ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 7-13 наурыз аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ЕЛБАСЫ
ҚОҒАМ
3 наурыз бен 3 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
10 наурызда ТМД байқаушылары миссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы өз жұмысын бастайды.
17 наурызда Қазақстан еңбекшілерінің форумы өтеді.
АСТАНА
Астанада 14-15 наурызда «Қазақстан мен ТМД елдеріндегі исламдық қор нарығының дамуы» деген тақырыппен ІІ қазақстандық исламдық қаржыландыру конференциясы өтеді
АЛМАТЫ
Алматыда 11 наурызда Қазақстан Республикасындағы Бірінші Ұлттық ғылыми-технологиялық форсайтқа арналған конференция өтеді
АЙМАҚ
ҚАРАҒАНДЫ
Қалыптасқан дәстүр бойынша Қарағанды облысында 8 наурыз күні дүниеге сәби әкелген әйелдерді қала және аудан әкімдері құттықтап, сый-сияпат көрсетеді.
ОРАЛ
Оралда 8-13 наурызда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары болады
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
НАУРЫЗДЫҢ 7-І, ДҮЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) жалпы тәулігіне 32 тонна ұн тартатын екі диірмен Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Жантеке ауылының қатарына қосылды. Диірмендерді қатарға қосқан жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ақжол-2030» және «Мақсат Е». Кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау қоры осы мақсаттар үшін 7 млн. 500 мың теңге қаржы бөлді, оның бес миллионы жоғары технологиялық жабдықты алу үшін жұмсалды.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстанда тапсырыс беруге арналған www.zakazbiletov.kz атты ұлттық портал ашылды. Жаңа порталдың ашылуы Елбасының инновациялық бғдарламасының жүзеге асырылып жатқанының жарқын көрінісі. Енді кез-келген көрермен спектакль, концерттер, спорттық шараларға осы сайтқа кіре отырып тапсырыс бере алады. Сайтта Алматы мен Мәскеуде, жақын шет елдерде өтетін шаралар туралы ақпарат алуға, тапсырыс беруге болады. Ал Алматы қаласы мен облысының тұрғындары билетті сатып алумен қатар үйіне жеткізуге де тапсырыс бере алады.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1946) киносценарист, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері НАРЫМБЕТОВ Сатыбалды (Сәкен) Жәлелұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын, КСРО Мемлекеттік кино жанындағы (Г.Данелия шеберханасының) сценарист және режиссердің жоғары курстарын бітірген.
«Қазақфильм» киностудиясының кино және дебют шығармашылық одағының жетекшісі.
Фильмографиясы: «Гамлет из Сузака, или Мамайя Кэро» (режиссёр), «Последние холода» (сценарист), «Жизнеописание юного аккордеониста» (режиссёр-сценарист), «Омпа», «Молитва Лейлы» (режиссёр, сценарист).
«Құрмет» орденімен марапатталған. «Киношок» сыйлығының «Премия за режиссуру» 1994 жылғы номинациясының лауреаты, ТМД және Балтық елдерінің Ашық кино фестивалінің «За реализм и человечность» сыйлығының иегері, Жорж Садуля сыйлығының лауреаты атанды.
50 жыл бұрын (1961) Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі САҒДИЕВ Ербол Болатұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті).
1983-1985 жылдары - Қостанай облыстық ауылшаруашылық тәжірибе стансасының зоотехнигі. 1985-1998 жылдары - зоотехник-селекционер, бас зоотехник, кеңшар директоры, «Конысбай» АҚ төрағасы. 1998-2000 жылдары - «Сельхозводоснабжение» аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 2001-2002 жылдары - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары. 2002-2003 жылдары - Ақмола облысы Зеренді ауданының «Сушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының директоры. 2003-2006 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ЖШС-ның «Сұңқар» сауықтыру кешенінің директоры, Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2006 жылдың 20-шы қазанынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен және екі медальдармен марапатталған.
45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор АРЫСТАНОВ Әркен Кеңесбекұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.
1992-1993 жылдары - «Казахстан-Коммерция» бас маманы, «Казхлебопродукт» мемлекеттік концерні жоғары экономикалық кеңесінің бөлім бастығы. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы Шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттігінің басқарма бастығы. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Халықаралық қаржы ұйымдарын реттеу департаменті директорының орынбасары, Халықаралық қарым-қатынастар департаментінің директоры. 1996-1998 жылдары - «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның басқарма төрағасының кеңесшісі, коммерциялық департамент директоры, басқарма төрағасының орынбасары. 1998-2000 жылдары - «Қазақстанның халық жинақтаушы банкі» ААҚ-ның Алматы облыстық филиалы директорының бірінші орынбасары, несие тәуекелі департаментінің директоры, басқарушы директоры. 2000-2006 жылдары - «Қазпошта» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Қазпошта» ААҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
«Экономика и внешнеэкономические связи развивающихся стран Азиатско-Тихоокеанского региона» атты кітабының авторы.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
45 жыл бұрын (1966) Астана қаласының Алматы аудандық сотының судьясы АБДЫРОВ Кенжеболат Мұхамеджанұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ақмола ауылшаруашылық институтының біліктілікті көтеру факультетін (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті) бітірген.
1990-1995 жылдары - Көкшетау ет комбинатының, «Есіл» АҚ кеңесші заңгері. 1995-1997 жылдары - «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкінің Көкшетау басқармасының бас кеңесші заңгері. 1997-1998 жылдары - Ақмола облыстық Әділет басқармасының бас маманы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас маманы. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот шешімін орындау жөніндегі комитет басқармасының бастығы. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің кеңесшісі. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2005-2007 жылдары - Павлодар аудандық сотының төрағасы. 2007 жылдың қыркүйегінен - қазіргі қызметінде.
НАУРЫЗДЫҢ 8-І, СЕЙСЕНБІ
Халықаралық әйелдер күні (Халықаралық әйелдер құқын қорғау және БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік күні). 1977-нші жылы Бас Ассамблея мемлекеттерге, өздерінің тарихи ұлттық салт-дәстүрлеріне сәйкес, осы жылдың кез-келген күнін Әйелдер құқын қорғау күні және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бейбітшілік күні деп жариялауды ұсынды. Мемлекеттер әйелдерге қатысты шеттетуді жоюға және оларды әлеуметтік даму үдерістеріне толықтай әрі тең дәрежеде қатыстыруға лайықты жағдайлар жасауға үлестерін қосуы мақұлданатыны атап көрсетілді. Бұл шешім Халықаралық әйелдер жылына (1975-інші жыл) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық әйелдер онжылдығына байланысты қабылданды.
Қазіргі кездегі Әйелдер күнінің тойлануы теңдікті бекіту мақсатын көздемейді, тек көктемнің мерейлі шағы және әйелдерге көңіл бөлу күні болып қана есептеледі. Қазақстанда 8 наурыз - Мемлекеттік мейрам.
Достастық күні. Бұл бұрын британдық монархты еркін ынтымақтық нышаны ретінде санап, Британ империясының құрамында болған келген тәуелсіз мемлекеттер қауымдастығының Халықаралық Ұлттар достастығы бiрлестiгі 54 ел-қатысушыларының жыл сайынғы мейрамы. Достастыққа Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Гана, Малайзия, Сингапур, Кипр, Нигерия, Сьерра-Леоне, Танзания, Ямайка, Тринидад және Тобаго, Уганда, Кения, Замбия, Камерун, Мозамбик, Намибия, Малави, Мальта, Гамбия, Ботсвана, Гайана, Лесото, Барбадос, Маврикий, Свазиленд, Науру, Тонга, Батыс Самоа, Фиджи, Бангладеш, Багам аралдары, Гренада, Папуа - Жаңа Гвинея, Сейшел аралдары, Соломон аралдары, Тувалу, Доминика, Сент-Люсия, Кирибати, Сент-Винсент және Гренадина, Зимбабве, Белиз, Антигуа және Барбуда, Мальдива Республикасы, Сент-Кристофер және Невис, Бруней, Вануату кіреді.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің ресми сайты жұмыс істей бастады. Сайтты пайдаланушы lebyazhye.pavlodar.gov.kz адресін аша отырып, ауданның тарихымен тыныса алады, ауыл округтері, әкім аппаратының басшылары мен халықты қабылдау кестесі жайында ақпарат алуға болады. Онда сауал қою беті де бар. Тұрақты жаңартылып отыратын жаңалықтар беті Лебяжі ауданындағы оқиғалар жайында баяндайды.
1 жыл бұрын (2010) Француздық режиссер Катрин Пеш қазақстандық алмалар туралы деректі фильм түсірді.
Қазақ жерінде түсірілген бұл деректі фильді ғылыми деп те айтуға болады. Картина авторының сөзіне сенсек, алмалардың 165 миллион жылдық тарихы бар. Олардың алғашқысы қазақ даласында, оның ішінде Тян-Шань тауларында пайда болған екен. Жабайы болғанымен жеуге жарамды алмамызды әлемге танытқан Сиеверси ғалымы болғандықтан, оның атауы да «сиеверси» алмасы деп аталып кеткен (Малюс Сиеверси). Қазір әлемде алманың 6 мыңдай түрі бар. Соның бәрі «Малюс сиеверсиден» тараған көрінеді. Алманың бұл түрін кейін белгілі академик Аймақ Жанғалиев жан-жақты зерттеген.
К.Пеш өз фильмінде алмалардың атасы болып табылатын қазақ алмалары Еуропаға қалай түскенін анықтауға тырысқан. Оның пікірінше, олар жануарлар мен адамдар арқылы, әсіресе «Жібек Жолы» арқылы тасымалданған. Сондай-ақ А.Македонскийден бастап, сол кездегі басқа да қолбасшылар катапульта ретінде алмаларды қолданылғандықтан, оларға деген сұраныс жоғары болған.
ЕСІМДЕР
110 жыл бұрын (1901-1966) әнші, композитор, күйші, актер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Композиторлар одағының ең алғашқы мүшелерінің бірі ЕРЖАНОВ Манарбек дүниеге келді.
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған. Оны музыка әлеміне жетелеп, оның әсем сазын көкірегіне ұялата білген ұстазы - әнші әрі күйші Күсенбай. Бұдан кейін Манарбектің әншілік шеберлігін ұштауда Шашубай Қошқарбайұлы мен Әміре Қашаубаев игі әсер етті. 16-17 жасында-ақ ол Біржан сал, Ақан сері, Естай, Шашубай әндерін айтып, ауыл арасындағы айтыстарға қатысып, ел ауызына іліккен. 1928 жылы Қазақ драма театрына (қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры) қабылданып, алғашқы актерлерінің бірі болды және осы театрда қойылған спектакльдерде ойнап сан қырлы бейнелерді сомдады. 1931-1932 жылдары Риддердегі жұмысшы жастар театрында қызмет етті. 1934 жылдан Алматы музыка театрында (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) өнер көрсетті.
И.Коцыктың «Айман - Шолпан» спектакліндегі Жарас, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайындағы» Әзім, Мұқан Төлебаевтың «Біржан - Сарасындағы» Естай, т.б. рөлдері оның әншілік әрі әртістік талантын кең танытып, даңққа бөледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде Е.Брусиловскийдің опералары - «Қыз Жібектегі» Шегенің, «Ер Тарғындағы» Сақанның, «Жалбырдағы» Елеместің рөлін ойнап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. 1953 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ филармониясында жеке орындаушы болып, халықтың ән өнеріде кең орын алатын терме, желдірмелерді, кең тыныстағы әндерді нақышына келтіре орындап, ұлттық өнердегі Арқа ән дәстүрінде өз мектебін қалыптастырды. Оның «Жетісу», «Астанада», «Батыр жорығы», «Күсенбай», «Өрнек», «Аққу көлі», атты күйлері, хорға арналған «Партизан жорығы», «Жастар тойы», «Жастар әні», «Бейбітшілік маршы» атты шығармалары, «Паравоз», «Амангелді», «Бақыт жыры», «Шегенің термесі», т.б. әндері бар.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», ордендерімен, медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Ішкі қызмет полковнигі СТАМҚҰЛОВ Ұбайдолла Мырзағалиқызы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атныдағы Қазақ ұлттық университеті) және оның аспирантурасын бітірген.
1968-1974 жылдары - Леңгір аудандық халық сотының хатшысы. 1974-1979 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы. 1979-1982 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты. 1982-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінің аға оқытушысы, азаматтық құқық және процесс кафедрасының бастығы, бастығының орынбасары, оқу жұмыстары жөніндегі бірінші орынбасары. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары мектебінің бастығы. 1997-1999 жылдары - ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебінің бастығы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтының бастығы. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің консультанты, құқық тәртібі органдары секторының меңгерушісі, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі қызметтерін атқарған. 2005 жылдың наурызынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астана» медальдарымен марапатталған.
50 жыл бұрын (1961) Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы БҰҚТЫҒҰТОВ Шәкәрім Сабырұлы дүниеге келді.
Көкшетау қаласында туған. Өскемен жол құрылысы институтын (қазіргі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті), С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
1985-1988 жылдары - «Өскеменжабдықтау» басқармасының дәнекершісі, бас механигі. 1988-1993 жылдары - «Шығысқазметаллжабдықөткізу» басқармасының бас инженері, «Шығысқазбасжабдықтау» өндірістік техникалық бөлімінің бастығы, «Шығысқазпромоптторг» кәсіпорнының директоры, «Шығысбасжабдықтау» бастығының орынбасары. 1993-1995 жылдары - Шығыс Қазақстан өндірістік бірлестігінің сусын өндіру жөніндегі бас директоры. 1995-1997 жылдары - «Әділ» АҚ-ның президенті. 1997-2002 жылдары - Өскемен қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2006 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі. 2006-2007 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының бастығы. 2007-2008 жылдары - Өскемен қаласының әкімі. 2009 жылдың шілдесінен бастап - қазіргі қызметінде.
НАУРЫЗДЫҢ 9-Ы, СӘРСЕНБІ
Халықаралық ди-джей күні. Халықаралық ди-джей күні - бұл тек ресми мейрам ғана емес, сонымен қатар маңызды қайырымдылық оқиға, ол 2002 жылдан бастап халықаралық клубты өнеркәсіптің атынан өткізіледі. Жыл сайын наурыздың 9-ында Ди-джей күнінің қарсаңында дүниежүзі бойынша балалар үйіне көмек атты қайырымдылық акциясы өтеді.
