09:30, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚазАқпарат-Анонс: ақпанның 6-сы мен 8-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
None

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ
Ақпанның 2-сі мен 6-сы аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Құрама Штаттарға сапар жасайды. Вашингтонда Қ.Саудабаев АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің өкілдерімен, жетекші парламентшілермен, оның ішінде сенатор Ричард Лугармен және АҚШ-тың Хельсинки комиссиясының төрағасы Элси Хастингспен, сондай-ақ американдық сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.ҮКІМЕТ
Ақпанның 6-сында Парламент Мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысы өтеді. Ақпанның 6-сында Көлік және коммуникация министрлігінде «Қорғас» халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы» АҚ мен «Тойота Цусе Корпорейшн» компаниясының арасында меморандумға қол қою рәсімі өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
Ақпанның 6-сында ҚР Парламенті Мәжілісінде өтетін басқосуға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен холдингтердің басшылары қатысады. Ақпанның 6-сында «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 7-ші отырысы өтеді. «Кеңестің кезекті жиынында «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Заңның орындалуына қатысты орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда жүргізілген тексеру қорытындылары талқыланады. Парламенті Мәжілісінің регламентіне және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының жұмыс жоспарларына сәйкес, ағымдағы жылғы ақпанның 9-ы мен 18-і аралығында фракция депутаттары өңірлерде жұмыс істейтін болады. Сапар аясында фракция депутаттары жергілікті билік, аймақтық партия өкілдерімен кездесіп, «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасының жүзеге асырылу жайын талқыға салады. ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі. 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне енді. Ақпанның 4-і мен наурыздың 4-і аралығында «Нұр Отан» ХДП-ның Ақтөбедегі филиалы «Алтын жүрек» айлығын өткізеді. Аталмыш айлықтың мақсаты ? жүрек ақауымен туылған нәрестелерге көмек қолын созу. Шара Ақтөбенің барлық аумағын қамтиды. Арнайы баспасөз мәслихаты өткізіліп, денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен әлеуметтік бейнеролик дайындалады.СПОРТ
Ақпанның 1-8-і күндері Қостанайда бокстан Қазақстан чемпионаты өтуде. Оған ұлттық құраманың барлық үздіктері қатысады. Қазақстан чемпионатында үздік шыққандар маусым айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына және тамыздың аяғында Италияда болатын Әлем чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алады. Жалпы жыл сайын әр қалада өтіп келе жатқан дәстүрлі бұл байрақты бәсеке былтыр Таразда ұйымдастырылған болатын.АСТАНААқпанның 6-сында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының кеңсесінде «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 7-ші отырысы өтеді. «Кеңестің кезекті жиынында «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Заңның орындалуына қатысты орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда жүргізілген тексеру қорытындылары талқыланады. Ақпанның 6-сында Халықаралық баспасөз орталығында «Күш-қуат құрылымдарының 13-ші дүниежүзілік олимпиадасына әзірлік» мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Ақпанның 6-сында Ұлттық академиялық кітапханада Қытай Елшілігінің ұйымдастыруымен «Қытайдың төрт маусымы» фильмі көрсетіледі. АЛМАТЫ Ақпанның 3-6-сы аралығында «Біз ? интернационалистерміз» атты халықаралық акция өтуде. Бұл ауқымды шара Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл толуына орайластырылып отыр. Халықаралық деңгейдегі басқосуға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары жанындағы Жауынгер-интернационалистер ісі жөніндегі комитет өкілдері, ТМД және Балтық елдерінің ардагер-интернационалистері, сондай-ақ қазақстандық Ауған соғысы және жергілікті қақтығыстар ардагерлері одақтарының мүшелері қатысады.Ақпанның 6-сында Республика сарайында Алматы әкімі А.