«ҚазАқпарат» агенттігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған ашық байқаудың жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «ҚазҰУ - білім беру мен ғылымның көшбасшысы» атты журналистер мен БАҚ арасындағы ашық шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚазАқпарат» - байқаудың «Ең үздік ақпарат агенттігі» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.Университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов ұжымға Құрмет дипломы мен естелік медаль, сонымен қатар арнайы сыйлық табыстады.
Әріптесіміз, «ҚазАқпарат» Алматы бөлімшесінің тілшісі Айгүл Тұрысбекова «Ең үздік жарияланымы үшін» аталымында Қазақстан Журналистика академиясының дипломымен, естелік медалімен марапатталды.