«Қазақмыс» Алматы мектептеріне 2 мың дана жаңа кітап тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақша үйренейік!» - бұл қазақ тілін үйренуді жеңілдететін оқушыларға арналған кітап. Онда ертегілер мен аңыздар форматында қазақ халқының тарихы мен тұрмысы, түрлі салт-дәстүрлері сипатталған.
None
Фото: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС

Жазудың қарапайымдылығы оқушыларға ақпарат пен баяндау тілін тез және оңай есте сақтауға мүмкіндік береді. Бұл – оқулықтың екінші басылымы. Қосымша даналарға сұраныс «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға Алматы қаласы Білім басқармасынан түсті.


Өздеріңіз білетіндей, «Қазақмыс» тобы – мемлекетке көптеген мәселелерде, соның ішінде мәдениет пен білім беруде, өндірістік аймақтарында ғана емес, бүкіл республика бойынша жәрдем көрсететін әлеуметтік бағдарланған компания. Сондықтан біз осындай жәрдемге қуаныштымыз, бұл кітап қазақ тілін үйреніп жүргендерге де, қазақ тілін енді ғана үйреніп бастағандарға да көп пайда әкеледі деген үміттеміз

, - деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қоғамдық байланыстар және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Айдар Баталов.


«Қазақша үйренейік!» биылғы жылы бұрынғыдай, 2 мың данамен шықты. Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, шаһардың барлық мемлекеттік мектептері оқулықтарды 1 қыркүйекке дейін алды.


Соңғы жаңалықтар