Қазақмыс өндірістің тиімділігі үшін жаңа жүйелерді қалай енгізіп жатыр

АСТАНА. КAZINFORM - Қазақмыс ел ғылымын дамытуға қолдау көрсетуді, өз кәсіпорындарына үздік инженерлік және IT жобаларды енгізуді жалғастырып жатыр. 

қазақмыс
Фото: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі

30-31 шілдеде TechGarden-нің 15 IT-резиденті «Нұрқазған» кенішіне барды. Сапар барысында қатысушылар Қазақмыстың бизнес-міндеттерімен танысып, өндірістік үдерісті жақсарту үшін ғылыми-цифрлық және техникалық шешім ұсынды. 

Тур қорытындысында өндірістің тиімділігін арттыруға, қауіпсіздік техникасын, экологиялық бақылау мен өнім сапасын жақсартуға бағытталған IT жобалар пулы қалыптасты.

Казахмыс
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Бұған дейін Қазақмыс қолданысқа AG Tech және MRS-K компанияларының DMMS IT кешенін енгізді. Бұл бағдарламалық-аппараттық кешенді қазақстандық IT-компаниялар Қазақмыс мамандарымен бірлесіп әзірледі.

DMМS жүйесі жерасты радиобайланысын, персонал мен көліктің орналасқан жерін анықтауға және апаттық ескерту жасауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ DMМS арқылы адамдарды қалың жыныс қабаттарынан іздеу мүмкіндігі пайда болды, бұл төтенше жағдай кезіндегі іздеу жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

Казахмыс
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Сонымен қатар 16 қосымша модуль әзірленді.

Олар бизнес-процесті цифрландыру мен Micromine тау-кен-геологиялық ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы тау-кен жұмыстарын жоспарлаудан бастап, тау-кен жабдықтарының және «Oracle HR» жұмысының мониторингін сондай-ақ тау-кен жұмыстарының тиімділігін бағалауға дейінгі процестерді қамтиды.

Осылайша өндіріске енгізілген ІТ шешімдер тау-кен және геологиялық барлау жұмысын жүргізетін қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Пресс-служба ТОО «Корпорация Казахмыс»
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар