«Қазақмыс» тобы Қарағанды аймағына әлеуметтік қолдау көрсетуге арнап 1,7 млрд. теңге бөледі
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облыстық әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бүгін өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Келісімге облыс әкімі Нұрлан Нығматулин мен «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Эдуард Огай қол қойды.Меморандумға сай «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС биылғы жылы аймақтағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға арнап 1,7 млрд. теңге бөледі. Бұл қаражаттар мектептер мен колледждердің ондаған түлектерін шет елдердегі жоғары оқу орындарында оқытуға, Жезқазғандағы, Сәтбаевтағы, Балқаштағы, Осакаров және Абай аудандарындағы мектепке дейінгі балалар мекемелерін ұстауға бағытталатын болады. Меморандум сонымен қатар, Сәтбаевтағы спорттық іс-шараларды өткізуді, медицина мекемелерін және басқа да әлеуметтік нысандарды, оның ішінде «Орленок» маусымдық балалар соматикалық шипажайын, Жезқазған мен Балқаштағы профилакторийлерді қаржыландыруды көздейді.«Бұл біздің азаматтарымыз үшін қазіргідей қиын уақыттары маңызды көмек болып табылады, ? деді Н.Нығматулин. ? Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған маңызды басымдықтардың бірі халықтың әл-ауқаты туралы қамқорлық, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру екенін сіздер жақсы білесздер. Бүгінгі меморандум осы міндеттерге жауап береді». Өңір басшысы жаһандық экономикалық дағдарыстардан туындаған қиыншылықтарға қарамастан «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС әлеуметтік жауапкершілік жөніндегің өзінің міндеттемелерін сақтап қалғанын атап өтті.