«Қазақмыс» корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтатты

«Қазақмыс»
Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 27 қарашасында Жайсаң кенішінде болған апатқа байланысты «Қазақмыс» компаниялар тобының басшылығы корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Kazinform компанияның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.Кеніштерде ішкі экспорттық комиссия инспекциялары құрылды. Комиссияларды кәсіпорындардың бас инженерлері басқарады. Басталған тексерістер өндірістік, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы ереже бұзушылықтарды егжей-тегжейлі анықтауға бағытталған.

Кәсіпорындардың жұмысын тоқтату барлық кемшіліктер анықталып, жойылмайынша жалғаса береді.

Компания басшылығы тексерістің барлық кезеңі үшін тоқтатылатын шахта бригадаларына еңбекақыны толық төлеу туралы шешім қабылдады.

«Комиссиялардың жұмысы аяқталып, барлық мән-жайлар нақтыланғаннан кейін тексеру нәтижелері еңбек ұжымдарына жеткізіледі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін одан әрі күшейту шаралары қабылданады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін «Қазақмыс» кенішінде тағы екі адам қаза болғанын жаздық.

Кейінірек оқиға орнына комиссия аттанғанын хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар