09:20, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚазАқпарат-Анонс: қаңтардың 16- сы мен 18-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
None
ЕЛБАСЫЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары барысында қаңтардың 23-і мен 27-сі аралығында Делиде «Қазақстан-Үндістан» Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы және екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік келіссөздері өтеді. ҮКІМЕТ
Қаңтардың 16-сында Премьер-Министр К.Мәсімовтың қатысуымен Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің алқа мәжілісі өтеді. Қаңтардың 16-сында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өтеді. Қаңтардың 16-сында Премьер-Министр К.Мәсімовтың қатысуымен Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің алқа мәжілісі өтеді. ПАРЛАМЕНТ
Қаңтардың 16-сында Парламент Мәжілісінде спикер Орал Мұхамеджановтың АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Ричарда Е. Хоугландпен кездесуі өтеді. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағалары Үштігінің құрамына кірді. ЕҚЫҰ ережелеріне сәйкес Үштікті Ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы ЕҚЫҰ Үштігіне Грекия (қазіргі төраға), Финляндия (2008 жылы төрағалық еткен) және Қазақстан (2010 жылғы төраға) қатысады. Қаңтардың 16-19-ы аралығында Дохада (Катар) мұсылман көшбасшыларының жаһандық 3-ші конференциясы өтеді. Аталмыш шара штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан «Америка қауымы мұсылмандардың дамуын қолдайды» (ASMA) атты үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Конференцияның мақсаты қазіргі заман мәселелерін қарастыратын сындарлы сұхбатқа қолдау көрсету болып табылады.
ҰЛТТЫҚ БАНКҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру жылдық ставкасын 10 пайыз деңгейінде белгілеуге шешім қабылдады.ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі. 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне енді. СПОРТ
Германияның Дюссельдорф қаласында қаңтардың 17-сінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин аргентиналық Хавьера Альберто Маманимен рейтингтік жекпе-жек өткізеді.
АСТАНАҚаңтардың 15-і мен 19-ы аралығында Астанада футзалдан Қазақстан чемпионатының бесінші тур ойындары өтеді.Қаңтардың 16-сында Астанада «Масс-медиа саласында зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбына арналған семинар-тренинг өтеді. Қаңтардың 16-сында Халықаралық баспасөз орталығында Ю.Никулин атындағы цирктің әртістерімен баспасөз мәслихаты өтеді. Қаңтардың 16-сында «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқанның басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. АЛМАТЫ
Қаңтардың 16-сында Алматыда Қазақтың экономика университетінде «Денсаулық-2009» дәстүрлі спартакиадасы басталады. Қаңтардың 16-сында «Таным» клубында жаңа төлқұжаттардың енгізілуіне байланысты пікірталас өтеді. Қаңтардың 16-сында Бағанашылдағы ҰҚК академиясында жаңа оқу корпусының ашылу рәсімі өтеді.
Қаңтардың 19-ында «Қазақстан-Үндістан: ынтымақтастық перспективалары» деп аталатын конференция өтеді. Оны Үндістан елшілігі мен Нью-Делидегі Сыртқы істер министрлігінің ақпарат бөлімі ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен ынтымақтасып ұйымдастырып отыр.АЙМАҚТАРАЛМАТЫ ОБЛЫСЫӘкімдердің жыл сайынғы есеп беру науқаны биыл қаңтардың 28-інде басталып, ақпанның 11-інде аяқталады. Осы екі аптаның ішінде 16 аудан әкімі мен үш қала әкімі былтырғы жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп береді. Ал облыс әкімі Серік Үмбетовтың қорытынды есебі ақпанның 11-іне жоспарланып отыр.БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ Қаңтардың 12-сі мен ақпанның 14-і аралығында барлық деңгейдегі әкімдер есеп береді. Қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елімізде жүргізіліп жатқан реформалардан хабардар ету, билік органдарының ел алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілетін науқан барысында барлығы 440 кездесу болмақ. Алдымен ауыл әкімдері есеп берсе, аудан әкімдерінің есебі қаңтардың 19-ында басталмақ. Қала әкімінің қорытынды кездесуі қаңтардың 30-ына белгіленсе, облыс басшысы ақпанның 12-сінде өңір тұрғындары алдында есеп береді. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫЖергілікті атқарушы органдарының басшылары халық алдында есеп беруге әзірленуде. Атап айтқанда, селолық округтердің, ауылдар мен кенттердің басшылары тұрғындармен қаңтардың 12-сі мен 18-і аралығында кездесулер өткізсе, қалалар мен аудандардың басшылары қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында кездеседі. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кездесуі ақпанның 6-сында халық өкілдерінің қатысуымен өтетін облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында өтеді.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫОблыстың барлық өңірлерінде қаңтардың 12-сінен бастап барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиналыстары басталады. Бірінші кезекте жыл бойына атқарған жұмыстары бойынша селолық және кент округтерінің 255 әкімі есеп береді. Олар барлығы 680 кездесу өткізеді деп күтілуде. Аудандық маңыздағы алты қаланың әкімі өз өңірлерінің тұрғындарымен 22 кездесу өткізеді. Ал қалалар мен аудандардың 19 әкімі өз есеп беру науқандарын қаңтардың 16-сында бастайды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР, АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕСІМДЕРҚАҢТАРДЫҢ 16-Ы, ЖҰМАЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.17 жыл бұрын (1992) Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше 6 мемлекет Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Беларус және Армения басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында 7 келісімге қол қойылды.85 жыл бұрын (1924) алғашқы тікұшақ әуеге көтерілді. Испан ұшқышы П.