«ҚазАқпарат» әлемдік агенттіктермен 18 меморандумға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрайымы Нұргүл Мәуберлинова Қазақстандағы басты ақпарат агенттіктерінің жұмысының тенденциясы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ҚазАқпарат» әлемдік агенттіктермен 18 меморандумға қол қойды

«ҚазАқпарат» ХАА мен «Қазконтент» АҚ-ның мемлекеттік активтері контент пен интернет-порталдардың сапасын арттыруда үлкен жұмыс атқарды. Осы жұмыстардың нәтижесі ретінде рейтингті көрсеткіштерді атап өтуге болады. Рейтингке сәйкес, «Қазконтент» ресурстары белсенділігі жағынан ТОП-6 қатарына енді. «ҚазАқпарат» ХАА-ның негізгі нәтижелерінің бірі ретінде 2016 жылдан қарағанда сайтқа кірушілердің 21 пайызға артқанын атап өтуге болады. Халықаралық серіктестікті нығайту мақсатында «ҚазАқпарат» әлемдік агенттіктермен 18 меморандумға қол қойды», - дейді дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Нұргүл Мәуберлинова.

Оның айтуынша, министрліктің мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа өзгеріс енгізілген.

«2017 жылы бізде мемлекеттік емес БАҚ-тардың ақпараттық материалдары мен аудио-бейне өнімдерінің тарифі мен әдістемесінің құны қайта қаралды. Осының арқасында негізгі басымдық саннан гөрі сапаға беріле бастады. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс арқылы жасалған өнім Аймақтық БАҚ Альянсы арқылы аймақтық телеарналарға жолданады», - дейді ол.