хоул-ин-уан соққылары бойынша 5 автокөлік сыйға тартылады - К. Лифанов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Kazakhstan open» халықаралық гольф-турнирінде Хоул-ин-уан соққылары бойынша 5 автокөлік сыйға тартылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Қазақстанның гольф федерациясының бас хатшысы Константин Лифанов мәлім етті.

«Kazakhstan open» халықаралық гольф-турнирінде Хоул-ин-уан соққылары бойынша 5 автокөлік сыйға тартылады -  К. Лифанов

«Mercur Auto» компаниясы көп жылдан бер біздің әріптесіміз болып келеді. Биыл «Хоул-ин-уан» соққылары үшін 5 ауди автокөлігін сыйға тартайын деп отыр. Неге? «Хоул-ин-уан» соқысы, яғни гольф ұяшығына допты ти зонасынан бір соққымен кіргізу - өте сирек кездесетін құбылыс. Екінің бірі 150-200-250 метр жерден гольф добын ұяшыққа кіргізе бермейді. Дегенмен, сирек болса да «Хоул-ин-уан» анда-санда турнирлерде болып тұрады. Кезінде Астана қаласындағы болған гольф-турнирінде де мұндай соққы жасалған. Бірақ бұл, өкінішке қарай, көп жағдайда жүлде тағайындалған ұяшықта емес, басқа ұяшықта орын алып жатады. Бұл әрине ойыншыға да, демеушіге де реніш тудыратын жағдай. Сондықтан биыл бір емес, бес гольф ұяшығы бойынша жүлде тағайындалды. Демек, спортшылардың бұл жүлдені жеңіп алу мүмкіндігі есе есеге артады деген сөз, - деді К. Лифанов.

Жаңа ғана мәлім болғанындай, «Қазақстан оупен» халықаралық гольф-турнирінде hall-in-one соққысы жасалды. Осыған байланысты бүгін кешке сағат 18:00-де турнир өтіп жатқан «Нұртау» гольф-клубында спортшыны марапаттау рәсімі болады. Гольфшының есімі әзірге белгісіз.