Қазақмыс тобы 2011 жылғы бірінші тоқсанның өндірістік нәтижелерін жариялады

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақмыс Тобы 2011 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелерін жариялап отыр,
None
None

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Мыс пен қосарлы өнімдер өндірісіндегі көрсеткіштер 2011 жылға бекітілген жоспарға сай келді. Меншікті концентраттан алынған катодты теңгерімдегі мыс көлемі 74 мың тоннаны құрады. Қосарлы өнімдерді өндіруде де жоспарлы нәтижелерге қол жеткізілген: концентраттағы мырыш өндіру - 36 мың тоннаны құрады; күміс - 2 332 мың унция; алтын - 19,3 мың унция. Осы жылдың екінші тоқсанында игерілетін аяқталмаған жұмыстар көлемі алтын мен күміс өндіру нәтижелерінде байқалды.

Екібастұздың ГРЭС-1 стансасы да қызметінде айрықша нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Өткен жылдың бірінші тоқсанындағымен салыстырғанда, электр энергиясының өндірілімі 22 пайызға артқан. Бұл Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық нарықтарында сұраныстың тұрақты болуымен, тарифтің өсуімен және өткізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде кәсіпорындағы негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысындағы сенімділік коэффициенті жоғарылағандығына байланысты.

Топты дамытудың ірі жобаларды іске асыру мен иеліктегі активтерді оңтайландыруға бағытталған стратегиясы жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда. Қазақстан қалаларының инфрақұрылымдарын дамытуға жағымды әсерін тигізіп отыратын Компанияның белсенді әлеуметтік қызметі жалғасын тауып келеді. Қазақмыс қайғылы уақиғалар мен жарақаттанушылықтардың алдын алуға, қатерлер мен негізгі себеп-салдарларын жоюды назарда ұстай жүріп, өндірістегі қауіпсіздікті жақсарта түсуге қомақты қаражат инвестициялап отыр. Сонымен қоса, бірінші басшылар қызметкерлері өз қауіпсіздіктері мен өзгелердің де қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды ұғына алатындай өндірістік ортаны құру ісін қолға алып отыр.

Қазақмыс Тобының басқарушы бас директоры Олег Новачук, өз сөзінде: «Топтың барлық кәсіпорындары жылдың басындағы оңайға тимеген ауа-райына қарамастан алғашқы үш айды жақсы көрсеткіштермен аяқтады, сөйтіп біз осы жыл ішінде өндірісті жоспарлы деңгейде сақтайтындығымызға сенімдіміз. Әлемдік металл нарықтарындағы жағымды динамика мен біздің тапсырыс берушілеріміздің тарапынан сұраныстар тұрақты болуы 2011 жылға сенімді болжамдар жасауға септігін тигізіп отыр»-деп түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар