19:37, 30 Маусым 2010 | GMT +5
«Қазақмыс» корпорациясының «Степной» кенішіндегі жарылыс техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамаудан болды - комиссия қорытындысы
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-і «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің «Степной» кенішіндегі жарылыс техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамаудан болды. Адам өлімі орын алған оқиғаны тергеген ТЖ комиссия мүшелері осындай шешімге келді.

«ҚР ТЖМ ТЖ мемлекеттік бақылау жасау және кәсіпорындар қауіпсіздігі жөніндегі комитеттің тау-кен-металлургиялық өндіріске бақылау жасау басқармасының бастығы Мақсұтбек Қараторғаев жетекшілік еткен комиссия өз жұмысын аяқтады. Жарылыс себебі - дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары Владимир Пфаргер.