ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 3 ақпан мен 6 ақпан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 3 ақпан мен 6 ақпан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

3 ақпанда ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен ҚР Еңбекпен қамту және халықтық әлеуметтік қорғау министрлігініңм алқа отырысы өтеді.

ПАРЛАМЕНТ

3 ақпан күні ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағында транзит декларациясы мен тауарлар декларациясының жаңа формасы енгізілді.

СПОРТ

31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Қазақстан Республикасында 7-ші қысқы Азиада ойындары өтуде.

28 қаңтар мен 6 ақпан аралығында 7-ші қысқы Азиада ойындарының аясында елордадағы «Қазақстан» спорт сарайы мен «Барыс» спорт кешенінде ерлер арасында шайбалы хоккейден жарыстар өтуде.

1-7 ақпан күндері 7-ші қысқы Азия ойындары аясында Алматыдағы Орталық көрме залында «Тағылымдылық бірге өмір сүру өнері» атты көрме-конкурс өтуде.

3 ақпан күні Астана қаласындағы Республикалық велотректе мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтеді.

3 ақпанда Астана қаласындағы Республикалық велотректер жұптар арасында мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтеді.

3 ақпан күні Астанада ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жарыс болады.

3 ақпанда Шымбұлақта тау шаңғы спортынан жарыс болады.

3 ақпан күні Шаңғы-биатлон стадионында қыздар арасында 5 шақырымдағы шаңғы жарасы, жеке ежарыс, 10 шақырымдағы ерлер арасындағы жарыс өтеді.

3 ақпанда Медеуде Қазақстан мен Қырғызстан командалары арасында допты хоккейден №2 матч өтеді.

3 ақпан күні Табаған спорт кешенінде қыздар мен ерлер арасында Фристайлдан жарыс болады.

3 ақпанда Шаңғы-биатлон кешенінде қыздар арасында 15 шақырымдық жеке жарыс болады.

3 ақпан күні Шаңғы-биатлон кешенінде ұзын дистанцияда қыздар мен ерлер арасында спорттық бағдарлау жарысы болады.

3 ақпанда Жапония мен Корея, Қазақстан мен Қытайлық Тайпей командалары сайысқа түседі.

4 ақпан күні 14.30-да Қытай мен Қытайлық Тайпей, Корея мен Қазақстан командалары сайысқа түседі.

6 ақпанда 11.30-да Корея мен Қытай, 16.00-де Қазақстан мен Жапония командалары сайысқа түседі.

6 ақпан күні сағат 18.45-те командаларды марапаттау рәсімі болады.

ӘЛЕМ

27 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Түркияның Эрзурум қаласында ХХV Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындары өтуде.

АСТАНА

3 ақпанда Ұлттық академиялық кітапханада «Ж.Тәшеновтың азаматтық ерлігі және жастардың патриоттық тәрбиесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конферения өтеді.

3 ақпан күні «Цесна-Астық концерні» ЖШС-да ҚР Президентінің халыққа Жолдауын талқылау бойынша бастауыш партиялық ұйым мүшелерімен кездесу өтеді.

3 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-да «Қазақстандағы заңсыз өнімнің айналымы: оның себебі, салдары мен қорғану шарлары» атты дөңгелек үстел өтеді.

16 қаңтар мен 7 ақпан аралығында «Сарыарқа» сауда үйінде әлемдік футбол жұлдыздарының қолтаңбалары қойылған футболкалардың бірегей көрмесі өтуде.

30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы мен Астана қалаларында 7-Қысқы Азия ойындары өтуде.

АЛМАТЫ

3 ақпанда Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында «Тәуелсіз Қазақтан:болашағы мен жетістігі» атты қалалық конференция болады.

3 ақпан күні «Интерфакс» баспасөз орталығында Алматыдағы Венгр Республикасы бас консулдығының баспасөз конференциясы өтеді.

3 ақпанда шайбалы хоккейден қыздар Федерациясы өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихат өтеді.

30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы мен Астана қалаларында 7-Қысқы Азия ойындары өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

АҚПАННЫҢ 3-І, БЕЙСЕНБІ

Қытайдың Жаңа жылы немесе Көктем мерекесі. Қытай Жаңа жылы немесе ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл - Көктем мерекесі ол қысқы маусымның соңында бүкіл елде үш күн бойы аталып өтіледі. Көктем мерекесі күндерінде жаппай ойын-сауық басталады.

Мандоро - Жапонияда шамдар мерекесі. Бұл күн Касуга храмында (Нара қаласы, Жапонияның ежелгі астанасы) көптеген шамдар жағылады. Бұл мереке көктемнің келуіне арналған.

Сэцубун - Жапонияда Жаңа жыл қарсаңы. Ақпанның 3-і немесе 4-і күні Жапонияда Сэцубун мерекесі тойланады (ескі күнтізбе бойынша Жаңа жыл қарсаңы). Сэцубун - жаңа жылдық ауысымның бастамасы. Мерекенің мақсаты - жын-перілерді қуу және зұлымдыққа жол бермеу. Сэцубун түнінде үйлерде Мамэ-маки («бұршақ шашу») салтанаты өтеді. Балалар кеселерге бұршақ салып, оларды әр бөлменің ішіне шаша жүріп, жын-перілерді қуатын дұғалар оқиды. Мерекенің соңында әрбір адам өзінің жасы нешеде болса, соншалықты бұршақ жейді. Бұл ырым жын-шайтандарды қуады және бүкіл жыл бойына денсаулықты сақтайды дегенді білдіреді.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Қарағанды қаласындағы «ЭкоМұражай» қоғамдық бірлестігі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Семей полигонының алғашқы картасы баспадан шығарылды.

Картада әкімшілік шекаралардың, елді мекендердің, өзендер мен жолдардың көрсетілуімен қоса, пайдалануға қауіпті радиоактивті ластанған жер телімдері де белгіленген.

Бұл жоба ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы миссиясы, Голландияның HIVOS қоры сияқты халықаралық ұйымдардың көмегімен іске асырылды. Жобаға Радиациялық қорғау және экология жөніндегі ұлттық форум қоғамдық ұйымы бастамашылық жасады.

5 жыл бұрын (2006) Алматыдағы «Үш қиян» баспасынан әдебиетті зерттеуші ғалым, ақын Мүсілім Қапанның таңдамалы шығармаларының «Өсиеттер бұлағы» атты екінші кітабы жарық көрді.

Оған қаламгердің Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы жазған «Зауал» атты пьесасы алғаш рет енді. Мүсілім Қапанның бұл кітабында жазушының «Мағжан ақын», «Тарих-от-философия», «Тұңғыш режиссер» зерттеулері, «Өсиеттер бұлағы», «Тарихқа тағзым», «Ғылым тапқан... халықтан» сыни мақалалары, «Айтыс» поэмасы, «Таудағы жалғыз үй» әңгімесі, «Зауал», «Қамар сұлу» пьесалары, өлеңдері, сондай-ақ туысқандары мен замандастарының естеліктері топтастырылған. Жиырма жеті жасында бақи дүниеге озған Мүсілім Қапанның есімі мен еңбегі Семей, Павлодар, Алматы оқырмандарына жақсы таныс.

3 жыл бұрын (2008) Семей әкімінің ресми сайты ашылды. Оның интернеттегі адресі - www.akimsemey.gov.kz.

Сайт парақшасында қала тарихы, қаланың көрнекті жерлері, билік құрылымы, қала экономикасы, өнеркәсібі, медициналық мекемелері мен оқу орындары туралы толыққанды ақпараттар бар. Сондай-ақ сайт бетінен жаңалықтарды, мемлекеттік сатып алулар турлы ақпараттарды оқуға болады.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық қауіпсіздік туралы конвенцияны ратификациялау туралы», «Ядролық апат туралы жедел хабарлау жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы», «Ядролық апат жағдайындағы немесе радиациялық апат жағдайындағы көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы», «Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1946) Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Парламентаризм институтының директоры, философия ғылымының кандидаты, доцент БАЙҚАДАМОВ Болат Кенжекешұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1978-1987 жылдары - Қарағанды политехника институтының оқытушысы, аға оқытушысы. 1987-1988 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің доценті. 1988-1990 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, проректоры, партия комитетінің хатшысы. 1990-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің консультанты. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Туризм, дене тәрбиесі және спорт министрлігінің бөлім бастығы, Қазақстан Кәсіпкерлері конгресінің менеджері. 1994-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшылығының консультанты, меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, комиссия хатшысы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі секторының меңгерушісі, қоғамдық саяси бөлімі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2002-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы ісі және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының меңгерушісі, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2009 жылдың маусым айынан - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Астана» медальдарымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған.

