«ҚазАқпарат» ақпарат агенттігіне жаңа бас директор тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымына жаңа бас директор - Әсел Төлегенованы таныстырды.
None
None

Ұжыммен кездесу барысында министр ақпарат агенттігін тоғыз жыл басқарған Дәурен Дияровқа алғыс айтып, жаңа басшының алдына жаңа міндеттер жүктеді.

Әсел Төлегенова әр жылдары аймақтық және республикалық телеарналарда журналист, жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы қызметін атқарған. Төрт жылдан астам уақыт бойы Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы, кейін ақпараттық порталдың бас редакторы болды.

«Журналистер Әселді өз ісінің нағыз маманы, талантты басшы ретінде  біледі. Жаңа қызметінде оған ең мықты жоспарларын жүзеге асыруға тілектеспін. Бүгінгі таңда жаңалықтар ресурстарының арасындағы бәсеке мықты, сондықтан ғасырға жуық тарихы бар «ҚазАқпараттың» медиа саласындағы рейтингте топ жаруы үшін күрделі модернизация қажет», - деді Д.Абаев.

Соңғы жаңалықтар