Қазақмыс Қарағанды облысындағы бірқатар кеніштерді дамытуға 200 миллион доллар жұмсамақ

тардың 14-і. ҚазАқпарат - Қазақмыс «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» және Қытай даму банкімен жасалған несиелік келісім аясында Қарағанды облысындағы бірқатар кеніштерді дамытуға 200 миллион доллар қаржы жұмсамақ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақмыс тобы бұған дейін Қытай даму банкі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен 2,7 миллиард доллары көлеміндегі несиелік бағдарды ұсыну туралы келісімге келгендігін мәлімдеген еді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен арадағы Несиелік келісімге сәйкес 2,1 миллиард доллар Бозшакөл және Бозымшақ жобаларын дамытуға жұмсалмақ. Осы аптада топтың Қарағанды аймағындағы бірқатар кеніштерді дамытуды қаржыландыру үшін жалпы келісілген топтамадан тағы 200 миллион доллар бөлуі туралы келісімге қол қойылды. Осылайша қарастырылған қаражаттардың жалпы көлемі 2,3 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Келісімге сәйкес қалған 400 миллион доллар алдағы үш жылдың ішінде топтың өзге жобаларын дамытуға берілетін болады.

«Ұсынылатын қаржыландыру Қазақстан мен Қазақмыстың әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі ретіндегі ұстанымдарын нығайтуға және жаңа әрі келешегі бар жобаларды қолдауға мақсатты түрде бағытталып отыр. Бұл келісім халықаралық банктердің тарапынан ел экономикасының пәрменділігіне сенімдерін және Қазақстанның әлемдік беделінің арта түскендігінің жаңаша айғағы болып табылады», дейді Қазақмыс тобының Бас атқарушы директоры Олег Новачук.

Соңғы жаңалықтар