АҚПАННЫҢ 4-І, ЖҰМА

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. «Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» (Қатерлі ісікке қарсы одақ - UICC) жариялаған. Бұл халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару. Қатерлі ісік - бүкіл әлемде өлімге әкеліп соғатын кесел саналады.

Халықаралық зорлыққа қарсы күрес күні. Бұл күн 1985 жылдан бері аталып келеді. Адамды азаптаудың түрлері сан алуан.

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының (бұрынғы Цейлон) Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Ел 1948 жылы доминион құқында Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды.

Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында белгілі орыс жазушысы Никита Савичевтің (1820-1885) «Байырғы Орал. Көрген-білгендерімнен әңгімелер» атты кітабының таныстырылымы болды. Оралдың «Оптима» кітап баспасы шығарған жинақты құрастырып, алғы сөзін жазған жергілікті әдебиетші, филология ғылымдарының кандидаты Николай Щербанов. Орал қаласында туып-өскен Никита Савичев сурет салумен қатар әдеби-көркем туындылар да жазды. Ол, әсіресе, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы сынды қазақтың бірегей тұлғалары жөнінде очерктер жазып, алғашқылардың қатарында әділ бағасын берді. Жазушы өз туындыларында қазақтар өмірін де шынайы суреттей біліп, халықтар достығын ту етіп көтерді. Кітаптың тұсаукесерінде осындай әңгімелерден тартымды көріністер қойылып, өлеңдері оқылып, әндер шырқалды.

3 жыл бұрын (2008) Семей педагогикалық институтында «Шәкәрімтану мәселелері» атты сериялық ғылыми жинақтың таныстырылымы өтті.

«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы дайындаған аталмыш бес томдықтың ішіне ұлы ойшыл әрі ақынның шығармашылығын зерттеумен айналысатын танымал қазақстандық ғалымдардың еңбектері кірді.

Бұл - еліміздегі жаңа ғылыми бағыты бар алғашқы ғылыми жинақ. Онда Шәкәрім шығармашылығын зерттеудің әр түрлі бағыттары бойынша көрнекті ғалымдардың жұмыстары жинақталған. Бұл - теология, философия, музыкатану, поэзия және өнер. «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдыкүл Шанбайдың айтуынша, ірі ғылыми еңбектерді осындай басып шығару тәсілі Ресей мен Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Ол ақынның шығармашылығын зерттеудің жаңа мүмкіндіктері жайында айтып береді. Сериялық ғылыми жинақты Алматыдағы «Раритет» баспасы «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында басып шығарды. Әр том 3 мың дана тиражымен жарық көрді.

3 жыл бұрын (2008) Белгілі жазушы, халықаралық Михаил Шолохов сыйлығының иегері Сәбит Досанов Ресей әдебиет академиясының мүшесі болып сайланды.

Сәбит Досановтың қаламынан «Тау жолы», «Екінші өмір» «Жиырмасыншы ғасыр» романдары, «Ақ аруана» хикаясы, «Қазағым-ай, қайда кетіп барасың?» жыр жинағы туды. Сонымен қатар ол әдебиеттану монографияларының авторы.

Сәбит Досановтай «Сегіз қырлы, бір сырлы дарын» жазушы ғана емес драматург ретінде де елге етене таныс. Қаламгердің «Дауыл», «Ертең бюро», «Тозақ шеңбері» және т.б. пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. Ал, жазушы өзінің "Ұйық" романында қазақ жұртының бостандық жолындағы күресі, жер-суына иелік ету жолындағы жанқиярлық әрекеттері туралы баяндайды

Құрамында Сергей Михалков, Юрий Бондарев, Владимир Мирнев, Юрий Поляков сынды көрнекті тұлғалары бар Ресейдің әдебиет академиясы мүшелерінің пікірінше, Сәбит Досановтың академик атануы оның талантының мойындалуы, қазақ әдебиетіне ресейліктер тарапынан көрсетілген құрмет болып табылады . Сәбит Досанов бұған дейін Ресейдің педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі атанған болатын.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Француз Республикасының Yкiметi арасындағы Қаржыландыру туралы хаттаманың (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік резервтердегі материалдық құндылықтарды пайдалану және сақтау, қалыптастыру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің интеллектуалдық мектептер жүйесін басқаратын «Өркен» АҚ ресми сайтының жаңа нұсқасын ұсынды. Компанияның www. orken.org атты жаңа веб-порталының дизайны, құрылымы және мазмұны өзгерген.

«Негізгі 6 бөлімнен компанияның қызметі, құрылымы туралы білуге және мектепке қабылдау ережелерінің толық нұсқасын көшіріп алуға болады.Сондай-ақ интерактивті айдарда кез келген адам сұрағына жауап алып, басқа да пайдалы мағлұматтармен таныса алады.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері, генерал-майор БІТІМОВ Өміртай Мақашұлы дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Семей педагогика институтын, Минск қаласындағы КСРО Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғары курсын, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Қызыл тулы институтын бітірген.

1992-1995 жылдары -Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істеген. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқарма бастығының орынбасары, бас барлау басқармасының бастығы. 1997-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы, «Барлау» қызметі ақпараттық талдау орталығының бастығы. 2002-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы «Барлау» қызметінің бастығы. 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2010 жылдан - қазіргі қызметінде.

Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

45 жыл бұрын (1966) «Экспресс К»газетінің редакциясы» ЖШС-нің бас директорының орынбасары, Алматы қаласындағы тілшілер қосының жетекшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері НҮСҮПОВ Әділхан Бидахметұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін бітірген.

1987-1991 жылдары - «Ленинская смена» газетінің тілшісі. 1991-1999 жылдары - кіші кәсіпорнның директоры. 1999-2000 жылдары - «Деловая неделя» газетінің бас редакторының міндетін атқарушы, бас редактордың орынбасары, бөлім меңгерушісі. 2000-2004 жылдары - «Экспресс К» газетінің экономикалық шолушысы. 2004-2005 жылдары - «Экспресс К» газетінің бас редакторының міндетін атқарушы, бас редактордың бірінші орынбасары. 2005-2009 жылдары - «Экспресс К» газетінің бас редакторы -бас директоры қызметтерін атқарған. 2009 жылдан - қазіргі қызметінде.

АҚПАННЫҢ 5-І, СЕНБІ

Мексиканың мемлекеттік мерекесі - Конституция күні. Конституция диктаторлық режим құлағаннан кейін, 1917 жылы қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы сәуірдің 13-інде орнатылған.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2008) Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған қоғамдық кеңес құрды.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін Елбасы «Нұр Отан» халықтық - демократиялық партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде көтерген болатын. Бұдан соң осы бағыттағы жұмыстарға қоғам өкілдерін тарту мақсатында арнайы қоғамдық кеңестер құру қажет деген шешім қабылданды. Қоғамдық кеңеске қоғам өкілдері мен «Нұр Отаннан» өзге де партия өкілдері енгізілді. Біздің міндетіміз осы іске қоғамды жұмылдырып, жемқорлық әрекеттерінің туындауына негіз болып отырған себептерді анықтау.

3 жыл бұрын (2008) Әділет министрлігі заң жобаларының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында әдістемелік ұсынымдар әзірледі.

Жинақталған әдістемелік ұсынымдар - әзірленетін тұжырымдама жобалары мен заң жобаларының сапасын арттыруға, тікелей қолданылатын заңдарға батыл көшуге және сілтемелі, бланкеттік нормаларды азайтуға ықпал етеді. Бұл құжат заңға сәйкес актілер бойынша жете жұмыс істеуді және әрбір заң жобасына жүйелі түрде жақындауды қалыптастырады.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан мен Норвегия сыртқы істер министрліктері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжатқа қол қою рәсімі Қазақстан Республикасы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Норвегия Корольдігінің Мұрагер ханзадасы Хокон Магнуспен кездесуі барысында өтті.

Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 5-інде орнатылды.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының иммунитетін және оның меншігін шет ел мемлекеттер соттарының құзыретінен қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Норвегия Корольдігінің тақ мұрагері, ханзада Хокон Магнус елордадағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен норвегиялық SYSLAB жобасының қолдауымен ашылған Инновацияларды дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу орталығын ашты.

SYSLAB жобасы 1992 жылы Норвегияның «Хиб-Сислаб» кәсіпорынында кіші және орта бизнестің мақсаттарын біріктіру үшін құрылған. Жобаның авторы және негізін қалаушы - Берген қаласының Жоғары технологиялар орталығының директоры Ян Йохонссен. Елімізде аталған жобаның Алматы, Астана және Шымкент қалаларында орталықтары бар. Жобаның негізгі мақсаты - ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген жоғары білімді маманның жұмысқа орналасуына қол ұшын беру.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1936-2004) домбырашы, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері ҒАБДИЕВ Рысбай Қисметоллаұлы дүниеге келді.

Ресейдің Астрахан облысында туған. Алматы музыка училищесін, Шымкент өнер институтын бітірген.

1954-1961 жылдары - Қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, концертмейстері. 1961-1962 жылдары - Атырау музыка училищесінің мұғалімі. 1962-1980 жылдары - Доссор музыка мектебінің директоры. 1980-1990 жылдары Атырау педагогика институты музыкалық-педагогика факультетінің деканы болған. 1990 жылдан өмірінің соңына дейін Атырау облыстық халықа аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Ол 1994 жылы Анталия (Түркия) қаласында өткен дүниежүзілік өнер фестивалінің, 1998 жылы Алматыда өткен «Құрманғазы және ұлы дала музыкасы» халықтар фествалінің бас жүлделерін жеңіп алған. Оның репертуарында Құрманғазының «Терісқақпай», «Байжұма», «Адай», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», Динаның «Бұлбұл», «Байжұма», Дәулеткерейдің «Қос ішек», «Көркем ханым», «Көроғлы», Сейтектің «Ақсақ құлан» сондай-ақ, Есбайдың, Ерғалидің, Абылдың, Қазанғаптың күйлері, халық күйі «Қарасай», т.б. бар. Ғабдиев орындауындағы күйлер бірнеше күйтабаққа және «Байжұма» деген атпен үнтаспаға жазылған. «Балалар оркестрімен жұмыс», «Домбырадан сабақ беру тәсілі», тағы басқа кітаптары бар.

«Парасат» орденімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1961) Мұхтар Әуезов атындағы әдеби-мемориалды үй-мұражайының директоры, филология ғылымының кандидаты ҚОНАЕВ Диар Асқарұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген.

1987-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институты Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеу бөлімінің - Мұхтар Әуезов атындағы әдеби-мемориалды мұражайының кіші, аға ғылыми қызметкері, 1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институты Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеу бөлімінің - Мұхтар Әуезов атындағы әдеби-мемориалды мұражайының жетекші ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 2000 жылдан «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры қызметін атқарады. 1996 жылдан Халықаралық Мұхтар Әуезов қорының президенті. 2000 жылдан - мәдениет саясаты сараптамалық орталығының директоры. «Мұхтар Әуезов және орыс әдебиеті» атты кітабы жарық көрген.

50 жыл бұрын (1961) «KMG-Kashagan» кәсіпорнының атқарушы директоры - «North Caspian Operating Company» компаниясы директорының қаржы жөніндегі орынбасары, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы бухгалтерлік санақ жөніндегі сараптау кеңесінің мүшесі, экономика ғылымының кандидаты САТЫБАЛДИНА Жаннат Сағындыққызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.

1987-1993 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті. 1993-1994 жылдары - «Қазметаллбанк» бөлімінің бастығы. 1994-1999 жылдары - «Металлинвест» басқарушысының бірінші орынбасары, басқарушысы. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының атқарушы директоры - мүшесі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті директорының орынбасары. 2002-2003 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ-ының бас есепшісі. 2003-2006 жылдары - «Қазақстан темір жолы»ҰК» акционерлік қоғамының вице-президенті, атқарушы директоры. 2006-2007 жылдары - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2007-2009 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамының экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2009 жылдан - қазіргі қызметінде.

2008 жылдың сәуірінен - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі, Құрметті теміржолшы. 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

АҚПАННЫҢ 6-Ы, ЖЕКСЕНБІ

Халықаралық саамдар күні. Солтүстік Еуропаның байырғы халықтарының мейрамы - төрт елдің саамдары (Ресей, Норвегия, Швеция және Финляндия).

Халықаралық бармен күні (Қасиетті Аманда күні). Көптеген мемлекеттерде бармен мен рестораторлардың кәсіби мейрамы қасиетті Аманда күні атап өтіледі.

Шарап ашытушы мен бармендердің қорғаушысы қасиетті Аманда, Маастрихит епископбы (584-679) Францияның, Германия мен Фландрияның шарап ашытатын аймақтарында шарап ашытушылардың, шарап сатушылардың, сырашының, бар мен мейрамхана иелерін, және де бар жұмысшыларының (барменнен ыдыс жуушыға дейін) ресми қорғаушысы болып табылады.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2008) Интернетте Қазақстан туралы иран тілінде хабар тарататын алғашқы www.yousefpiltan.blogf.com сайты ашылды.

Оны Алматы қаласының тұрғыны Жүсіп Пилтан жасап отыр. «Қазір ақпарат кеңістігінде әр ел өз саясатын насихаттап жатыр. Елде тіркелген шетелдік ақпарат агенттіктері де оған өз үлесін қосуда.

Өз сайтында ол Қазақстан жаңалықтары, баспасөзге шолу, мемлекеттік тендер, валюта бағамы, ауа-райы болжамы деген айдарлар бойынша ақпарат таратып отыр.

Менің мақсатым - осы мүмкіндікті пайдаланып, әлемге Қазақстан туралы хабар тарату. Өйткені интернеттегі Қазақстан туралы иран тіліндегі мағлұматтар негізінен өзге шетелдік ақпарат агенттіктерінің аударма материалдарынан құралған.

1 жыл бұрын (2010) Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшілігінің резиденциясында Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлы туралы «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері, екі ел ардагерлері ұйымдарының өкілдері, Ресей Федерациясындағы қазақстандық қоғамдық бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ Мәскеу жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жинақта Бауыржан Момышұлының Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрын жарияланбаған жазбалары, сұхбаттары, суреттері, сондай-ақ майдангер-достары - Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері орын алған.

1 жыл бұрын (2010) Атырауда жергілікті биліктің қарамағына «Аджип ККО» компаниясы салған жаңа сапаржайды тапсыру салтанаты өтті.

200 жолаушыға арналған екі қабатты сапаржай Атырау қаласының теміржол вокзалының жанында орналасқан. Сапаржайдың көліктер тұратын тұрағы бар. Кешенді сапаржай жолаушыларға қызмет ету үшін және көлік процессін халықаралық және қала маңындағы автобус жолдарын басқарып қатынау үшін арналған.

Сапаржайдың негізгі қызметі - 46 қалалық сапар желісін және 30 аудан аралық және 2 қала аралық рейстеріне қызмет ету.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1936-1995) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі АЗНАБАЕВ Эдуард Қасымұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысы Мерке ауданында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1964-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Геологиялық ғылымдар институтының аға инженері, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Батыс Қазақстандағы Орталық кешенді отын-энергетика бөлімшесінің директоры, зертхана меңгерушісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қазақ минералдық шикізаттар ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты Қазақстандағы шөгінді мұнай-газ алаптарының геологиялық құрылымын, мұнай мен газдың жер қойнауында орналасу заңдарын, көмірсутектердің пайда болуын, олардың кезеңдік, температуралық өзгеруін, орналасуын зерттеуге арналған. Сондай-ақ ол Қазақстанның 1:1 500 000 масштабтық тарихи-генетикалық мұнай-газ картасын жасауға қатысты.

50 жыл бұрын (1961) жазушы, «Тарлан - Үміт» сыйлығының иегері, «Жас өркен» ЖШС-нің директоры ҚОРҒАСБЕК Жүсіпбек дүниеге келді.

Алматы облысында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Еңбек жолын «Жас алаш» газетінен бастаған ол «Қазақ әдебиеті» газетіне ауысып, тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редакторы,«Жас алаш» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта «Жас өркен» ЖШС-нің директоры. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының тең төрағасы. 1995 жылы «Жалын» баспасынан «Көгілдір керуен» атты әңгімелер жинағы, 1995 жылы «Жансебіл» атты повестер мен әңгімелер топтамасы жарық көрген. Осы кітабының негізінде түсірілген осы аттас көркемфильм киносценарийінің авторы.