ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 18-24 сәуір аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None

ЕЛБАСЫ

18 сәуірде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясы өтеді .

ҮКІМЕТ

Дүйсенбі күні, 18 сәуірде Үкіметтің арнайы отырысы өтеді.

АСТАНА

9 сәуірден 15 маусымға дейін Астананың Жеңіс және Иманов көшелерінде жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

18 сәуірде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен "Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшіліктің, келісімнің және ынтымақтың 20 жылы" деген тақырыппен Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясы өтеді .

18-19 сәуірде «Думан» қонақүйінде «Еуропа Кеңесіне кірмейтін мемлекеттермен бірге қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің тетігі» деген тақырыпта халықаралық конференция болады.

18 сәуірде Астана әкімдігінің алдында Батыс Қазақстанның су тасқынынан зардап шегіп отырған халқына гуманитарлық жүк жөнелту акциясы өтеді.

18 сәуірде BNews.kz порталының студиясында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқармасының төрағасы Айдын Құлсейітовтың қатысуымен оnline-конференция болады.

18 сәуірде Қазақстан-Ресей университетінде өзге ұлт өкілдерінің арасында «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты Абай оқуларының қалалық конкурсы өтеді.

21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» Мемлекеттік бағдарламасы құжаттарда (1997-2004 жж.)» атты жинақтың тұсаукесер рәсімін өткізеді.

23 сәуір күні Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді.

АЛМАТЫ

18 сәуірде Қазақтың Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінде «Темпус» жобасы аясындағы «Су ресурстарын басқару» бірлескен магистрлық бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі халықаралық семинар-тренинг және жобаны басқару жөніндегі үйлестіру кеңесі өтеді.

18 сәуірде КИМЭП-те Орталық Азияның және Ауғанстанның шағын және ортақ бизнес өкілдері мен іскерлік қауымдастық өкілдерінің қатысуымен тауарлар жәрмеңкесі өтеді.

18 сәуірде Жамбыл Жабаев ескерткішінің алдында Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Ескерткіштер - ел тарихы» шарасы өтеді.

18 сәуірде Қазақстандық баспасөз клубында «Аккредитация саласындағы жұмыстардың нәтижелері. Қазақстандық экспорттаушылар ILAC-MRA белгісін пайдалану құқығына ие болды» деген тақырыпта ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтеді.

18 сәуірде Алматыда «Қайрат» клубының ардагерлері мен Қазақстанның спорттық журналистері қауымдастығы өкілдерінің арасында жолдастық кездесу өтеді.

20 сәуірде Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамблінің мүшесі болған марқұм Бақытжан Жұмаділовты еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтеді


АЙМАҚ

Алматы облысы бойынша «Даму» аймақтық қоры 18 сәуірден бастап он екі кәсіпкерді «Назарбаев Университетінің» Бизнес мектебіне оқуға жібереді

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

СӘУІРДІҢ 18-І, ДҮЙСЕНБІ

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

ОҚИҒАЛАР

16 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту туралы» және «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру туралы» Жарлығы баспасөз бетінде жарық көрді.

15 жыл бұрын (1996) Алматыда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер өкілдерінің халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.

6 жыл бұрын (2005) қазақстандық эколог Қайша Атаханова алғашқы рет қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі үшін халықаралық Голдман сыйлығының иегері атанды.

Қайша Атаханова - төмен және орташарадиоактивті қалдықтарды басқа мемлекеттерден Қазақстанға әкеліп келуіне наразылық науқанын ұйымдастырған. Ол - биолог, радиактивті сәулелердің зардаптарын зерттейтін маман, Қарағандыдағы экологиялық орталықтың негізін қалаушысы және жетекшісі.

Экологиялық Голдман сыйлығын 1990 жылы қоғам қайраткері Ричард Голдманмен және оның жұбайы Родо бекіткен.

Сыйлықты жыл сайын Африка, Азия, Еуропа, Аралдар және Аралдардағы мемлекеттер, Солтүстік Америка, және Оңтүстік және Орталық Америкадағы аймақтардағы ғылыми-өндірістік бірлестіктің белсенділеріне береді. 15 жыл ішінде Голдман сыйлығын 65 елдің 107 табиғат қорғаушылары алған. Экологиялық сыйлықтың иегерлерін, бүкіләлемдік желі ұсынған экологиялық ұйымдар және жеке тұлғаларды халықаралық қазылар алқасы сайлайды.

4 жыл бұрын (2007) Алматыда алғашқы рет Орталық Азияда, Қазақстандағы БҰҰ-ның өкілі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірге Азия мен Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік ахуалды бақылайтын «Белгісіз уақыт алдыңғы толқын арқылы» атты тұсау кесер рәсімі өтті.

Азия мен Тынық мұхиты елдеріндегі БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО БҰҰ) дайындаған бақылаудың тұсау кесер рәсімі бір уақытта әлемнің жиырма қаласында өтті. Құжат 2006 жылғы Азия мен Тынық мұхит аймағындағы әсерлі әлеуметтік-экономикалық өсуді бақылады. Бақылаудың ерекше бір бөлімі жыныстық кемсіту мәселесіне арналған.

3 жыл бұрын (2008) Бакуде Әзірбайжандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жаңа ғимаратқа көшуіне орай, Қазақстан Республикасының Туын көтеру құрметіне байланысты салтанатты шара өтті. Республикамыздың Әнұраны шырқалып, Туды көтеру рәсіміне Бакуде тіркелген дипломатиялық корпустың, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

2 жыл бұрын (2009) елордада Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарымен жаңа парламенттік аллея салынды. Олар белгіленген орынға 155 түп ағаш көшеттерін отырғызды.

135 жыл бұрын (1876) Осман империясының боданында болған Болгарияда ұлт азаттық көтерілісі басталды.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1911-1991) жазушы, аудармашы АҚЫШЕВ Зейтін дүниеге келді.

Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Омбы жұмысшы факультетін, Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Алматыдағы Оқу-педагогика баспасының аға редакторы, редакция меңгерушісі, бас редакторы, «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі аппаратының аудармашы редакторы, Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясының аға ғылыми редакторы болды.

«Ағаш үй» атты өлеңі тұңғыш рет 1930 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта оның көптеген әңгімелері, повестері, романдары басылды. Олардың бірталайы орыс тіліне аударылған. Драматургия саласында да жемісті еңбек етіп, «Жаяу Мұса», «Келіншек» атты туындыларын жазды. Сонымен қатар В.Панованың «Куржилиха» романын, А.Куприннің «Жекпе-жек», Я.Коластың «Талап атай» повестерін қазақ тіліне аударған.

75 жыл бұрын (1936) қоғам қайраткері ҚАРБАЕВ Қайреден дүниеге келді.

