«Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлерінің жалақысы өсті
Компанияның жалпы еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы шамамен 10 пайызды құрайды, бұл ретте кәсіптер бойынша жалақының өсуі сараланған және ағымдағы төлем деңгейіне байланысты болады.
«Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Қазақмыс»
корпорациясының қызметкерлері жоғары жалақы алады, оның өсуі Қазақстан
Республикасындағы ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты болды.
«Қазақмыс Холдингі» - табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі
жетекші компания, Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші болып табылады. Компания
құрамында он екі кен орындары, алты байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты
және екі көмір разрезі бар.
Корпорация қызметкерлерінің жалпы саны 38 671 адамды құрайды»,-делінген облыс
әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратта.