Қазақмыс Тобының Операциялық бас директоры болып Сергей Дяченко тағайындалды

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» Тобының Операциялық бас директоры болып Сергей Дяченко тағайындалды,

Қазақмыс  Тобының    Операциялық  бас директоры болып  Сергей  Дяченко   тағайындалды

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Сергей Дяченко - Г.В.Плеханов атындағы Ленинград тау-кен институтының түлегі, Ресей Ғылым Академиясының Кольск филиалының аспиранты. Претория Университеті (ОАР) Гордон атындағы бизнес-ғылым институтында МВА дәрежесіне ие болған. Тау-кен өндіру саласында 25 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар Дяченко De Beers және Rio Tinto секілді компанияларда басшылық лауазымдарында болған.

«Бізге келгеніне көп бола қоймаса да Сергей Дяченко кәсіпорындарымыздың қызметіне елеулі үлес қосып отыр және біз оның жаңа лауазымды қабылдағанына қуаныштымыз. Сергей Дяченко сияқты басшылардың бірегей тәжірибесі мен білімдері компаниямызға операциялық қызметтердің одан әрі тұрақты дамуына септігін тигізетіні анық», дейді Қазақмыс Тобының басқарушы Бас директоры Олег Новачук.