Ақмола облысының Астрахан ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1972-1973 жылдары - Астрахан аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1973-1977 жылдары - Макин аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1977-1989 жылдары - Теңіз, Атбасар аудандары партия комитетінің бірінші хатшысы. 1989-1992 жылдары - Целиноград облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - Ақмола облыстық кеңесінің төрағасы. 1994 жылы зейнет демалысына шыққан. 1996 жылдан бастап «Қыпшақ» ЖШС-і басқармасының төрағасы.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен марапатталған.

СӘУІРДІҢ 19-Ы, СЕЙСЕНБІ

Плайя-Хирондағы (Куба) жеңістің жылдығы. Куба көтерілісінің жеңісінен кейін (1953-1959) АҚШ Батыстағы алғашқы социалистік көтерілісті тұншықтыру үшін барлық саяси, экономикалық және әскери құралдарды пайдалануға тырысты. Сәуірдің 19-ында американдық контрреволюционерлер толығымен талқандалды. АҚШ басына маңызды саяси залал келтіріліп, халықаралық аренада оқшау қалды, ал Куба біржолата социалистік даму жолын таңдады.

ОҚИҒАЛАР

276 жыл бұрын (1735) Орынбор қаласының негізі қаланды. 1920-1925 жылдары Қазақстанның астанасы болды.

51 жыл бұрын (1960) Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасын толтыру жұмысы басталды.

15 жыл бұрын (1996) Алматыда Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанова тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

6 жыл бұрын (2005) Өскеменде Қазақстандағы бірінші экологиялық мұражай ашылды.

6 жыл бұрын (2005) Иракта қаза болған Қазақстанның жауынгер-бітімгерші капитан Қайрат Құдабаевқа (1975-2005) арналған Алматы облысының Қапшағай қаласында оған өзі қызмет еткен бөлімнің жанына ескерткіш тас орнатылды.

Ескерткіш тасты дайындауға және орнатуға қаражатты десант-шабуыл жасаушы бригадасының әскери қызметкерлері жинады.

4 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениетаралық диалог орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мәдениетаралық диалог орталығының жобасы БҰҰ-мен жариялаған «Әлем балалары мен жастар мүддесіндегі әлем мәдениеті» (2001-2010 жж.) Халықаралық онжылдық аясында және жастарды ұлтаралық және мәдениетаралық сезіммен тәрбиелеуге толықтай сәйкес келеді.

4 жыл бұрын (2007) Қарағандыда «ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесі» қауымдастығы өкілдігі ашылды. Қауымдастық Еуразиялық экономикалық қоғамдастық ауқымында қызмет істейді.

1 жыл бұрын (2010) Түркияның маңызды экономикалық және мәдени аймағы болып табылатын Конья провинциясында Қазақстанның Құрметті консульдығы салтанатты түрде ашылды.

Ашылу салтанатына Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу, Түркия Республикасының Мемлекеттік министрі Эгемен Багыш, Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Бағдат Әміреев, Конья провинциясының губернаторы Айдын Незих Доган, қала мэрі Тахир Акйюрек, елдің қоғамдық-саяси және іскер қауымдастықтары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада сөйлеген Түркия сыртқы істер министрі А. Давутоглу осы аймақта да, бүкіл әлемдік аренада да біздің еліміз беделінің өсе түскенін атап көрсетіп, идеялық дем берушісі Елбасы Н. Назарбаев болып табылатын мемлекеттің дәл қазір түркі халықтары бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарып отырғанын айтты. Түркияның стратегиялық әріптесі ретінде Қазақстанмен арадағы мұндай игі істер екі халықты бұрынғыдан да жақындата түседі, деп мәлімдеді ол.

Қазақстан елшісі өз сөзінде», бұл шара Қазақстан Президентінің өткен жылғы қазанда осы елге жасаған ресми сапары барысында қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы келісімді жүзеге асыру нәтижесінің жарқын көрінісі», деп атап көрсетті.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстанның Француз Республикасындағы Елшісі Нұрлан Дәненов француздың Лез Ансиз қаласында «УКАД» қазақстан-француз бірлескен металлургиялық кәсіпорнының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Кәсіпорын титан өндірісін бірлесіп дамыту туралы Қазақстан және Франция президенттерінің арасындағы келісімге және 2008 жылдың маусым айында Өскемен титан-магний комбинаты мен француздың «Обер э Дюваль» және «ЕАДС-Эйрбас» компаниялары арасында қол қойылған келісімге сәйкес құрылып отыр.

Қазақстан-француз кәсіпорыны Францияның әуе өнеркәсібі үшін титан бөлшектерін шығаратын болады. Өндірісті 2011 жылы бастау жоспарлануда.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында Ел бірлігі доктринасының жобасы қаралып мақұлданды. Отырысқа қатысқандар Қазақстан Ел бірлігі доктринасы жобасын жөндеу және қортынды ұсыныс жасау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынысын қарастырды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің құжаттарын талқылау қортындысы бойынша доктрина жобасын мақұлдау шешімі қабылданды.

90 жыл бұрын (1921) Қазақ КСР-інің Халық комиссарлары кеңесі кітапхана ісін орталықтандыру туралы декрет қабылдады.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1916-1991) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мал дәрігері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЦОЙ Лаврентий Иванович дүниеге келді.

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген. 1944-1948 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академии Эксперименттік биология институтының кіші қызметкері, Ақтөбе мал шаруашылық тәжірибе стансасының аға ғылыми қызметкері. 1948-1953 жылдары - республиканың қой өсіретін шаруашылықтарында зоотехник. 1953-1960 жылдары - Шымкент мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры. 1960 жылдан Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының доценті, 1973 жылдан кафедра меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері қой селекциясына және оны өсіру мәселелеріне арналған. Ол оңтүстік қазақ мериносын шығарушылардың бірі.

80 жыл бұрын (1931) анатом, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі РАҚЫШЕВ Алшынбай Рақышұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Қарағанды медицина институтын және аспирантурасын бітірген. 1960-1964 жылдары осы институттың ассистенті, анатомия кафедрасының доценті болған. 1964-1966 жылдары - Целиноград медицина институтының кафедра меңгерушісі, оқу, және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 1966-1968 жылдары - КСРО ҒА Физиология институтының аға ғылыми қызмекері қызметтерін атқарған. 1968 жылдан бастап Алматы мемлекеттік медицина институтының профессоры, анатомия кафедрасының құрметті меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры. Негізгі ғылыми еңбектері адам және жануарлар анатомиясына арналған.

СӘУІРДІҢ 20-Ы, СӘРСЕНБІ

Халықаралық хатшылар күні. АҚШ-та 1952 жылдан бастап Халықаралық хатшылар күні аталып өтеді. Бұл күн АҚШ-та дәстүрге айналған Әкімшілік кәсіпқой қызметкерлерінің аптасы аясында өтеді. Мейрам сәуірдің соңғы толық аптасының сейсенбісінде тойланады. Қазір бұл мейрамды тек қана хатшылар ғана емес, сонымен қатар директор көмекшісі, офис-менеджерлері мен ассистенттер де, жалпы кеңсе жұмыстарымен байланысты қызметкерлер тойлайды.

