ҚазАқпарат-Анонс: қаңтардың 30-ы мен ақпанның 1-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None
ЕЛБАСЫЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Швейцарияның Давос қаласында қаңтардың 28-і мен ақпанның 1-і аралығында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуда. Давоста Мемлекет басшысы бүгін бизнес-таңертеңгілік аста трансұлттық компаниялардың бір топ өкілдерімен кездеседі. Олардың қатарында «АрселорМиттал», «Тоталь» (Франция), «Коч холдинг» (Түркия), «Ройал Датч Шелл» (Нидерланды) және басқа да компаниялардың өкілдері, барлығы 30 шақты ірі кәсіпкер бар. Елбасы сондай-ақ «Мұнай мен газдың геосаясаты - өтпелі кезең картасы» тақырыбында өтетін Энергетикалық саммит сессиясына қатысады. Ал түстен кейін Қазақстан Президентінің Дүниежүзілік банк басшысы Роберт Зелликпен, Израиль Президенті Шимон Переспен, Түркия Премьері Режеп Ердоғанмен, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Мировпен және бекзада Эндрюмен кездесулері жоспарланған. Алдағы ақпанның 3-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Берлинде Қазақстанның Германиядағы жылы ашылады. Бұл күні Берлиндегі Үлкен концерт залында Елбасының қатысуымен Қазақстанның Германиядағы жылы салтанатты түрде ашылып, еліміздің өнер шеберлерінің концерті өтеді.ҮКІМЕТҚаңтардың 30-ында Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство алқасының мәжілісі өтеді. Қаңтардың 30-ында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде ведомство алқасының мәжілісі өтеді. Қаңтардың 30-ында Білім және ғылым министрлігінде «Ұлттық біртұтас тестілеу-2009» тақырыбына арналған брифинг өтеді. Қаңтардың 30-ында Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында болады. Жұмыс сапарының мақсаты ? казармалық-тұрғын үй қорын пайдалануға беру, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысу, оқу-материалдық базаны дамыту және оқу үрдісінде интерактивтік жабдықтарды пайдалану.Қаңтардың 31-інде («Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс, 1-қабат, Мәжіліс залы) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа отырысы өтеді. Алқа отырысында министрліктің 2008 жылдағы негізгі қызметі қорытындыланып, 2009 жылы Мминистрліктің алдына қойған негізгі міндеттері қарастырылады.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағалары Үштігінің құрамына кірді. ЕҚЫҰ ережелеріне сәйкес Үштікті Ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы ЕҚЫҰ Үштігіне Грекия (қазіргі төраға), Финляндия (2008 жылы төрағалық еткен) және Қазақстан (2010 жылғы төраға) қатысады. ҰЛТТЫҚ БАНКҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру жылдық ставкасын 10 пайыз деңгейінде белгілеуге шешім қабылдады.ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі. 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне енді. ТМДҚаңтардың 29-ы мен 30-ында Бішкек қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар істері жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді. Аталмыш отырысқа «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов қатысады. Айдың соңында өтетін басқосуда ТМД-ға мүше мемлекеттерде «Жастар жылы» деп жарияланған 2009 жылдың іс-шаралар жоспары талқыланып, бекітілмек. Сондай-ақ жастардың еңбекпен қамтылу мәселесі, ТМД аясында қарым-қатынасты дамыту мен жастар саясатындағы өзге де өзекті сұрақтар қаралады деп күтілуде. АСТАНА Қаңтардың 30-ында «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестердің тиімділіктерін арттыру және олардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдары» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. АЛМАТЫ Қаңтардың 30-ында Алматы қаласы әкімдігі ғимаратында (конференц-зал, 1-қабат) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына кіретін ұлттық компаниялардың алматылық кәсіпкерлер тарапынан тауар, қызмет көрсету түрлерін сатып алу мәселелеріне арналған жиын болады.