ҚазАқпарат агенттігі «ЗачОт-212» байқауының 2 аталымы бойынша жеңімпаз атанды

АЛМАТЫ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстандағы білім тақырыптарына үздік жарияланымдар бойынша БАҚ редакциялары мен авторлар арасындағы «ЗачОт-2012» ІV республикалық байқауының қорытындысы жарияланды.
None
None

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараны Халықаралық бизнес академиясы Қазақстандық баспасөз клубымен бірлесіп ұйымдастырды.

«Қазіргі уақытта білім берудің маңызы мен қоғамдағы орны күн санап өсіп келеді. Ал білім саласының тақырыптарын кәсіби тұрғыдан жазып, оның өзекті мәселелерін дер кезінде көтере білген бұқаралық ақпарат құралдарының еңбегін бағалау өте орынды деп білеміз. Ал біздің Халықаралық бизнес академиясы Қазақстандағы жетекші бизнес жоғары оқу орны ретінде білім саласында қызмет істеп жүрген БАҚ өкілдеріне арналған аталмыш байқауды өткізуді осыдан 4 жыл бұрын бастаған еді», - дейді Халықаралық бизнес академиясының ректоры, педагогика ғылымының докторы Такир Балықбаев. Оның айтуынша, кезекті қорытындысы шығып отырған бұл шарада биыл жеңімпаздар 24 аталым бойынша анықталып отыр. Оның ішінде ҚазАқпарат агенттігі 2 аталымда үздік деп танылды. Атап айтқанда, агенттік «Орыс тілінде білім саласының жаңалықтарын жедел жариялау», ал агенттіктің Алматы қаласындағы қосынының тілшісі Ерлік Кебекбай «Қазақ тілінде білім білім саласының жаңалықтарын жедел жариялау» аталымында озық атанып отыр.

Соңғы жаңалықтар