Израиль Республикасының ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1948). Израиль Батыс Азияда, Жерорта теңізінің Шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы - Тель-Авив қаласы. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы орган - бір палаталы парламент. Ресми тілі - иврит және араб тілдері. Ақша бірлігі - шекель.

Қазақстан Республикасы мен Израиль Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 10-ында орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

81 жыл бұрын (1930) ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының Мұхамеджан Тынышбаев бастаған 20-дан астам мүшесі жазаланды. Осы топпен бірге істі болған Мұхтар Әуезов, Уәлихан Омаров, Біләл Сүлеев, Әлімхан Ермеков алдын-ала тергеу кезінде түрмеде отырған уақыты есепке алынып, босатылды.

15 жыл бұрын (1996) қоғамдық «Азамат» қозғалысы құрылды.

11 жыл бұрын (2000) Ташкентте Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның президенттері аймақтық қауіпсіздік сұрақтары бойынша кездесу өткізді.

Президенттер Н.Назарбаев, Э.Рахмонов, А.Ақаев және И.Кәрімов терроризмге, саяси және діни экстремизмге, ұлтаралық ұйымдасқан қылмыспен және тұрақтылық пен қауіпсіздікке басқа да төнген қауіп бойынша бірлескен келісім шартқа қол қойды.

9 жыл бұрын (2002) Қарағандыда журналистердің облыстық 1-ші форумы өтті. Форум жұмысына 140-тан астам адам қатысты.

5 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығында Қарағанды аймақтық бөлімшесі аумағында екінші молекулярлы-генетикалық зертхананың ашылуы өтті. Қарағанды зертханасы соттар мен құқық қорғау органдарының кісі өлтіруді, ауыр дене жарақаттарын, зорлауды, танылмаған және бөлшектенген мәйіттерді, балаларды ауыстыру, жоғалту, ұрлауды тергеу жүргізу кезінде теңдестірушілік мақсаттары үшін молекулярлы-генетикалық сараптамадағы қажеттіктерді қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары осы сараптаманы талап етушілік бірнеше есе артты. Қазіргі уақытта сараптама әкелікті немесе аналықты анықтау сияқты азаматтық істерді шешуде де тиімді қолданылады. Молекулярлы-генетикалық зертхана ДНК-ны анықтау мен зерттеуге арналған қазіргі заманға сай арнайы құралдар мен реактивтер кешенімен жабдықталған. Төрт капиллярлы генетикалық талдау көмегімен сарапшылық зерттеудің бір бөлігі зерттеу тиімділігін арттыруға және сараптама жүргізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған тәртіпте жүргізілетін болады. Қазіргі кезде барлық үш қазақстандық зертхана жабдықталған «Applied Biosystems» фирмасының генетикалық талдауышын аталған фирманың Қазақстандағы ресми өкілі «Медикус Евразия» ЖШС орнатты. Сонымен қатар осы фирманың мамандары Сот сараптамасы орталығының сарапшыларына оқыту семинарын өткізді. Алдағы уақытта сот молекулярлы-генетикалық сараптаманы тағайындау, өндірісті ұйымдастыру және сарапшы қорытындыларын бағалау мәселелері бойынша соттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізіледі. Алғашқы сот молекулярлы-генетикалық зертхана 2001 жылы Орталық Алматы зертханасында ашылған болатын, онда жыл сайын қылмыстық және азаматтық істер бойынша 300-ден астам зерттеулер жүргізіледі.

4 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ертіс», «Оңтүстік» және «Жетісу» атты үш әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Әлеуметтік кәіспкерлік корпорациялардың басты қызметі инвестициялар тарта отырып, жергілікті жерлердегі жаңа жобаларды жүзеге асыру. Сөйтіп өңірдегі халықтың мұң-мұқтажын шешуге қол ұшын беру.

4 жыл бұрын (2007) Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында өткен бильярд спортынан «Құрастырмалы пирамида» І Әлем Кубогы ашылу барысында Қазақстан Республикасының Бильярд спорты федерациясының президенті Аңсар Қаранеев «Пирамида» Халықаралық комитетінің «Алтын белгі» медалімен марапатталды.

Бильярд спорты федерациясының президенті Қазақстандағы бильярдтың дамуына өзінің үлесін қосқан үшін аталған сыйлыққа ие болды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Менің отаным - Қазақстан» сериясымен жарық көрген «Қазығұрт» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Қазығұрт өлкесінің қасиеті жөнінде бұған дейін дәл мұндайлық толымды еңбек жарық көрген емес. Сондықтан да бүгін осы кемістіктің орны толды деп айтуға болады. Бұл кітаппен танысқан әрбір адам өзінің елі, халқы, жері үшін мақтаныш сезімде болады деп ойлаймын. Ал бұл дегеніміз біздің жиі айтып жүрген отаншылдық тәрбиесінің үлкен тетігі болып табылады», деді шара барысында сөз сөйлеген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Әбдірахманов.

Кітапта Қазығұрт өңірінің арғы-бергі тарихи жүйелі жазылған. Қазығұрт тауына қатысты Нұқ пайғамбардың кемесі жайлы аңыздың мәлім әрі беймәлім сырлары да әсерлі баяндалған. Түрік қағанатының билеушісі Истеми, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Александр Македонский, Тұман ханым, Абылай хан, Төле би сынды айтулы тарихи тұлғалардың өмірлеріне қатысты деректер Қазығұрт бойында өткен оқиғалармен ұштастыра суреттелген. Сонымен қатар ауданның таңғажайып табиғаты, жан-жануарлар әлемі, өсімдіктер дүниесі және әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани келбеті жайлы да нақты деректерді таба аласыз. Басылымдағы мәліметтер кез-келген азаматтың қажетіне жарары сөзсіз.

«Қазығұрт» кітабының таныстырылымына көрнекті ақын-жазушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері, тарихшылар, Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты ХВАН Вадим Терентьевич дүниеге келді.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. И.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген. КСРО Мемлекттік сыйлығының лауреаты, КСРО Көркем академиясының корреспондент мүшесі, профессор А.Жуканың шеберханасынан дәріс алған. Ол Алматы қаласындағы «Арасан» емдеу-сауықтыру кешенінің авторы(сәулетшілер Мұрат Оспанов, Көпсекбай Төлебаевтармен бірлесіп). «Қазақстан» қонақ үйінің жобасын жасауға қатысқан.