Пескара әуеде 8 минут 13 секунд болып, 1 шақырымдай ұшып өткен.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ИЛЯЛЕТДИНОВ Альфарид Низамұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директоры, Қазақстан Ғылым академиясы Биология ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғылыми еңбектері табиғаттағы органикалық және минералдық заттардың айналымындағы микроорганизмдердің рөлін зерттеуге және оларды мал азығын өндіруге қолдануға арналған. Ғалым өнеркәсіптің ластанған суларын ауыр металдар ионынан, цианидтерден және органикалық ластанулардан тазарту үшін микроорганизмдерді пайдалану жөнінде іргелі ғылыми-зерттеу жүргізіп, бұрын ғылымда анықталмаған факультативті анаэробты бактерияларды тапты. Ол көп жылғы жүргізілген ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде шырынды мал азығы ? сүрлемінің құнарлығын арттыру мақсатында құрғақ бактериялық ашытқыларды, физиологиялық мақсаттағы бентобак ? пробиотиктерді тауып, оларды өндіріске енгізуге тікелей басшылық етті. Ғалымның жетекшілігімен ауыл шаруашылық малдарының төлдерінде және құс балапандарында кездесетін колибактериоз ауруын емдеу үшін сүт және пропион қышқылы бактерияларынан даярланған ? лакотовит препаратын ветеринарлық тәжірибеге енгізу жолға қойылды. Жалпы ғалымның 220-ға жуық ғылыми еңбегі, оның ішінде 4 монографиясы және 24 авторлық куәлігі бар.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
ҚАҢТАРДЫҢ 17-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.17 жыл бұрын (1992) «Zaman ? Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді.17 жыл бұрын (1992) Алматыдағы № 9 мектеп-интернат негізінде алғашқы түрік колледжі ашылды.13 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларус Республикасына ресми сапары басталды. Сапар барысында бірнеше құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде «Достық пен ынтымақтастық туралы» шарттың орны ерекше.8 жыл бұрын (2001) Оралда өрт сөндіретін машина шығарыла бастады.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) филология ғылымының докторы, профессор БАЙЖАНОВ Түзелбай дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Арқалық педагогикалық институтында қызмет істеп, орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы болды. 1993 жылы «Қазақ тіліндегі әскери лексиканың тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғалым әскери лексиканың этимологиялық сөздігін құрастырумен айналысып жүр. Оның бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген.
ҚАҢТАРДЫҢ 18-І, ЖЕКСЕНБІДіндердің Дүниежүзілік күні. БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап, қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР40 жыл бұрын (1969) Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ драма театры Б.Майлинның «Жалбыр» спектаклімен өз шымылдығын ашты. Театрға 1978 жылы актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың есімі берілді. Бірінші бас режиссері ? Қ.Шанин, директоры ? Т.Бәйімбетов.31 жыл бұрын (1978) «Жұлдыз» журналы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.17 жыл бұрын (1992) «Сөздің пірі ? Сүйінбай» атты жаңа ғылыми-танымдық телефильм жарық көрді.17 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кино үйінде Талғат Теменовтың «Қызғыш құс» атты көркем фильмінің премьерасы өтті.17 жыл бұрын (1992) Австрия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.15 жыл бұрын (1994) Оңтүстік Қазақстан облысының өнер ұжымы Түркияда өткен түркі тілдес елдер қуыршақ театрлары халықаралық фестивалінде бас жүлдеге ие болды.13 жыл бұрын (1996) Семей қаласында әдебиеттанушы ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторы, ғалым Қайым Мұхамедханұлының 80 жасқа толғаны аталып өтілді.10 жыл бұрын (1999) Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астанадағы «Мирас» халықаралық Қазақстан-Америка мектебінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. 3 жыл бұрын (2006) Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында тарихи-тағылымдық «Қазақтар» драмасының премьерасы болды. Қойылымда қазақ халқының өз алдына мемлекет болып қалыптасу кезеңі сөз болып, ал негізгі идеясы ? түбі де, тегі де бір түркі әлемінің аласапыран мына заманда қайта тұтасу мақсатын көздейді. Жәнібек ханның рөлінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази, Керей сұлтанды - Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс Айдос Бектемір, Мұхаммед Шайбаниді - Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләл, Қасым төрені - Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Асылбек Боранбай, Қойгелді батырды - әртіс Бауыржан Қаптағай сомдады. Қойылым суретшісі ? Еркін Әдісбек, композиторы ? Әділ Бестібаев. 75 жыл бұрын (1934) ағылшын полициясы қылмыс туралы мәлімет алмасатын қалта радиоқабылдағыштармен қамтамасыз етілді. Радиоқабылдағыштың көмегімен ең алғаш тұтқынға түскен қылмыскер дүкеннен үш пальто ұрлап шыққан соң 15 минуттан кейін қолға түскен.45 жыл бұрын (1964) американдық дәрігерлер АҚШ конгресін темекі шығаратын компанияларды қорап сыртына «темекі тарту сіздің денсаулығыңызға зиянды» деген ескерту енгізуге міндеттеуге шақырды.ЕСІМДЕР105 жыл бұрын (1904-1975) атақты актер БАБОЧКИН Борис Андреевич дүниеге келді.
Ол Бүкілодақтық кинематографистер институтында қазақ кино актерлерінің бір тобын тәрбилеп шығарды. Шәкірттерінің арасында Жамбыл Құдайбергенов, Жанна Керімтаева, Меңтай Өтепбергенов секілді танымал кино өнерінің шеберлері бар.