«Қазақмыс» корпорациясының Орлов кенішінде қайғылы оқиға орын алды - екі адам қаза тапты
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Қазақмыс» корпорациясының Жезкент кен-байыту комбинатының Шығыс шахта-құрылыс басқармасының Орлов руднигінде қайғылы оқиға орын алды,
деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосынан.
Өндіріс орнында жарылғыш материал өздігінен іске қосылып, оқиға салдарынан 39 жастағы монтажшы оқиға орнында қаза тапты. Екінші адам - 29 жастағы жұмысшы Бородулиха селосындағы ауруханада көз жұмды.
Оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.