СӘУІРДІҢ 21-І, БЕЙСЕНБІ

Рим қаласының іргетасы қаланған күн. Б.д.д. 753 жыл- Ромулдың (Ромул мен Рем - аңызға айналған ағайынды Римнің негізін қалаушылар) Рим қаласының негізін қалаған күні саналады. Атақты тарихшы Марк Теренций Варронның жазбаларына сүйене отырып, осындай тоқтам жасалған. Римнің туған күнінде қаланың қақпасы Рим тұрғындарымен қатар, бүкіләлемнің бар түкпірінен жиналатын сан мыңдаған туристер үшін символикалық түрде ашылады. 2004 жылдан бастап «Рим құдайы» конкурсы өткізіледі. Оған Италияда тұратын немесе кезінде Рим империясының бір бөлігі болған елде тұратын 18 бен 30 жас аралығындағы конкурсанттар қатыса алады. Қыздар өн бойына римдік әйел мен ішкі жан дүние сұлулығы идеалын жинақтағанын көрсетуі қажет. Жеңімпаз сыйлық ретінде римдіктердің дәстүрлі киімін киген итальяндықтар мен шетелдіктер қатысатын дәстүрлі тарихи кортеждің басында жүру мүмкіндігіне ие болады. Барлық оқиға дәстүрлі рим музыкасы және итальян асханасымен үйлесім тауып отырады.

ОҚИҒАЛАР

11 жыл бұрын (2000) елімізде Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күніне байланысты «Үшмыңжылдықтағы кітаптар - шетелде» деген атпен көрме өтті. Бұл көрмеге республикамыздағы басты басылымдар, жоғары оқу орындарының баспа өкілдері де қатынасты. Барлық кітаптар Ұлттық кітапхананың алтын қорына сыйға берілді.

6 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының жинағы туралы» Заңдарына қол қойылды.

5 жыл бұрын (2006) «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруындағы Степногор таукен-химия комбинатының гидрометаллургия зауыты аумағында молибден байыту фабрикасы ашылды. Мұндай фабрика Қазақстанның тау-кен өндірісі мен қайта өңдеу өнеркәсібінде алғаш рет іске қосылып отыр. Молибден кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасы гидрометаллургия зауытының аумағында рекордтық мерзімде - 96 күнде орналастырылды. Іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейінгі үш ай көлемінде фабрика жылына 500 мың тонна өнім беретін жобалық қуатқа жетпек. Тұтастай алғанда, Степногор таукен-химия комбинатын дамытуға «Қазатомөнеркәсіптің» бағдарламасына сәйкес 2005-2007 жылдары 180 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу жоспарланған. Бұл 2010 жылға қарай комбинатта жылына 200 млн. АҚШ долларына бағаланатын тауарлы өнім өндіруді қамтамасыз ететін болады.

4 жыл бұрын (2007) Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы алаңында жаңа «Жастар аллеясы» салынды. Салынған жаңа аллея «Жасыл күн» аумақты көгалдандырудың республикалық табиғатты қорғау акциясының бастамасы болды.

3 жыл бұрын (2008) Павлодарда «Балалар шығармашылығы және қамту орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық білім бөлімінің жаңа мекемесі қаладағы мектептердің, аула клубтары мен балалар орталықтарының арасында өзара байланыс орнататын болады. Әсіресе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімдерде есепте тұрған жасөспірімдер мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына ерекше назар аударылады. Олар спорт секцияларына, шығармашылық ұжымдар мен клубтарға тегін бара алады. Жаз айларында орталықтың сауықтыру-спорттық лагерлерінде демалатын болады. Қала бюджеті есебінен қаржыландырылып отырған жаңа құрылымда 50 тәжірибелі педагог жұмыс істейді.

2 жыл бұрын (2009) Орталық Азияның Еуразиялық қоры (ОАЕҚ) Астана қаласындағы Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау орталығында «Қазақстанда жергілікті қоғамдастықтар қорын (ЖҚҚ) құру және оны дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

ЖҚҚ - әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында қайырымдылық қаржыларды жинаумен және оларды конкурстық негізде ынталы азаматтық топтар мен коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар арасында үлестірумен айналысатын, белгілі бір аумақта жұмыс істейтін қоғамдық ұйым.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда Ұлттық қор нарығының операторлары арнайы баспасөз мәслихатында құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының Қазақстандық қауымдастығын (KASD) құрғанын жариялады.

Қауымдастықты «БТА Секьюритис» АҚ, «Верный капитал» АҚ, «ИФД «Resmi» АҚ, «Казкоммерц Секьюритис» АҚ, «Сентрас Секьюритис» АҚ, «Тройка Диалог Казахстан», АҚ, «Halyk Finance» АҚ-дарының бастамасымен Ассоциация құрылған. KASD мүшесі болуды жоспарлайтын Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығынан, Қазақстан қор биржасы мен бағалы қағаздар орталық депозиттерінен қолдау тапқан.

Қауымдастықты құрудың мақсаты - биржалық сауда және есеп, саналы құқықтық нормаларды сақтау, өзара түсінушілік пен сенім барысында негізі салынған кәсіпшілік мінез-құлықты құнды қағаздар нарығына жоғары этикалық стандарттарды енгізу.

ЕСІМДЕР

45 жыл бұрын (1966) Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары АКУЛОВ Григорий Иосифович дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында туған. Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген. Шемонаиха ауданына қарасты «Белокаменский» кеңшарының аға, бас мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1996-1997 жылдары - Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 1997-2002 жылдары - Шемонаиха ауданы әкімінің бірінші орынбасары, оынбасары. 2002-2008 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімі. 2008 жылдың наурызынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың сәуірінен бастап - қазіргі қызметінде.

85 жыл бұрын (1926) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігінің ханшайымы ЕЛИЗАВЕТА II (Елизавета Александра Мария Виндзор) дүниеге келді.

Ол XI ғасырдан бері Британ корольдігі тарихындағы 42-ші билеуші. Ол 1952 жылғы ақпанның 6-да таққа отырды. Елизавета II ханшайым ретінде Достастық басшысы, құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі күштердің Бас қолбасшысы, Корольдік гвардияның және Корольдік инженерлік полктің полковнигі, 700-ден астам қоғамдық ұйымның президенті әрі жетекшісі болып табылады. Елизавета II Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен екі рет кездескен.

СӘУІРДІҢ 22-І, ЖҰМА

Халықаралық Жер-Ана күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы сәуірдің 22-інде Халықаралық Жер-Ана күні деп жариялау туралы қарарды бірауыздан мақұлдады.

Қарар Боливия ұсынысымен қабылданды. 50-ден астам БҰҰ-ға мүше-мемлекеттер оның тетеавторы болып дауыс берді. Соның ішінде Қазақстан да бар.

Бұл маңызды құжат мақсаты - қазіргі және болашақ ұрпақтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктері арасында әділетті тепе-теңдікке қол жеткізу.