Ливанда мұғалімдер күні.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2001) Қазақстан мен Ресей шекараны межелеуге кірісті. Кездесулер барысында қазақстандық және ресейлiк шекарашылар созылымдығы 1896,5 шақырым жерді алып жатқан ресейлiк Астрахан, Волгоград, Саратов және Орынбор облыстарының мемлекеттiк шекарадан өту туралы жобалары топографиялық картаға келiсiп енгізілді.
5 жыл бұрын (2006) Өскеменнің оңтүстік жағынан жаңа автовокзал салынды. Бұл - облыстың түпкіріне-түпкіріне сапарға аттанатындар үшін қаладағы үшінші автовокзал.
Шығыс Қазақстан аймағында автобустар қатынасы 63 бағытта үзіліссіз қатынайды. Жаңа автовокзалдың ашылуы сервистік қызметтің кеңейтіле түсуіне және жолаушыларға барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
1 жыл бұрын (2010) Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Полихим өнімдері» компаниясы» ЖШС полиэтилен құбырларын шығарды.
Құбыр өнімінің басты жетістігі - оның экологиялық тазалығы десек, төзімділігі, жеңілдігі, сондай-ақ қолданысқа икемділігі бағасын арттырып тұр«Полихим өнімдері» компаниясы» ЖШС шығаратын құбырлар негізінен «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының уран өндірісіне пайдаланылады. Уран металы жинақталатын шикізат жер астынан 600-700 метр тереңдіктен сілті қышқылының ерітіндісін жіберу арқылы алынатындығын ескерсек, оған деген төзімділік сапасына айрықша мән беріледі. «Кең-Дала KZ», «Бәйкен-U», «Аппақ», «Семізбай», «Қаратау» ЖШС аталмыш мекеменің сенімді серіктестіктеріне айналды.
Мекеме Германияның белгілі «Краусс Мафай» компаниясының тәсілін қолданады. Өндіріс цехы үш тарапты жаңа технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1931-1978) тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор БОЛАТОВ Жамалбек дүниеге келді.
Жамбыл облысының Жамбыл ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.
1954-1956 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының оқытушысы. 1956-1976 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының (1961 жылға дейін Тіл және әдебиет институты) ғылыми қызметкері. 1976-1978 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мәселелеріне арналған. Ол «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері», «Қазақ диалектологиясы», «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» авторларының бірі.
70 жыл бұрын (1941-1992) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері КӨПБАЕВ Сейділда Даулетбақұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Қарасай ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).
1964-1966 жылдары - орта мектептің мұғалімі. 1966-1969 жылдары - БЛКЖО Алматы облыстық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушысы. 1969-1971 жылдары - БЛКЖО Орталық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1971-1972 жылдары - оқушыларды кәсіпке бейімдеу жөніндегі республикалық әдістемелік кабинетінің әдіскері. 1972-1975 жылдары - Қазақ КСР ағарту министрінің көмекшісі. 1975-1978 жылдары - Алматы облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1978-1989 жылдары - Алматы облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, облыстық атқарушы комитеті халыққа білім беру басқармасы бастығы. 1989-1990 жылдары - Қазақ педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1990 жылы - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің кеңесшісі. 1990-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Президент Аппаратының діни ұйымдармен байланыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапаталған.
НАУРЫЗДЫҢ 10-Ы, БЕЙСЕНБІ
Халықаралық бүйрек күні. Бүкіләлемдік Бүйрек Күні ISN (International Society of Nephrology, Халықаралық нефрологиялық қоғам) және IFKF (International Federation of Kidney Foundations, Бүйрек қорлары халықаралық федерациясы) бастамасымен жыл сайын, наурыздың екінші бейсенбісінде аталып өтеді.
ОҚИҒАЛАР
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысының ресми сайтында «Бизнесті Президенттік қорғау» деген арнайы бөлім ашылды.
Сайттың бұл бөлімі Қазақстан кәсіпкерлерінің олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне тексеруші, бақылаушы және құқық қорғау органдары тарапынан қысымшылықтың нақты көріністері бойынша Мемлекет басшысына тікелей жүгінуге арналған.
Президенттік сайттың осы бөліміне түскен әрбір осындай хабарлама бойынша Президент Әкімшілігінің ерекше бақылауымен ресми тексерулер жүргізіледі.
1 жыл бұрын (2010) Астанада «Бүгінгі отаншылдық: жеңістің мерейтойына» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Қазақстанның ақпараттық саясаты институты шығарып отырған оқу-әдістемелік құралын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор Ләйлә Ахметова бастаған шығармашылық топ құрастырған.
