«Қазақмыс ПЛС» компаниясы Питер Хиксонның тәуелсіз директор болып тағайындалғанын жария етті

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат - «Қазақмыс ПЛС» компаниясы бүгін Питер Хиксонның Топтың Директорлар кеңесінің құрамында тәуелсіз директор болып тағайындалғанын жария етті.
None
None
Тағайындау дереу күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның корпоративтік байларныстар бөліміне сілтеме жасап. Дәл қазіргі уақытта Питер Хиксон «Communisis plc» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және «London &Continental Railways Ltd» компаниясының аға тәуелсіз директоры болып табылады. Бұған дейін ол «Anglian Water Group Ltd» компаниясы директорлар кеңесінің төрғасы, «Powergen plc» тобының қаржы директоры және «Telent plc», «Scottish Power plc» және «RAC plc» компанияларының тәуелсіз директоры болған. Питер Хиксон Аудиторлық комитет пен Қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі атанады. «Қазақмыс» тобы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким бұл тағайындауға берген түсіндірмесінде: «Біз Питер Хиксонды тобымыздың директорлар кеңесінің құрамына қуана қарсы аламыз, ол энергетикалық сектор саласы бойынша мол тәжірибеге және білімге ие, бұл біз үшін өте маңызды», - деп атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар