«ҚазАқпарат» агенттігі отандастарымызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды

АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат - Құрметті қазақстандықтар, сіздерді бүгінгі тамаша мерекемен - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
None
None

Бұл маңызды мереке, себебі тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі көпұлттық республикамызды мекен ететін халықтардың арасындағы келісім мен еліміздегі тыныштық. Сіздерге бақыт, денсаулық, сәттілік, ашық аспан және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз. Бүгінгі мереке бақытты күндердің қатарындағы нағыз бақытты күндердің бірі болсын. Және ондай күндер жалғаса берсін.

Шынайы тілекпен, «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымы.

Қазақстан халқының бірлігі күні - Мемлекеттік мейрам. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап атап өтіледі. 140-тан астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл мереке дәстүрлі мейрамдардың біріне айналды.

Соңғы жаңалықтар