«Қазақконцерт» онлайн қызмет көрсетуге көшті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы онлайн қызмет көрсетуге көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Құрметті көрермен! Сіздер концерттік іс-шараларға келе алмасаңыздар да, біз сіздерден алыстамаймыз. Алдағы уақытта әртістеріміздің үздік концерттерін, жаңалықтар мен қызық репортаждарды Қазақконцерттің YouTube каналынан тамашалай аласыздар. Еліміздің музыкалық өнерін насихаттауға, сіздермен әрдайым бірге болуға дайынбыз. Барлық уақытша сынақтар мен қиындықтарды тек түсіністік пен жауапкершілік танытып, бірге еңсереміз», - делінген ұйымның Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар