Қазақмыс тобы «Металлург жəне кен байытушы күнін» атап өтуге 108 миллионнан астам теңге бөлді
АЛМАТЫ. 18 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өткен демалыс күндері еліміздің барлық өңірінде металургтер мен кен байытушылар төл мерекелерін атап өтті.
Жыл сайынғы дəстүр бойынша өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері марапатталып, спорт жарыстары мен мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, бұл іс-шараларға Қазақмыс тобы 108 миллионнан астам теңге бөлген.
«Бүгінгі күні біз металлургтер мен кен байытушылардың еңбегіне басымызды иеміз. Мұндай мерекелер қоғамға, əсіресе, жастарға металлург мамандығының маңызды əрі сұранысқа ие екендігін паш етуге септігін тигізеді. Жалпы ел экономикасының өркендеуіне баға жетпестей нақты үлестерін қосып келе жатқан азаматтардың беделін жоғарылата беруге көмегін тигізеді» - дейді Қазақмыс тобының Директорлары кеңесінің мүшесі, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Эдуард Огай.