Қазақмыс Балқаш ЖЭО-ны жөндеуге бағыттаған 677 млн теңге қолды болды – фейк

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде таралған «Kazakhmys Energy» ЖШС (Қазақмыс Энерджи) Балқаш ЖЭО жөндеуге бағыттаған 677 миллион теңге қолды болды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Балқашжылу» ЖШС мен Балқаш ЖЭО арасындағы өзара қарым-қатынас жылу энергиясын сатып алу бөлігінде келісімшарттық қатынастарға негізделеді. Сонымен қатар, «Балқашжылу» ЖШС Балқаш ЖЭО алдында 1,8 млрд теңгеден астам берешегі бар.

Балқаш ЖЭО-ның бүкіл жөндеу науқаны тарифтік сметаға енгізілген қаражат есебінен, сондай-ақ акционер – «Қазақмыс Холдинг» ЖШС (Қазақмыс Холдингі) қаражаты есебінен қаржыландырылады. Осылайша, қолды болды делінген 677 миллион теңгенің БЖЭО жөндеу бағдарламасына еш қатысы жоқ, жарияланған фактілер шындыққа жанаспайды.

Алдағы уақытта уәкілетті органдардан тексерілмеген ақпаратты жарияламауды сұраймыз», - делінген ресми хабарламада.


Соңғы жаңалықтар