Жер-Ана күнін жариялау планетамыздың және оның экологиялық жүйесінің бізді өмірмен қамтамасыз етіп отырғанын түсінгенімізді паш етіп, сондай-ақ 1992-нші жылғы Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта және оны дамыту Конференциясында қабылданған міндеттерді бекіте түсті.

ОҚИҒАЛАР

40 жыл бұрын (1971) сол кездегі Қазақстанның астанасы Алматы қаласына бірінші рет Ту-154 әуе лайнері келіп қонды. Мәскеуден Алматыға дейінгі аралықтағы - 3 500 шақырымдық жолды лайнер не бәрі 3 сағат 45 минутта ұшып өткен.

26 жыл бұрын (1985) Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың (1924-1944) облыстық мемориалдық мұражайы ашылды.

3 жыл бұрын (2008) Мемлекет басшысы ҰҚШҰ мемлекеттері темір жолдарының бірыңғай жүйесін құру келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды.

3 жыл бұрын (2008) Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен жарық көрген «Саяси түсіндірме сөздіктің» тұсаукесері болып өтті. Төрт мың данамен басылып шыққан 616 беттік түсіндірме сөздікке екі мыңнан астам саясаттану, жаһандану, әлеуметтану, мәдениеттану салаларының терминдері мен анықтамалары енгізіліп, оларға ғылыми тұрғыдан түсініктеме берілген. «Қазақстанда саясаттану мектебі енді қалыптасып келе жатыр. Бұл қазақ тілінде басып шығарылған алғашқы саяси түсіндірме сөздік», - дейді саясат ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғали. Кітапта Ежелгі Шығыс, Батыс елдерінің және Ресей мен Қазақстандағы саясаттану мектептері мен ағымдарының түсініктері жан-жақты қамтылған. Әлемдік және отандық авторлардың еңбектеріне сүйене отырып жазылған сөздік дүниежүзінде болып жатқан көптеген саяси үрдістерді түсінуге көмектесіп, қазіргі саясаттану мәселелерінің өзекті проблемаларымен неғұрлым жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Қазақ тілді орта және жоғары оқу орындарына, саясаттанушыларға, әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушыларға арналған сөздікте сондай-ақ, әлемдік саясатта өзіндік мектеп қалыптастырған саясаттанушылар мен еліміздің саяси өміріне белсене араласқан тарихи тұлғалар да қамтылған.

2 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2 жыл бұрын (2009) БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы 32 серіктес ұйыммен бірлесе отырып Әлемдік сандық нұсқадағы кітапхана ашты. Бұл кітапхананың қорын кез-келген оқырман пайдалана алады. www.wdl.org сайтында мәдениеттің бірегей туындыларымен, қолжазбалармен, карталармен, сирек кездесетін кітаптармен, фильмдермен, аудиожазбалармен және фотосуреттермен танысуға болады. Олардың ішінде ежелгі қытай мәтіндері, арабтың ғылыми трактаттары, 764 жылғы «Hyakumanto darani» жазбасы және басқа да мәдени құндылықтар бар. Әлемдік сандық нұсқадағы кітапхана ағылшын, араб, испан, қытай, португал, орыс және француз тілдерінде жұмыс істейді.

1 жыл бұрын (2010) Елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында «Қазақстан хоккейі» журналының тұсауы кесілді.

Журналдың таныстырылымы барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген бас редактор Максим Карташов Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы Жолдауында спортқа баса назар аударғандығын және 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы қажеттігін атап өткендігін тілге тиек етті.

Журналдан еліміздің жетекші хоккейшілерімен арадағы сұхбаттарды, олардың өміріне қатысты материалдар топтамаларын, спорт жаңалықтарын оқуға болады.

Сондай-ақ басылымның жарық көруіне мемлекеттік органдардың да қолдау көрсететіне үміттеніп отырған бас редактор жылына 8 мәрте орыс тілінде жарық көретін журналдың болашақта қазақ тіліндегі нөмірі де оқырман назарына ұсынылуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда Қазақстандық «BTIMES.KZ» іскерлік порталы - Орталық Азиядағы жаңа бірегей ұқсастығы жоқ ақпараттық бизнес-медиаресурстың тұсаукесері өтті.

Оның негізгі мақсаты - қазақстандық компанияларға қозғалмалы дамуға жайлы жағдайлар жасау тиімді құралдар пайдалану арқылы елдегі және дүниежүзіндегі экономика, бизнес, даму үрдісі, беделді сарапшылардың пікірлері мен талдаулары жөніндегі уақытылы және сапалы ақпарат беру. Порталдың негізін салушы Нұриддин Аманқұлдың айтуы бойынша, каталог айналымға өз мекемесі және фирмасы жөніндегі ақпаратты жайластыратын клиенттерге де, керекті өнім және қызмет туралы ақпарат іздеген келушілерге де өте ыңғайлы. «Клиенттердің негізгі мақсаты кірушілергі олардың компаниялары туралы бүкіл ақпарат табылып ұсынылуы. Кірушілер, өз кезегінше сұранымы бойынша бүкіл мекемелер жөнінде толық тізім ала алады. Бар құпия осында. Компаниясы бірінші болып табылғанына және кіруші оның компаниясына көңіл білдіруге клиентті тарту міндет», - деді Н.Аманқұл.

1 жыл бұрын (2010) Елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында «Қазақстан хоккейі» журналының тұсауы кесілді.

Журналдың таныстырылымы барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген бас редактор Максим Карташов Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы Жолдауында спортқа баса назар аударғандығын және 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы қажеттігін атап өткендігін тілге тиек етті.

Журналдан еліміздің жетекші хоккейшілерімен арадағы сұхбаттарды, олардың өміріне қатысты материалдар топтамаларын, спорт жаңалықтарын оқуға болады.

Сондай-ақ басылымның жарық көруіне мемлекеттік органдардың да қолдау көрсететіне үміттеніп отырған бас редактор жылына 8 мәрте орыс тілінде жарық көретін журналдың болашақта қазақ тіліндегі нөмірі де оқырман назарына ұсынылуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1946) Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері ӘДІЛБАЕВ Жұмаділ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында туған. Облыстық «Коммунизм туы» газетінде корректор, әдеби қызметкер, жауапты хатшы орынбасары, бөлім бастығы лауазымдарын атқарған. 1978-1983 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1983-1985 жылдары - облыстық «Коммунизм туы» газетінің редакторы. 1985-1990 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық партия комитеті идеология бөлімінің бастығы. 1990 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған.

60 жыл бұрын (1951) ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Жігер» шығармашылық фестивалінінің лауреаты, Абайдың 150 жылдығына орай өткен жыр мүшәйрасының жүлдегері ЖӘЛЕНОВА Қатира Сыздыққызы дүниеге келді.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін бітіріп, Қазақ радиосында 20 жылдан астам жемісті еңбек еткен.