Кітапта 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты эксклюзивті материалдар, қазіргі күнгі отаншылдық мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары, соғыс барысына қазіргі заманғы көзқарас берілген. Сонымен қатар соғыс жылдары Қазақстанға басшылық жасаған Николай Скворцов пен Жұмабай Шаяхметов туралы материалдар да қоса жарияланып отыр. Алғашқы бөлімде мамырдың 9-ын мерекелеуге орай БАҚ-тарда жарияланған мақалалар топтастырылса, соңғы бөлімде отаншылдық тақырыбын қамтыған мақалдар, қанатты сөздер қамтылған.
Соғыс жылдары 26 миллионнан астам кеңес азаматы қаза тапқан. Неміс басқыншылары 1710 қала мен қала типтес елді мекенді, 70 мыңнан астам ауылды, 98 мыңнан астам ұжымшарды, 1786 кеңшарды, 6 миллионнан астам ғимаратты жермен-жексен етіп, 32 мыңнан астам кәсіпорынды қиратқан. Жалпы Кеңес Одағы 30 пайыздан астам ұлттық байлығынан айырылған.
1 жыл бұрын (2010) Семейдің Жаңа тарихты құжаттандыру орталығының қызметкерлері Әзілхан Нұршайықовтың (1922-2011) осыдан 60 жылдай бұрын майданнан жазылған бірегей хатын тапты.
Мұрағаттан хабарлағандай, өлеңмен жазылған хат «Майданнан жазылған хаттар» құжаттар топтамасынан табылып отыр. «Бірегей және құнды хатты біздің жерлесіміз, жазушы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықов 1944 жылы Беларус майданында шайқасып жүрген жылдары Жарма аудандық газетіндегі әріптестеріне жолдаған. Өлеңмен жазылған хатын ол «Біз Берлинге барамыз!» деп атаған.
Аудандық газет қызметкерлері сақтауға тапсырған бұл құнды мұра кеңес дәуірінің тұсында ұзақ жылдар бойы Жарма аудандық мұрағатында сақталып келген, кейіннен ол Семейдің Жаңа тарихты құжаттандыру орталығына келіп түскен.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Елшілігі Душанбеде Тәжікстанның Жазушылар одағымен бірлесе отырып, Қазақстан мен Тәжікстанның мәдени және әдеби байланыстарына арналған «Памир» журналының таныстырылымы өтті.
Жиналған қауымның назарына Қазақстанның танымал ақын-жазушыларының туындыларының үзінділері, өлеңдері мен көркемсөздері таныстырылды.
Тұсаукесер рәсімінде Тәжікстанның шығармашылық ұйымының орындауындағы әдеби және музыкалық шығармалар шырқалды, және Қазақстанның мәдениеті туралы фотокөрме ұйымдастырылды.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1936-2004) Қазақстанның саяси және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елші АСАНБАЕВ Ерік Мағзұмұлы дүниеге келді.
Қостанай облысының Амангелді ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО Ғылым және техника жөніндегі меммлекеттік комитеті жанындағы Халық шаруашылығын басқару институтын, Мәскеу қаржы инстититуының аспирантурасын бітірген.
1958-1959 жылдары - Қазақ КСР Қаржы министрлігінің экономисі. 1959-1960 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1960-1963 жылдары - Мәскеу қаржы инстититуының аспиранты. 1964-1967 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтік ғылыми-зерттеу экономикалық институтының бөлім меңгерушісі. 1967-1973 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің бөлім бастығы. 1973-1975 жылдары - Қазақ КСР Қаржы министрінің орынбасары. 1975-1979 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің бөлім меңгерушісі, іс басқарушысының орынбасары. 1979-1983 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті сауда, жоспарлау және қаржы органдары бөлімінің, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі. 1983-1986 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі іс басқарушысының орынбасары. 1986-1988 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ғылым және оқу орындары бөлімінің, экономика бөлімінің меңгерушісі. 1988-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1989-1990 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті інің хатшысы - Әлеуметтік-эконмикалық даму мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. 1990-1991 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы. 1991-1996 жылдары - Қазақ КСР-інің вице-президенті. 1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2000 жылдан зейнет демалысына шыққан.
«Құрмет белгісі», «Отан», екінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 11-І, ЖҰМА
Литва тәуелсіздігінің қайта құрылған күні. 1918 жылғы ақпанның 16-да Литваның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. 1939 жылғы тамыздың 23-де қол қойылған Молотов-Риббентроп келісіміне сәйкес, Литва Германияның құзыретіне өтті. 1939 жылғы қыркүйектің 28-де бұл келісім өзгертіліп Германия Литваны Кеңес Одағына берді. 1990 жылғы наурыздың 11-де Литваның Жоғарғы Кеңесі Литва Республикасын қайта құру туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-де орнатылды.
