13:22, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Қазақмыс балаларға 5 миллион теңгенің сый-сияпатын таратты
АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Қазақмыс тобы жер-жерде қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Атап айтқанда, корпорация қамқорлығындағы 1,5 мыңға жуық мүмкіншілігі шектеулі балалар мен балалар үйіндегі және мектеп жасына дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілеріне 5 миллион теңгенің сыйлықтары таратылды. Сондай-ақ концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар, ең үздік суретке байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. «Балаларымызды шаттыққа бөлеу біз үшін бір ғанибет. Жетіліп келе жатқан жас ұрпағымызды қолдап жүру Қазақмыстың әлеуметтік бағдарламасындағы артықшылықтардың бірі болып отыр. Біздің басты міндетіміз ? ата-анасының қарауынсыз қалған әр баланың өмірін қалай да болсын жақсартып, қоғамға қосылуына көмектесу және салауатты да бақытты болашақтарын қамтамасыз ету. Балалар ? бұл біздің жалғасымыз, Қазақстанның ертеңгі келешегі, әрі олардың қандай болып қалыптасары біздің өзімізге байланысты», - дейді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Эдуард Огай. Оның айтуынша, енді 1994 жылы туған бозбалалар мен қыздар арасында баскетболдан республикалық жарыстар өткізу жоспарланып отыр. «Алтын доп» жүлдесі үшін өтетін бұл байрақты бәсеке Сәтбаев қаласының «Жастар» спорт сарайында болмақ.