1978 жылы «Кел, махаббат» атты жыр жинағы жарық көрген. Содан бері «Аңсаған менің әнімсің», «Ақ гүлдер» атты жинақтары шықты. Бір топ өлеңдері «Разбег» атты ұжымдық жинақта орыс тіліне аударылып басылған. 2009 жылы «Сырдария» жыр жинағы жарық көрген. Қазіргі кезде кәсіпкерлікпен айналысады, «Ай-мир» сауда үйінің директоры.

Тәжік ақыны Г.Сүлейменованың «Қырық бұрым» өлеңдер жинағын аударған. Сондай-ақ ол Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық жас ақын-жазушылардың кеңесіне қатысқан.

«Айрықша қызметі үшін» медалімен, Қызылорда облысының мерекелік медалімен марапатталған, екі мәрте облыс әкімі стипендианты.

СӘУІРДІҢ 23-І, СЕНБІ

Дүниежүзілік кітаптар және автор құқығы күні. Дүниежүзілік кітаптар және автор құқығы күні 1995 жылы 15 қарашада ЮНЕСКО - ның 28 сессиясында жарияланды (Қарар №3.18).

Шешім халықтың сауатын ашу мақсатымен, мәдениетті дәстүрдің дамуын ұғындыру үшін қабылданды, және де кітап білім берудің ең үлкен құралы болып табылады, тағы да оны ең сенімді әдіспен сақтайды. Қарарда бұл күні кітап көрмелері мен жәрмеңкелердің өткізілуі әсерлі болады деп танылған..

Бұл күн 23 сәуір 1616 жылы өмірден қайтқан Мигель де Сервантес, Уильям Шекспир (Юлиан күнтізбесі бойынша), Инка Гарсиласо де ла Веганы еске алу мақсатында бекітілген. Кітаптың арқасында ең алдымен білімге, ойға рухани моральдық құндылықтарға, адамзаттың шығармашылық жетістіктерімен әсемділікті түсінуіне жол ашылады. Кітап - бұл сан алуан мәдениетті әлемнің терезесі және де әр түрлі уақыттағы өркениетпен кеңістікті жалғастырып тұратын көпір.

Дүниежүзілік кітап және автор құқығы күнін атап өте тұрып, біз кітаптың сақталуының маңыздылығына ерекше көңіл бөлуіміз керек және де әр мемлекет өз мәдениеттін арттыра түсіруі керек.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Назарбаевтың «ХХI ғасыр табалдырығында» атты кітабының жарық көруіне орай баспасөз мәслихаты өтті.

6 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы», «Қазақстан Республикасының лицензиялау сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңдарына қол қойды.

2 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң Наурыз мейрамын мерекелеу күндерін наурыздың 21-нен 23-не дейін ұлғайтуды және Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуді алып тастауды көздейді.

2 жыл бұрын (2009) Польшадағы Великопольски аймағының астанасы Познань қаласында Адам Мицкевич атындағы университеттің Шығыстану және түркітану институтында қазақ бөлімі ашылды.

Польшаның ең ірі оқу орындарының бірінде қазақ бөлімінің ашылуы поляк ғылыми-педагогикалық және студенттер қоғамының елімізге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, тарихы мен тіліне деген қызығушылығын білдіреді.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Елшілігі Тәжікстанның «Иттилоот ва муошират» деп аталатын республикалық баспасөз орталығында Елшіліктің жәрдемімен Парсы тілдес журналистер форумы «Афрузда» басылып, «Қазақстан - ХХІ ғасыр» деп аталатын парсы және орыс тілдерінде шығарылған журналдың тұсаукесері өтті.

Аталған журналда еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірі жайында толыққанды ақпарат берілген. Сонымен бірге Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына жеке тармақ арналған.

Басылымның негізінен парсы тілдес оқырмандарға, бірінші кезекте масс-медиа өкілдеріне бағдарланғанын ескеретін болсақ, оның беттерінен қазақстандық радио, теледидар, Интернет-провайдерлер, баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді табуға, сондай-ақ бұл саланы реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық базасының нормативті құжаттарымен танысуға болады.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Елшілігі Тәжікстанның «Иттилоот ва муошират» деп аталатын республикалық баспасөз орталығында Елшіліктің жәрдемімен Парсы тілдес журналистер форумы «Афрузда» басылып, «Қазақстан - ХХІ ғасыр» деп аталатын парсы және орыс тілдерінде шығарылған журналдың тұсаукесері өтті.

Аталған журналда еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірі жайында толыққанды ақпарат берілген. Сонымен бірге Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына жеке тармақ арналған.

Басылымның негізінен парсы тілдес оқырмандарға, бірінші кезекте масс-медиа өкілдеріне бағдарланғанын ескеретін болсақ, оның беттерінен қазақстандық радио, теледидар, Интернет-провайдерлер, баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді табуға, сондай-ақ бұл саланы реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық базасының нормативті құжаттарымен танысуға болады.

65 жыл бұрын (1946) Берлин қаласында «Нойес Дойчланд» атты күнделікті газет шыға бастады.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1901-1960) геолог-петролог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері СЕРГИЕВ Николай Григорьевич дүниеге келді.

Ресейде туған. Ленинград политехника институтын бітірген. 1928-1931 жылдары Орталық Қазақстанды геологиялық картаға түсіру жұмыстарына араласып, Қоңырат кенін табуға қатысқан. 1931-1933 жылдары - Ленинград политехника институтының ассистенті. 1933-1936 жылдары - КСРО ҒА Геология ғылымдары институтының ғылыми қызметкері. 1936-1942 жылдары - Ленинград политехника институтының доценті. 1942-1947 жылдары КСРО ҒА Геология ғылымдары институтының сектор меңгерушісі және ғылыми хатшысы. 1947-1960 жылдары - Қазақ тау-кен институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері эффузиялық тау жыныстарының петрологиясын зерттеу мәселелеріне арналған. Орталық Қазақстан өңіріндегі эффузиялық түзілімдерде терең петрологиялық зерттеулер жүргізген. Ұлы Отан соғысы жылдары қорғаныс өнеркәсібіне қажетті шикізаттар іздеп, осы мақсатқа жарайтын құмның ірі кенін тапқан.

Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.

