«Қазақмыс» тобы «Самұрық-Қазына» қорына Екібастұз ГРЭС-1 стансысындағы қатысу үлесінің 50 пайызын сату жөніндегі мәміленің аяқталғанын хабарлады

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» тобы Екібастұз ГРЭС-1 стансысындағы қатысу үлесінің 50 пайызын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына сатуына қатысты жасасқан мәміленің аяқталғаны туралы хабарлайды.
None
None

Мәміленің сомасы 681 миллион АҚШ долларын құрады.

Тараптар бірлескен қадағалау кеңесін құру, сондай-ақ «Қазақмыс» тобы мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасындағы операциялық басқарудың алмасуы жайлы шарт жасасты. Бастапқы бес жылда электр стансысын «Қазақмыс» тобының менеджерлері басқаратын болады, делінген компанияның баспасөз баянында.

Кейінгі жеті жыл ішінде Топ стансының негізгі генерацияланушы активтерін түрлендіруді жоспарлап отыр. Инвестициялардың болжалды ауқымы 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. 2017 жылға дейінгі бұл инвестициялық бағдарлама жұмыс істемей тұрған үш энергоблокты пайдалануға беруді, электр стансысының жобалық қуаттылығын 2500 МВт-тан 4000 МВт-қа жеткізіп қалпына келтіруді, және де электр сүзгілерін бірте-бірте орнатуды қамтып отыр.

«Қазақмыс» тобы (Қазақмыс ПЛС) табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады және мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясы, сонымен қатар мұнай өндіру салаларында аса қомақты қатысу үлесі бар.

Соңғы жаңалықтар