Есімовтың қала тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтеді. Ақпанның 6-сында «Анкара» қонақүйінде Иран елшісінің қатысуымен Иран революциясының мерейтойына арналған іс-шара өтеді. АЙМАҚТАРАЛМАТЫ ОБЛЫСЫӘкімдердің жыл сайынғы есеп беру науқаны биыл қаңтардың 28-інде басталып, ақпанның 11-інде аяқталады. Осы екі аптаның ішінде 16 аудан әкімі мен үш қала әкімі былтырғы жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп береді. Ал облыс әкімі Серік Үмбетовтың қорытынды есебі ақпанның 11-іне жоспарланып отыр.БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫАудан әкімдерінің есебі қаңтардың 19-ында басталды. Қала әкімінің қорытынды кездесуі қаңтардың 30-ына белгіленсе, облыс басшысы ақпанның 12-сінде өңір тұрғындары алдында есеп береді. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫОблыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кездесуі ақпанның 6-сында халық өкілдерінің қатысуымен өтетін облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында өтеді.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫОблыстың барлық өңірлерінде қаңтардың 12-сінен бастап барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиналыстары басталады. Бірінші кезекте жыл бойына атқарған жұмыстары бойынша селолық және кент округтерінің 255 әкімі есеп береді. Олар барлығы 680 кездесу өткізеді деп күтілуде. Аудандық маңыздағы алты қаланың әкімі өз өңірлерінің тұрғындарымен 22 кездесу өткізеді. Ал қалалар мен аудандардың 19 әкімі өз есеп беру науқандарын қаңтардың 16-сында бастайды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРАҚПАННЫҢ 6-СЫ, ЖҰМАХалықаралық саамдар күні. 1917 жылы Норвегияның Тронхейм қаласында осы күні саамдардың жиналысы өтті. Оның мақсаты барлық солтүстік елдердегі осы халық өкілдерінің басын біріктіру болды.Жаңа Зеландияның Ұлттық мейрамы ? Вайтанга күні. 1840 жылы Вайтанга өзенінде маорий басшысы ел егемендігінің барлық құқықтары мен өкілеттігін ағылшын королевасына беру туралы келісімге қол қойып, Жаңа Зеландия Англияның колониясына айналды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР75 жыл бұрын (1934) Қарағанды қаласының іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Тұрғындар санының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Жерінде қараған бұтасы көп өсетіндіктен қала Қарағанды деп аталған. 1833 жылы Аппақ Байжанов осы жерден тас көмір тауып, Қарағанды өңірін орыстың кен кәсіпкері Н.Ушаковқа 250 сомға сатып жіберді. Бүгінгі таңда Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Қалада ҚР ҰҒА-ның Орталық Қазақстан бөлімшесі орналасқан. Сондай-ақ бірнеше жоғары оқу орындары, кәсіптік-техникалық мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мұражайлар, театрлар, филармония, цирк, стадион және екі саябақ бар.6 жыл бұрын (2003) Лондонда Қазақстан кинематографиясына арналған фестиваль ашылды.ЕСІМДЕР105 жыл бұрын (1904-1983) актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі ОРЕЛ Евгений Ефимович дүниеге келді.
Тбилиси қаласында туған. Тбилиси қаласындағы актриса Е.Сатина жетекшілік еткен театр студиясында оқыған. 40-шы жылдары Қазақстанға келіп, 1942-1955 жылдары Семей орыс драма театрында, Ақмола (қазіргі Астана) облыстық орыс драма театрында бас режиссер қызметін атқарды. Орел негізінен орыс драматургиясының туындыларын, сонымен қатар қазақ жазушысы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясын да сахналады. Ол облыстық радио мен телевизия жұмысына белсене ат салысып, бірқатар қызғылықты радиоқойылымдар мен телевизиялық спектакльдер қойды.
АҚПАННЫҢ 7-І, СЕНБІГренада мемлекетінің Ұлттық мерекесі ? Тәуелсіздік күні (1974). Гренада Кіші Антиль аралдар тобына жататын аралдар мен Гренада аралдар тобының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы ? Сент-Джорджес. Ресми тілі ? ағылшын тілі. Ақша бірлігі ? кариб доллары. 1984 жылы қабылданған конституциясы бойынша Ұлыбритания Королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді генерал-губернатор басқарады. Заң шығарушы органы ? екі палаталы (сенат және өкілдер) парламент. Атқару билігі Премьер-министр басқарған үкімет қолында.Солтүстік аумақтар күні. Жапониядағы атаулы күндер қатарында бұл күн ерекше орын алады. Өйткені, бұл ел ресейлік Кунашир, Итуруп, Шикотан аралдарын өзіне қайтару туралы мәселені күн тәртібінен түсірген емес.