«Қазақмыстың» таэквондошылары халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақмыс» компаниясының балалар мен жасөспірімдер командасы Ресейдің Челябі қаласында шығыс жекпе-жегі - таэквондодан өткен VI халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды,

«Қазақмыстың» таэквондошылары халықаралық турнирдің 
жеңімпазы атанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталмыш бәсеке ағымдағы жылғы мамыр айының 1-і мен 3-і аралығында өткен. Оған Ресей, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан сияқты мемлекеттерден жалпы саны мың адамды құрайтын 60 команда қатысқан. Ал қазақмыстықтар командалық есепте бірінші орынды жеңіп алған. Қазір «Қазақмыс» компаниясы атынан шыққан команда құрамында 8 мен 16 жас аралығындағы 18 адам бар. Бұл жезқазғандық спорт орталығы өрендерінің таэквондо спортынан қол жеткізген алғашқы ірі жетістіктері болып отыр. Байрақты бәсекеде Анастасия Нюгай бірінші орынды иеленсе, Емберген Батырлан, Антон Матроницкий, Анна Трухина және Вероника Векшиналар үшінші орынды еншіледі. Жүлде алғандардың арасында мұндай ірі жарыстарға алғаш рет қатысып отырғандар да бар. «Қазақмыс» компаниясы осындай дарынды жастардың бойындағы мүмкіндіктерді ашып, шеберліктерін шыңдауға ұдайы үлес қосып, қолғабыс етіп отырады. Біз компания басшылығына ризамыз. Өйткені осы игі істің арқасында жастарымыз өзге мемлекетте жүріп, елінің, жерінің намысын қорғай білді. Жоғары деңгейдегі мұндай жарыстар спортшылардың біліктілігін арттырып, тәжірибесін жетілдіреді. Сондықтан мен оларға алдағы уақытта да сәттілік пен жемісті еңбек тілеймін», - дейді Таэквондо спорт орталығының директоры Нұрлан Алтынбеков.