«Қазақмыс» корпорациясы соғыс және тыл ардагерлеріне көмек көрсетті
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақмыс» корпорациясы Жеңіс мерекесі кезінде 234 соғыс және 1700 тыл ардагеріне көмек көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сіздерге деген барлық құрмет пен алғысты жеткізетін сөздерді табу қиын. Отан қорғауда жасалғанды ешқандай сыйлық алмастыра алмайды», -дейді ардагерлерді корпорацияның бүкіл қызметкерлері атынан құттықтаған «Қазақмыстың» басқарма төрағасы Э. Огай. Бұл қайырымдылық шарасы кезінде корпорация соғыс және тыл ардагерлеріне 10 миллион теңгенің көмегін көрсеткен болатын. Жалпы «Қазақмыс» өзі қызмет жасайтын Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары аумағында мұндай іс-шараны дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіп келе жатыр. Биыл да соғыс және тыл ардагерлермен кездесулер ұйымдастырып, оларға толымды сый-сыяпат жасап отыр.