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР18 жыл бұрын (1991) Қазақстанда әйелдерге арналған «Ақ босаға» атты тұңғыш газет жарық көрді. Шығарушысы және редакторы ? Шолпан Ұғыбаева.17 жыл бұрын (1992) Алматыдағы №139 қазақ орта мектебіне мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.3 жыл бұрын (2006) Алматыдағы Ғалымдар үйінде Қазақстан журналистикасы академиясының ұйымдастыруымен «Жұлдыздың жарығы. Отандық журналистиканың таңдаулылары» атты кітаптың таныстырылымы болды. Seimar Social Fund қайырымдылық қорының демеушілігімен жарыққа шыққан бұл анықтамалық жинаққа аталған академияның академик-мүшелерінің, қоғам қайраткерлерінің, белгілі журналистердің қызметі туралы көркем-публицистикалық шығармалар мен жалпы ТМД аумағында әлі пайда бола қоймаған «Алтын Жұлдыз» және «Алтын Самұрық» секілді ең жоғарғы жалпыұлттық журналистика сыйлығының шығу тарихы мен оны жүлдегерлерге тағайындау тәртібі жайында мағлұматтар енгізілген.95 жыл бұрын (1914) АҚШ-та Kid Auto Races in Venice фильмі экранға шықты. Онда алғаш рет Чарли Чаплин бәріміздің сүйікті кейіпкерімізге айналған шолақ мұртты, қалталанған шалбар киіп, таяқ ұстаған қайыршы кейпінде ойнады.45 жыл бұрын (1964) Beatles тобы Американың теледидарынан тұңғыш рет шықты. 728 орындық студияда өтетін хабарға қатысу үшін 50 мың көрермен тілек білдірген. Студиядан тікелей берілген концертті 73,7 миллион адам тамашалаған. 25 жыл бұрын (1984) «Челенджер» ғарыш кемесінің ғарышкері Брюс Маккендлес ашық ғарыш кеңістігіне қауіпсіздік арқанынсыз шықты. ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері ҚАЗАҚБАЕВА Гүлжамал Мұқажанқызы дүниеге келді.
Алматы облысының Кербұлақ ауданында туған. Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын, Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Өнер жолын Шымкент облыстық қазақ драма театрынан бастады. 1978 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрында актриса болды. Ол осы театр сахнасында Баян, Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері ? Ақтоқты»), Алуа, Құртқа, Қарагөз (М.Әуезов «Алуа», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Қаралы сұлу»), Алма (Т.Ахтанов «Күшік күйеу»), Офелия, Елена (У.Шекспир «Гамлет», «Дуалы түнгі думан»), Балым, Түйметай (Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты», «Сталинге хат»), Кейуана (Иран-Ғайып «Қанына тартқан қыңырлар»), Салиха ана (О.Сүлейменов, Б.Мұқай «Замана қыры»), т.б. рөлдерді орындады.
АҚПАННЫҢ 8-І, ЖЕКСЕНБІРесей ғылымының күні. Ресей Федерациясы Президентінің 1999 жылғы маусымның 7-індегі жарлығымен белгіленген. 284 жыл бұрын (1724) Петр I жобасымен және Сенат Жарлығымен Санкт-Петерборда Ғылым академиясының негізі қаланды. Ол Ресейдің алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемесі болды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР85 жыл бұрын (1924) «Еңбекшіл қазақ» газетінің төртінші бетінде аптасына бір рет шығатын жастар беті ашылды. «Лениншіл жас» деп аталатын осы беттің редакторы Е.Алдоңғаров болды. 1925 жылдан бастап «Жас қайрат» атты дербес газет болып шықты.3 жыл бұрын (2006) Қазақстанда «Құрметті машина жасаушы» белгісі белгіленіп, ол Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің атынан берілетін болды.85 жыл бұрын (1924) АҚШ-та алғаш рет өлім жазасына кесілген қылмыскерді газ камерасы арқылы жазалау қолға алынды.ЕСІМДЕР175 жыл бұрын (1834-1907) ұлы орыс химигі, Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі МЕНДЕЛЕЕВ Дмитрий Иванович дүниеге келді.
Ресейдің Тобыл қаласында туған. Оның ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыты жалпы химия, химиялық технология, физика, экономика, ауыл шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған. Ол 1854-1856 жылдары изомерия құбылысын зерттеп, 1859 жылы сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал ? ареометр құрастырды. 1861 жылы «Органикалық химия» атты алғаш орыс тіліндегі оқулықты шығарды. 1860 жылы сұйықтардың қайнауының абсолюттік температурасын, 1865-1887 жылдары гидраттық теорияны, 1869 жылы жаратылыстың негізгі заңдарының бірі ? периодтық заңды ашты. Сонымен қатар молекуланың массасын табудың Клапейрон ? Менделеев теңдеулерін шығарды. 1877 жылы мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын, 1880 жылы көмірді жер астында газға айналдыру идеясын ұсынды. Таразылардың физикалық теориясын жасап, дәл шешудің әдістерін ұсынды. Жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент «менделевий» Менделеевтің құрметіне аталды.