75 жыл бұрын (1936) «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің өндірісті дамыту және жаңғырту жөніндегі кеңесшісі, техника ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Инженелік академиясының, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының, Халықаралық экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі, КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері БАЙМҰХАМЕТОВ Серғазы Қабиұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Қаратал ауданында туған. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Қарағандыкөмір» комбинатында кен шебері, телім бастығының орынбасары, бастығы, бас инженер орынбасарының көмекшісі, бас инженері, шахта директоры қызметтерін атқарған. 1979-1992 жылдары - «Қарағандыкөмір» Өндірістік білестігінің техникалық директоры, бас инженері. 1992-1994 жылдары - «Қазақстанкөмір» мемлекеттік корпорациясының, «Көмір» мемлекеттік холдингтік компаниясының бірінші вице-президенті. 1994-1995 жылдары - Қазақ көмір ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары. 1995-1996 жылдары - «Қарағандышахтакөмір» мемлекеттік кәсіпорнының техникалық директоры. 1996 жылдан «Испат-Кармет» АҚ Көмір департаментінің техникалық директоры болып қызмет атқарған. 2005-2008 жылдары - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің өндірісті дамыту және жаңғырту жөніндегі директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

Бірнеше кітаптың, 80-ге жуық авторлық куәліктің иегері.

Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, РФ-ның «Дружба» ордендерімен, медальдармен, «Шахтер даңқы» белгісінің үш дәрежесімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

75 жыл бұрын (1936) КСРО МҚК-інің құрметті қызметкері, РФ Президенті жанындағы Үкіметтік байланыс және ақпарат федеральдік агенттігінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы ҰҚК-інің құрметті қызметкері, құрметті байланысшы, генерал-майор ЖАҚЫПБЕКОВ Сабет Малғаждарұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған. Новосібір электротехникалық байланыс институтын бітірген. 1977-1995 жылдары Қазақ КСР-інің Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде лауазымды қызметтер атқарып, Қазақстан Республикасы ҰҚК Бас үкіметтік байланыс басқармасының бастығы болған. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары. 1997 жылы зейнет демалысына шыққан. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультеті, Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасының профессоры, ақын, филология ғылымының докторы, Қазақстан жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты ТАРАҚ Әнуар дүниеге келді.

Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 1980-1990 жылдары қазіргі «Жас алаш» газетінде, 1990-1992 жылдары «Парасат» журналында, 1992-2000 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде істеген. 2000-2002 жылдары «Қазақстан-Заман» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 2002 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

Ақынның өлеңдері «Баспалдақтар», «Атамекен» ұжымдық жинақтарға енген. Сондай-ақ бірнеше әнге сөз жазған. «Алаштың айбын-ардағы - Абылай хан», «Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы (Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы)» монографияларының, «Аударма психологиясы мен мәдениеті», «Аударма әлемі», «Ауызша аударма» оқу құралдарының, 200-ден аса зерттеу мақалаларының авторы.

СӘУІРДІҢ 24-І, ЖЕКСЕНБІ

Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні. Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні Дүниежүзілік демократиялық жастар федерациясының шешімімен жыл сайын 1957 жылдан бастап аталып өтеді. Бұл атаулы күн бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың жастар мәселелеріне назарын аударуға бағытталған. 1955 жылы Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясында шешім қабылданған күннен бастап, отаршылдыққа қарсылық білдіріп, бейбітшілікті қолдайтын жастардың халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде атап өтіледі.

Дүниежүзілік бауырлас қалалар күні. Дүниежүзілік бауырлас қалалар федерациясының шешімімен, жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 1943 жылы Сталинград қаласына Англияның Ковентри қаласынан хат келді. Ковентри тұрғындары 1940-1941 жылдары жау қолында қалған батыр қаланың қаһармандығына таң қалып, Сталинградпен достастық комитетін құрған екен.

1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым ТМД ауқымындағы қалалардың байланысын дамытып қана қоймай, серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды.

2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді.

Қазақстан Елордасы - Астанамен әлемнің 12 қаласы бауырласқан, олардың арасында - Берлин, Мәскеу, Киев, Қазан, Тбилиси, Сеул, Пенсильвания штатындағы Питсбург, Италияның Мантуя сияқты қалалар бар.

Бүкіл әлемдегі армяндардың аза тұту күні. Осман империясындағы армян геноциді шарықтау шегіне жетіп, шамамен 1,5 миллиондай армян өлтірілген. Бұл күн 1989 жылдан бастап атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

21 жыл бұрын (1990) Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің шешімімен Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

21 жыл бұрын (1990) Қазақ КСР-інің «Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту және Конституцияға (Негізгі заң) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының Президенті туралы» Жарлығы қабылданды.

20 жыл бұрын (1991) Түркияда Қазақстанның мәдениет және өнер күндері басталды. Осы іс-шара шеңберінде «Алтын тамырлар» атты көрме ашылды. Бұл көрме қазақ пен түрік халықтарының тарихи тамырластығын қамтыды.

16 жыл бұрын (1995) жазушы Қасым Қайсеновке, ардагерлер Алексей Кулаков пен Мурдин Тайповке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

15 жыл бұрын (1996) Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы мемлекет басшылары аллеясына Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен жұбайы Сара Алпысқызы алғашқы шырша ағашын отырғызды.

15 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Назарбаевқа елдегі ең жоғарғы лауазым белгілері - «Алтын Қыран» ордені, омырау белгісі және Президент байрағы тапсырылды.

11 жыл бұрын (2000) Алматыда «Еуразия - 2000» экономикалық саммиті өз жұмысын бастады. Саммитте Орталық Азия және Кавказ маңы елдері көшбасшылары интеграция, глобализация сауалдарын, Еуразияның болашағын талқылады.

10 жыл бұрын (2001) Алматыдағы «Атакент» іскерлік әріптестік орталығында «Ұлы Жібек жолымен» атты бірінші халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі ашылды.

5 жыл бұрын (2006) Астанада «Таймас» баспа үйінен ат спорты мен жылқы шаруашылығының бүгінгі жай-күйіне арналған «Қазанат» атты кітап жарық көрді. Оның авторлары - еліміздегі ат спорты мен жылқы шаруашылығының білікті жанашырлары саналатын Кеңес Рақышев пен Сәдібек Түгел. Бес бөлімнен тұратын бұл кітап жылқының қадір-қасиеті турасында ел аузында айтылып келген аңыз-әңгімелермен бірге жылқы малының биологиялық ерекшеліктері мен тұқым түрлері, республикада аталған саланы өркендету мен ат спортын дамытудың нақты мүмкіндіктері жан-жақты сараланып көрсетілген.

5 жыл бұрын (2006) Қызылорда облысы Қармақшы аудандық әкімдігінде елімізде тұңғыш рет Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы құқықтық қолдау орталығы ашылды. Кәсіпкерлік саласын дамыту біздің еліміздің алдында тұрған аса өзекті мәселелердің бірі. Соған орай орталық «Адвокаттық қызмет туралы» Заңға, «Құқықтық қолдау орталықтары туралы» Ережеге және басқа да Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сай қызмет етпек.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1921) биология ғылымының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ИСАЕВА Елена Савельевна дүниеге келген.

Ресейдің Курск облысында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1954 жылдан Қазақстанда тұрады. 1954-1961 жылдары Алматыда орта мектеп мұғалімі, 1961-1986 жылдары - Қазақстан ҒА-ның Микробиология және вирусология институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1987 жылдан зейнеткерлік демалыста.

