Kazakhstan Open: Қазақстан командасы 3 алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА.KAZINFORM — Астана қаласында басталған таеквондодан Kazakhstan Open рейтингтік турнирінде ересектер арасында Қазақстан командасы 3 алтын медаль жеңіп алды. 

Kazakhstan Open: Батырхан Төлеуғали, Самирхон Абабакиров пен Бейбарыс Қабылан чемпион атанды
Фото: ҰОК

Самирхон Абабакиров (-68 кг) 
Батырхан Төлеуғали (-87 кг) 
Бейбарыс Қабылан (+87 кг)

Ақтық сында Самирхон тунистік таеквондошы Фарес Боужемайды айқын басымдықпен ұтты. Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының чемпионы, Африка ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Фирас Катуссиді (Тунис) жеңді. Ал аса ауыр салмақтағы Бейбарыс өзбекстандық атлет, биылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Марат Мавлоновтан тағы басым түсті.

Ересектер арасындағы Қазақстан командасы бүгін 3 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль еншіледі. Бұл жалпыкомандалық есептегі 2-орын.

Жалпы есеп:
1. Түркия (6 алтын, 1 күміс, 10 қола)
2. Қазақстан (3 алтын, 3 күміс, 7 қола)
3. Өзбекстан (2 алтын, 4 күміс, 1 қола)
4. Тунис (1 алтын, 2 күміс, 3 қола)
5. Беларусь (1 алтын, 1 күміс, 2 қола)

Ертең жарыс жастар арасындағы бәсекемен жалғасады.

Kazakhstan Open G-1 санатындағы жарыста Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай беріліп жатыр.

Турнир күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың бір кезеңі саналады. 

Айта кетелік Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатындағы екінші жүлдесін жеңіп алған еді