«Қазақмыс» фабрикасында жұмысшы қаза тапты

«Қазақмыс» компаниясы 22 қараша күні №2 Жезқазған байыту фабрикасында болған жазатайым оқиға туралы мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. 

«Қазақмыс» фабрикасында қызметкер қаза тапты
Фото: inbusiness.kz

Конвейер механизмімен қысылу нәтижесінде 1980 жылғы конвейер машинисі өлімге алып келген жарақат алды. Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алған адамның қайтыс болғаны жайлы мәлімдеді.

«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар