«ҚазАқпарат» агенттігінің сайты - шетелдік отандастарымыз үшін әртүрлі тілде ақпараттар табуға болатын бірден-бір қолжетімді дереккөз - ДҚҚ

АЛМАТЫ. 19 қараша. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан жылдың маңызды оқиғаларының бірі - ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1992 жылы күзде құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының (ДҚҚ) 20 жылдығы.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат журналисіне Қауымдастықтың сараптама орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаева айтты. 

Ол ағымдағы жылдың 12-13 қазан күндері Алматыда ұйымның осы мерейтойына арналған шаралар өткенін еске салды. Олардың арасында «Этникалық қазақтарды Қазақстанға қоныстандыру мемлекеттік көші-қон саясатының құрамдас бөлігі: жетістіктер, проблемалар және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық коннференция, жас ақындардың (мүшайра) және терме орындаушылардың халықаралық байқауы, халықтық қолданбалы өнер көрмесі,  ДҚҚ жаңа басылымдарының таныстырылымы, «Қазақстан және шетелдік қазақтар», «Қоныстандыру - қазақ халқын топтастыру» кітап көрмелері, қоғамдық жұртшылықтың қатысуымен салтанатты жинаныс өткенін айтуға болады. Бірқатар шаралар Павлодар мен Көкшетауда да өтті.  

 «Одан бері айдан астам уақыт өтті, алайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына әлемнің көптеген елдеріндегі қазақ диаспорасы өкілдерінен сүйінішті хаттар тасқыны ағылып келіп жатыр. Әрбір хатта дерлік олар осы шаралардың өткізілгеніне ғана емес, БАҚ-тың белсенді жарияланымдарына зор ризашылықтарын білдіреді, соның арқасында олар тарихи отандарында болып жатқан барлық оқиғалардан құлағдар болып отырады», - деді К.Балтабаева.

Айталық, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Сарыарқа самалы» (Павлодар), «Солтүстік Қазақстан» (Петропавл), «Вечерний Алматы», «Новое поколение», «Литер», «Учительская Плюс» (Қостанай), «Кыргыз туусу» (Бішкек) газеттері, «Туған тіл» альманағы, «ҚазАқпарат», Bnews, Interfax және басқа да ақпарат агенттіктері зор ақпараттық қолдау көрсетті.

ДҚҚ өкілінің айтуынша, радио мен теледидар хабарларын қоспағанда, 100-ден астам жарияланымдар жарық көрді. Ресейдегі, Моңғолиядағы, Қытайдағы, Ауғанстандағы, Швециядағы, Қырғызстандағы этникалық қазақтардың пікірлеріне «Казахстанская правда» елеулі орын берді. Әсіресе «ҚазАқпараттың» Алматыдағы тілшілер қосынының жедел жұмысы атап өтілді.

«Бүгінде бұл шетелдік қазақ диаспорасына қолжетіәмді бірден-бір веб-сайт, одан қазақ және орыс тілдерінде ғана емес, ағылшын тіліндегі ақпараттарды да табуға болады. Сонымен қатар, «ҚазАқпарат» қана қазақ диаспорасының нақты жағдайын тап басып, қазақ жазуының үш нұсқасымен - төте жазумен (араб қарпімен), кириллицамен және латиницамен хабар таратуда. Осы жылғы қазанның 5-і мен 30-ы аралығында конференция тақырыбы бойынша агенттік сайтында 12 жарияланым таратылғанын айтсақ та жеткілікті», - деп атап өтті К.Балтабаева. 

Оның айтуынша, «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінің материалдарында қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыстарды орнату және дамыту, шетелдердегі қазақ қандастарымызды тарихзи отанына қоныстандыру және бүкіл халықты біріктіру жөніндегі Мемлекет басшысының көрнекті рөлі көрініс тапқан. Жарияланымдарда қоныстанушылардың жаңа жағдайға бейімделуі және жергілікті халықпен мидай араласып, біте қайнасуы, олардың азаматтық белсенділігі, елдің зияткерлік әлеуетінің өсуі халқымызды топтастырудың ең жақсы дәлелі екені баса айтылған.

«ҚазАқпарат» материалдарына сол бойда басқа веб-сайттар сілтеме жасап жатады, олардың арасында шетелдердегі қазақ мәдени орталықтары да бар. Мәселен, Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясы (Самара), Мәскеу аймақтық «Қазақ тілі» қоғамы және басқалары жан сүйсінер игі хабарларды сүйіншілеп жатады.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығы осындай жарияланымдар мемлекеттік қызметшілер мен ел азаматтарының шет елдерден келген қазақтарды қоныстандыру жағдайы, қазіргі  қазақ диаспорасының жай-күйі, олардың тарихи отандарымен орнықты байланыстарын сақтау мен дамыту қажеттігі жөніндегі білім деңгейлерін арттыруға жәрдемдеседі деген сенімде. Шетелдік қазақтардың өмірі және оралмандардың Қазақстанға жерсінуі туралы сындарлы мақалалар, сұхбаттар мен жаңалықтар біздің қоғамымыздың рухани-адамгершілік жағынан жаңаруына, бүгінде әлемнің 42 елінде тұрып жатқан отандастарымызбен байланыстарды нығайта түсуге игі ықпал етеді. 

Соңғы жаңалықтар