Холи - бояулар мерекесі. Индияның әсерлі мерекелерінің бірі, бенгал жаңа жылы. Ақпан және наурыз айына келетін, Пхалгун айы толған күнінде атап өтеді.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауылшаруашылығы ғылымдарының академиясы және Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі - Ғылым министрлігі - Қазақстанның Ғылым академиясы орталық атқарушы органның құрамында біріктірілді.
2003 жылдың қазанынан бастап академия президенті Мұрат Жұрынұлы Жұрынов.
15 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты.
3 жыл бұрын (2008) Алматыдағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (ҚазЭУ) еліміздегі жоғары оқу орындары арасында тұңғыш интернет- бейнезал ашылды. Бұл жобаның арқасында ҚазЭУ әлемнің жетекші оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейтін болды. Интернет- бейнезал қазақстандық жоғары оқу орындары арасында алғаш ашылып отыр.
Жоба университет жанында жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығын қаржыландырушы - Жапонияның Халықаралық әріптестік агенттігінің қолдауымен ашылып отыр. Интернет - видеозал ғаламдық тор арқылы конференциялар, семинарлар өткізіп, оқу орнының студенттері мен оқытушыларын шет елдік әріптестермен байланысқа шығаруға мүмкіндік береді. Университет мамандары оқу орнының күнделікті өміріне ең үздік ақпараттық-коммуникациялық технологияның еніп, қашықтықтан оқыту мен білім алмасудың инновациялық технологиясының даму мүмкіндігі туғанын айтады.
3 жыл бұрын (2008) Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Нұртай Әбіқаев Мәскеуде Ресейдің Теннис федерациясының президенті Шәміл Тарпищевке екінші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. «Екі елдің арасында спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін» марапаттау туралы Жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры НҰРЖАНОВ Берікболат Насекенович дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданында туған. Ленинград кеңес саудасы институтын, Орал кооперативтік техникумын бітірген.
1988-2000 жылдары - «Казмясмолторга» жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, «Аяқ киім» базасының директоры, «Газсауда» АҚ-ның президенті, Батыс Қазақстан облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, «Ұлар» жинақтау қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің менеджері қызметтерін атқарған.
2001 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
50 жыл бұрын (1961) Астана қаласы сотының судьясы БАЛЫҚОВ Даулен Жұмалыұлы дүниеге келді.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1983-1989 жылдары - Қарағанды областық прокуратурасында стажер, тергеуші, аға тергеуші. 1989-1991 жылдары - Қарағанды облысы прокурорының көмекшісі. 1991-1992 жылдары - Қарағанды облысы прокуратурасының аға тергеушісі. 1992-1993 жылдары - «Қарағанды Тұрғынүй» №3 Қарағанды кірпіш зауытының заңгері. 1993-1994 жылдары - Кеңес халқының аудандық сотының халықтық соты. 1994-1997 жылдары - Қарағанды қалалық сотының судьясы. 1997-1999 жылдары - Қарағанды облысы заң басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары - Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы. 2002-2006 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық іс жөніндегі коллегиясының төрағасы. 2006-2009 жылдары - Астана қаласы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.
2009 жылдан - қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
35 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппаратының жетекшісі, Бірінші санатты кеңесші, Халықаралық қатынастар саласының маманы НҰРТІЛЕУОВ Мұрат Әбуғалиұлы дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама басқармасының референті, атташесі, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрі хатшылығының жетекшісі. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппараты жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2007 жылдың қыркүйек айынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен және медальмен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 12-І, СЕНБІ
Ресей Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні. 1879 жылы ресей императоры Александр ІІІ жазаны атқаратын бірыңғай мемлекеттік жүйенің бастамасы болған түрме департаментін құру туралы жарлық шығарды.
Қытайда ағаш отырғызу күні. Жаппай ағаш отырғызудың бастаушысы болған ұлы революция қайраткері Сунь Ят-сеннің құрметіне атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Алматыда «Bolashak. org» және «Алаш - ұлт патриоттар жалғасы» басылымдарының тұсаукесері өтті. «Болашақ» республикалық қозғалысының қолдауымен шығарылған басылымдардың мақсаты - жастардың рухани-этикалық мәселелерге назарын аудару, оларды еркін ойлау мен отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бұлар - студенттер мен жастардың оқуын, өзекті мәселелерін, бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін зерттеуге арналған басылымдар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылып, республика аумағына таралады.
1 жыл бұрын (2010) Дрезден қаласында Қазақстан Республикасының құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті. Консулдықтың қызметі Германияның Саксония және Саксония-Ангаоль федеральдық жерлеріне таралатын болады.
1 жыл бұрын (2010) Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің алғашқы CD нұсқадағы күйтабағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Альбомға ансамбльдің орындауындағы барлық музыкалар енген. «Бүгінде «Тұран» ансамблі тек Қазақстанда ғане емес, шет елдерде де еңбегімен мойындалып, танылды. Қазақ әуенін көне аспаптармен асқан шеберлікпен орындай білетін жас ұжым дәстүрлі мәдениетке жаңаша көзбен қарап, өздерін көрсетіп келед
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі оған Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен бюджеттік, салықтық және кедендік саясатты қалыптастыру мен бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді беру жолымен;
2) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, соның ішінде оған стратегиялық жоспарлау және өңірлік даму саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді жүктей, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінен сауда саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі етіп қайта құру жолымен;
3) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен электр энергетикасы, тау-кен және атом өнеркәсібі саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі етіп қайта құру жолымен;
4) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оны Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі етіп қайта құру жолымен;
5) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл сласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен;
6) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінен бұқаралық ақпарат саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
1 жыл бұрын (2010) Отандық білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Елбасы тапсырмаларын, сондай-ақ «Еуропаға жол» ұлттық бағдарламасының баптарын жүзеге асыру аясында наурыздың 11-інде Будапеште өткен Болон министрлер форумы мәжілісінің барысында Қазақстан Болон процесіне қосылды.
Қазақстанның қосылуы туралы шешімді Болон декларациясына қол қойған 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Болон үдерісіне қосылу қазақстандық жоғары оқу орындарына отандық білім беру бағдарламаларын еуропалық стандарттарға сәйкестендіру, қазақстандық біліктіліктер мен академиялық сатыларды тану, студенттер мен оқытушылардың академиялық икемділігін қамтамасыз ету, қазақстандық дипломдардың Еуропада танылуы және түлектердің шетелдерде жұмысқа тұру мүмкіндіктерін кеңейту сияқты бірқатар басымдықтар береді.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1946) Әскери қайраткер, генерал-майор ОРЫНБЕКОВ Мүбәрак Орынбекұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Кемерово әскери байланыс училищесін, Әскери байланыс академиясын бітірген.
1967-1992 жылдары - радиостанция взводының командирі, техникалық бөлім батальоны командирінің орынбасары, жеке байланыс батальонының командирі, КСРО Азаматтық қорғаныс Жоғары орталық офицерлер курсының оқытушысы, аға оқытушысы, бастығының орынбасары, цикл бастығы. 1992 жылы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар басқармасы пункт бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің байланыс жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штабы бастығының байланыс жөніндегі көмекшісі - Байланыс бөлімінің бастығы. 1992-1997 жылдары - байланыс әскерлерінің бастығы. 1997-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы байланыс әскерлерінің бастығы - Байланыс басқармасының бастығы. 2003-2006 жылдары - Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің әскери атташесі. 2007 жылы зейнеткерлікке шыққан. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери инспекциясының генерал-инспекторы. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», ІІІ дәрежелі «За службу родине» медальдарымен марапатталған.
55 жыл бұрын (1956) Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы ТОТЫБАЙ-ТЕГІ Ерхан Нұханұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Іле ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1982-1991 жылдары - Талғар ауданаралық прокуратурасының стажері, Ұйғыр аудандық прокурорының көмекшісі, Талғар ауданаралық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі, Іле аудандық прокурорының орынбасары. 1991-1996 жылдары - Алматы қаласының Ленин аудандық сотының судьясы. 1996-2005 жылдары - Медеу аудандық сотының төрағасы. 2005-2008 жылдары - Түркісіб аудандық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары - Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың ақпан айынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Сот жүйесінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 13-І, ЖЕКСЕНБІ
Гренаданың Ұлттық мейрамы - Революция күні (1979). Гренада - Кариб теңізінің оңтүстік-шығысындағы аралды мемлекет. Астанасы - Сент-Джорджес. Ресми тілі - ағылшын. Басқару формасы - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - Елизавета ІІ. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2001) Алматыда, Қазақ сәулет-құрылыс академиясының студенттер жатақханасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш тақта орнатылды.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1966-1988) Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1986 жылдың күзінде жолдамамен Алматы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседі. АСҚИ-дің бірінші жатақханасында тұрған Қайрат бірінші курс студенті болғанына қарамастан институтың қоғамдық өміріне белсене аралысып кетті. Сол кезде-ақ жас комсомолдар жасағының командирі, студенттер кәсіптік бюросының (профбюро) мүшесі болды. 1986 жылы 17-18-желтоқсанда Брежнев алаңындағы бейбіт шеруге қатысты. Сол үшін Қайрат шеруге шыққан достарымен бірге тұтқындалып, "18-желтоқсанда Мир (қазіргі Достық даң.) және Қаныш Сәтбаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасап, Савицкийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады" деген айып тағылып, достарымен бірге сотты болады. Тергеу жұмыстары алты айға созылып, соңында болған сотта Қайратпен бірге болғандар 4 жылға, 15 жылға бас бостандықтарынан айырылады. Ал Қайратқа жабылған жала ауыр болып, алғашында ату жазасына кесілді. Кейіннен шетелдіктер ұйымдар мен қоғам қайраткерлерінің қарсылықтарынан сескенгендей болған сол кездегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 28 сәуірдегі жарлығымен оған кешірім жасалып, оның жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазамен ауыстырды.
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Теңізшілердің жеке куәліктері туралы 1958 ж. конвенцияны (№185 конвенция) қайта қарайтын Конвенцияны ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1946) Астана қалалық ардагерлер кеңесінің маманы, еңбек ардагері ДҮЙСЕНОВ Есболат Қасымұлы дүниеге келді.
Ақмола облысы Бұланды ауданыда туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Целиноград ауылшаруашылығы институты жанындағы жетекшілік курсын бітірген.
Еңбек жолын 1963 жылы Целиноград облысы Бұланды ауданы «Заветы Ильича» кеңшарында механизаторлықтан бастаған. 1970-1979 жылдары - Бұланды аудандық Макин арнайы ірі қара мал бордақылауға мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің бас зоотехнигі. 1979-1981 жылдары - Целиноград облысы Сілеті аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі. 1981-1991 жылдары - Целиноград облысы Сілеті аудандық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары. 1991-1997 жылдары - Целиноград облысы Сілеті аудандық ауылшаруашылығы басқармасы бастығы. 1997-2009 жылдары - Бұланды ауданындағы «Суворовский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Атбара ауданындағы «Сарыбас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Целиноград ауданыдағы «Оразақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметтерін атқарған. 2009 жылы зейнеткерлікке шығып, Астана қалалық ардагерлер ұйымының маманы қызметін атқарады.
«За трудовое отличие», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Ақмола облыстық партия комитетінің, Ақмола облысы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
55 жыл бұрын (1956) ТМД-нің Экономикалық Кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясының Қазақстан Республикасындағы Өкілетті елшісі, 1-ші санатты кеңесші АЙДАРОВ Наурыз Ғұбайдоллаұлы дүниеге келді.
Тараз қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.
1978-1982 жылдары - Алматы қаласы БЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, нұсқаушысы. 1982-1984 жылдары - Қазақстан Республикасы «Еңбек» ерікті спорттық қоғамының бөлім меңгерушісі, нұсқаушысы. 1985-1989 жылдары - әскер, авиация және флотқа жәрдемдесу ерікті қоғамы Фрунзе аудандық комитетінің төрағасы. 1990-1993 жылдары - мектеп-интернатының директоры. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кадр басқармасы бастығының орынбасары, бірінші хатшысы. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі, бірінші хатшысы. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Белорусиядағы елшілігінің кеңесшісі. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаменті директорының орынбасары. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кадр және бақылау департаментінің директоры, директордың орынбасары. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі істері жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Грузиядағы Уақытша сенімді өкілі. 2006-2009 жылдары - жаңа шақырту және қауіп-қатерге қарсы әрекет және қауіпсіздік саласының ынтымақтастық жөніндегі департаменті директорының орынбасары, ТМД атқарушы хатшысының - атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың наурыз айынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Степная дипломатия одевается во фрак», «Дипломатический календарь. Министерство иностранных дел Республики Казахстан-10 лет», «Гамарджоба, Сакартвело (Грузия глазами казахского дипломата)», «Посольская грамота» атты кітаптарының авторы.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен және БҰҰ «За миротворческую деятельность» медалімен марапатталған.
40 жыл бұрын (1971) «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары ҚАБДРАХМАНОВ Бейбітхан Оразханұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. 1988-1989 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау процесін автоматтандыру және басқару жүйесін толық жетілдіру Ғылыми-зерттеу институтының технигі. 1989-1991 жылдары - әскерде болды. 1991-1993 жылдары - Алматы қаласындағы «Ведомства и Советы Со Ltd» ЖШС-нің өкілі. 1993-1995 жылдары - «Казконтракт» АҚ-ның жүргізуші маманы. 1995-1996 жылдары - «Ертіс» фирмасының бас маманы. 1996-1999 жылдары - «Казкоммерцбанк» ААҚ-ның менеджері, бөлім бастығы. 1999-2001 жылдары - Алматы қаласындағы «ПНПЗ-CCL» ЖАҚ-ның өкілділігінің бөлім бастығы, директоры. 2001-2003 жылдары - «Қазмұнайөнім» ААҚ-ның қаржы директоры. 2003-2006 жылдары - Астана қаласының «Квартирное бюро» АҚ-ның директоры. 2007-2009 жылдары - Алматы қаласы әкімшілігінің «Алматыжер» МКК-ның директоры қызметтерін атқарған.
2009 жылдың желтоқсан айынан бастап - қазіргі қызметінде.