«Қазақмыс» жұмысшысынан пара алған шенеунік қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қарағанды облыстық департаменті Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қалалары және Ұлытау, Жаңаарқа аудандары бойынша еңбек заңнамасының сақталуын бақылау бөлімінің жетекшісі А.Байсалбаевтың заңға қайшы әрекеттерін әшкере етті.

«Қазақмыс» жұмысшысынан пара алған шенеунік қолға түсті

Мәлім болғандай, Байсалбаев А. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмысшысынан кәсіпорындағы еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері жөніндегі тексеру фактісі бойынша оң тұжырым беру үшін  640 000 теңге пара алған.

Қазіргі уақытта  Байсалбаев А. Қарағанды қ. ІІД уақытша қамау абақтысында отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүруде.