«Қазақмыс» пен «Теңізшевройл» компаниялары адам өмірі мен денсаулығына атүсті қарап келеді - Президентке жолданған хаттардан

АСТАНА. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Президенттің халықпен тікелей эфир арқылы тілдесуіне орай Астанада жұмыс істеп жатқан Байланыс орталығына «Қазақмыс» пен «Теңізшевройл» компанияларының отандық заңнаманы бұзып, адам өмірі мен денсаулығына атүсті қарап жатқандығы туралы хат-хабарлар түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әмірова деген азаматтың хабарлауынша, «Қазақмыс» корпорациясында еңбек еткен оның жолдасы 2004 жылы өндірістік жарақат алып, осының салдарынан өткен жылы қайтыс болған. Компания тарапынан ешбір материалдық көмек көрсетілмейді. «Мен көптеген мекемелерде болдым. Бірақ одан шығып жатқан нәтиже шамалы. Оның үстіне «Қазақмыс» мені бопсалауды қояр емес»,-дейді Әмірова.

Ал Иманғали Асқаров өзінің «Теңізшевройл» компаниясында жұмыс істеп, 2005 жылы өндірістік жарақат алғандығы туралы хабарлап отыр. «6 метрлік краннан құлап, өндірістік жарақат алдым. Басым жарылды, мойным, омыртқам және оң қолым сынды. Қазір жұмыс басынан ешбір ақы беріп жатқан жоқ. Сотқа да жүгіндім. Мүгедек жағдайында қандай да бір әрекет жасау қиынға соғып отыр. «Теңізшевройл» компаниясы болса, менің мәселеме атүсті қарап келеді»,-дейді И.Асқаров.

Соңғы жаңалықтар