09:15, 09 Мамыр 2010 | GMT +5
«ҚазАқпарат» агенттігі ардагерлерді Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтайды
АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат - Қадірлі ардагерлер, Сіздерді Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Соңғы жылдары біздің тарихымыздың фактілері қалай өзгермесін, бұл күн баршамыздың сүйікті, қымбат, азалы, бірақ сонымен бірге жарқын мереке болып қала береді. Жеңістің қандай бағамен келгенін және бейбіт өмірді бізге кімдердің сыйлағанын біз ешқашан ұмытпаймыз.
Құрметті ардагерлер, Сіздерге мықты денсаулық, таусылмас бақыт және көтеріңкі көңіл тілейміз!
Шынайы тілекпен, «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымы.