13:00, 27 Сәуір 2013 | GMT +5
«Қазақмыс» корпорациясында тау массасы құлады, бір адам зардап шекті
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Анненск» шахтасында жұма күні түнгі сағат 03.30-да тау массасының бөлігі опырылып құлады.

Оның салдарынан 36 жастағы оператор жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.