Негізгі ғылыми еңбектері вирустардың биохимиясы мен молекулалық биохимиясын зерттеуге арналған, тұмау миксовирусының молекулалық биологиясын зерттеді.

75 жыл бұрын (1936) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Платиналы Тарлан сыйлығының иегері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың және М.Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Тарбағатай, Аягөз және Үржар аудандарының құрметті азаматы ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш дүниеге келген.

Қытай Халық Республикасы, Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) филология факультетін тәмамдаған. 1965-1967 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, 1967-1976 жылдары - «Жазушы» баспасында редактор, 1976-1981 жылдары - Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде жауапты қызметкер болған. 1980 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.

Қ.Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан бастап жергілікті баспасөз бетінде жарық көрген. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланды. 10 роман, 13 повесть, 50-ден аса әңгіме, көптеген мақала жазған, «Жас дәурен» өлеңдер жинағының, «Қаздар қайтып барады» әңгімелер жинағының, «Көкейкесті», «Атамекен», «Тағдыр» романдарының, «Дарабоз», «Соңғы көш» дилогияларының авторы.

«Дарабоз» романында даңқты қолбасшы - Қаракерей Қабанбайдың жорық жолдары баяндалады. Сондай-ақ романда 18-ғасырдағы қазақ халқының тыныс-тіршілігі эпикалық кең тыныспен көрсетіліп, Абылай ханның, қазақтың басқа да батырлары мен билерінің көркем бейнелері сомдалған. «Атамекен», «Тағдыр» тарихи романдарында шалғайда жүрген қазақ ұлтының ауыр тағдыры көрсетілген. 1998 жылы Қ.Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романы жарық көрді. 2008 жылы жазушының «Мәңгілік майдан» кітабы, ал 2010 жылы «Тозақ оты» повестер мен әңгімелері жарыққа шықты. Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім, қазағым» жинағында жарияланды. Қ.Жұмаділов шығармалары көптеген шетел тілдерінде, соның ішінде орыс, украин, беларусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде басылып шыққан.

«Парасат» орденімен, ел мәдениеті дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін «Күлтегін» медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951) Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры, Халықаралық Экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі, КСРО өнертапқышы, еңбек сіңірген ғылым қайраткері ӨТЕПОВ Ерқасын Балапанұлы дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. Г.И.Носов атындағы Магнитогорск кен-металлургия институтын, Мәскеу болат және қорытпалар институты аспирантурасын, осы оқу орнының докторантурасын бітірген. 1974-1979 жылдары - «Ақтөбеауылмаш» зауытының инженер-технологы, аға шебері, ауысым бастығы. 1982-1989 жылдары - Владимир политехникалық институтының Муром филиалы ғылыми-зерттеу секторының аға инженері, аға оқытушысы, доценті. 1997-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы ЖАК Сарапшылар кеңесінің сарапшысы, төраға орынбасары. 2005-2008 жылдары - Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі. 2008 жылдың шілдесінен бастап - қазіргі қызметінде.

450-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 15 өнертабыстың, 20 монографияның және 10 оқу құралының авторы. Сонымен қатар оның басшылығымен 1 докторлық, 11 кандидаттық диссертация қорғалды.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Айрықша еңбегі үшін» медалімен, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалімен, Халықаралық Экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академиясының М.Ломоносов атындағы медалімен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956) Ақтөбе облыстық «Ақтюбе» газеті бас редакторының орынбасары, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердиев атындағы, Қазақстан Журналистер одағының Төлеубай Ыдырысов атындағы сыйлықтардың және Ақтөбе қаласы әкімі сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері АШЫҚБАЕВ Ертай Ахатұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Темір ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1983-2000 жылдары Темір аудандық «Жұмысшы туы» - «Рабочее знамя», Торғай облыстық «Торғай таңы» газеттерінде қызмет атқарған. 2000 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

Алғашқы өлеңдері «Темірқанат», «Ақ сәуле», «Бастау» жинақтарына енген. «Қос мең», «Жақсы баға», «Ұя», «Ашық сабақ», «Ғашықтар мектебі», «Қаңтардағы құс», «Қобыландының қонысы» атты өлең кітаптары, «Біздің керуен» эсселер жинағы жарық көрген. «Жалын» баспасы ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық жабық конкурсында төрт дүркін жүлдегері атанған. Ағылшын ақыны Джон Китстің, чех жазушысы Ярослав Сейферттің, неміс ақындары Стефан Георгенің және Нобель сыйлығының лауреаты Герман Гессенің, поляк ақыны Збигнев Херберттің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

55 жыл бұрын (1956) бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, халықаралық санаттағы төреші, әлем чемпионы (1978) РАЧКОВ Валерий Александрович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Спортқа келуіне В.Рачков өз жаттықтырушысы С.Болдыревке қарыздар. 1973 жылғы Бүкілодақтық жастар ойындарының жеңімпазы (Свердловск), 1977-1978 жылдардағы КСРО чемпионы, Монерль олимпиада ойындарына қатысып (1976), алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіске жетіп, үшіншісінде болашақ олимпиада чемионы И.Бахфельдтен (ГДР) жеңіліс тапты. Екінші матч-реваншта И.Бахфельдты жеңеді. 213 рет жекпе-жекке шығып, оның 190-ын жеңіспен аяқтады. 1981 жылдан әкімшілік жұмыстармен айналысты, 1993 жылдан бизнеспен шұғылданады.

40 жыл бұрын (1971) Шымкент қаласының әкімі ЖЕТПІСБАЕВ Арман Шәрібайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақ химия-технология институтын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. 1993-1998 жылдары - «Мистер Д және К» фирмасының директоры, «Шымкент-Тельбоне» БК-нің директоры, «Энерготехсервис» компаниясының директоры, «Интерсервис» ЖШС-нің директоры. 1998-1999 жылдары - «Автосервис және сауда» АҚ-ның вице-президенті, «Алаугаз» АҚ-ның вице-президенті, «Алатаутрансгаз» Оңтүстік Қазақстан жерасты газ қоймасы ЖШС-нің директоры. 1999 жылы - «Южгаз» ЖШС-нің директоры, «Шымкентгаз Оңтүстік Қазақстан газ қоймасы» ЖШС-нің директоры. 1999-2000 жылдары - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Шымкент филиалы директорының орынбасары. 2000-2002 жылдары - «Қазкоммерцбанк» АҚ Қызылорда филиалының директоры. 2003-2005 жылдары - «Қырғызавтобанк» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, «Қазкоммерцбанк Қырғызстан» басқармасы төрағасының бірінші орынбасары. 2003-2005 жылдары - «ARNA Корпорациясы» АҚ-ның атқарушы директоры, басқарма төрағасы. 2005-2006 жылдары - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы дирекциясының директоры. 2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар