«Қазақмыс» корпорациясының Сәтбаев қаласындағы кенішінде жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» корпорациясының Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы кенішінде жұмысшы қаза тапты.

«Қазақмыс» корпорациясының Сәтбаев қаласындағы кенішінде жұмысшы қаза тапты

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.

Оқиға бейсенбіге қараған түні Корпорацияға тиесілі «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің «Аненский» кенішінде орын алды.

Төбеден құлаған тау жынысының астында қалып қойған 29 жастағы жүргізуші сол орында қаза тапты.