Қаңтардың 30-ында Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Құрғақтағы әскердің әскери институтында болады. Қаңтардың 30-ында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының қызметкерлерімен кездеседі. Қаңтардың 30-ында Алматы әкімдігінде «Нұр Отан» ХДП депутаттарының форумы өтеді. Қаңтардың 30-ында Футбол федерациясында Қазақстанның ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы баспасөз мәслихатын өткізеді. Алматыда қаңтардың 31-і күні кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтеді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейдің 14 былғары қолғап шебері қатыспақ. Шараға «Жерсу» корпорациясы демеушілік жасап отыр. АЙМАҚТАРАЛМАТЫ ОБЛЫСЫӘкімдердің жыл сайынғы есеп беру науқаны биыл қаңтардың 28-інде басталып, ақпанның 11-інде аяқталады. Осы екі аптаның ішінде 16 аудан әкімі мен үш қала әкімі былтырғы жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп береді. Ал облыс әкімі Серік Үмбетовтың қорытынды есебі ақпанның 11-іне жоспарланып отыр.БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫАудан әкімдерінің есебі қаңтардың 19-ында басталды. Қала әкімінің қорытынды кездесуі қаңтардың 30-ына белгіленсе, облыс басшысы ақпанның 12-сінде өңір тұрғындары алдында есеп береді. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫҚалалар мен аудандардың басшылары қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында халық алдында есеп беру кездесулерін өткізеді. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кездесуі ақпанның 6-сында халық өкілдерінің қатысуымен өтетін облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында өтеді.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫОблыстың барлық өңірлерінде қаңтардың 12-сінен бастап барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиналыстары басталады. Бірінші кезекте жыл бойына атқарған жұмыстары бойынша селолық және кент округтерінің 255 әкімі есеп береді. Олар барлығы 680 кездесу өткізеді деп күтілуде. Аудандық маңыздағы алты қаланың әкімі өз өңірлерінің тұрғындарымен 22 кездесу өткізеді. Ал қалалар мен аудандардың 19 әкімі өз есеп беру науқандарын қаңтардың 16-сында бастайды. --------------------------------------------------------------------------------------------------ҚАҢТАРДЫҢ 29-Ы, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР75 жыл бұрын (1934) Шымкент қорғасын зауыты іске қосылды. Қазір осы зауыт ТМД елдері бойынша қорғасын қалдықтарын өңдеу ісімен айналысатын ең ірі кәсіпорын болып есептеледі.17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.16 жыл бұрын (1993) Швейцарияның Давос қаласында Бүкілдүниежүзілік экономикалық форум өтті. Оған Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысып, «Бритиш» және «Аджип» компаниялары Қазақстандағы ірі Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игеруге жарияланған тендерді ұтып алғанын хабарлады. 11 жыл бұрын (1998) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Талғат Мұсабаев бастаған халықаралық экипаж ғарышқа аттанды.ЕСІМДЕР135 жыл бұрын (1874-1960) Рокфеллер империясының негізін қалаушы, мұнай кәсіпкері РОКФЕЛЛЕР Джон дүниеге келді. ҚАҢТАРДЫҢ 30-Ы, ЖҰМАЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.3 жыл бұрын (2006) Астанада Марат Азбанбаевтың «Менің Қазақстаным - Жұмекен» атты кітабының таныстырылымы өтті.3 жыл бұрын (2006) «Ана тілі» баспасынан Кеңес одағының Батыры, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі, қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші Мәлік Ғабдуллиннің «Алтын жұлдыз» атты естелік кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа қаһарман ғалымның әскери шығармалары топтастырылған. Аталған жинақты құрастырып, алғы сөзін жазған - филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов. Сонымен қатар осы баспадан Серік Негимовтың «Қазақтың сал-серілері» атты жаңа кітабы оқырмандармен қауышты. Ғалымның аталған зерттеу еңбегіне Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал сынды қазақтың белгілі тұлғаларының өмірі мен шығармалары енгізілген.2 жыл бұрын (2007) Мәскеу монета сарайы қасиетті Құран кітабын алтыннан жасап шығарды. Коммерциялық фирмалардың бірінің тапсырысы бойынша дайындалған мұсылмандардың басты кітабының мұндай данасының бірінші иегері Ресей президенті Владимир Путин болды. Алтын Құранның нақты бағасы жария етілмеген. Тек «бірнеше ондаған миллион рубль» туралы сөз болғаны белгілі. Кітапты жасауға 14 килә 999-шы сынамалы алтын жұмсалған. Құранда араб қарпімен жазылған 163 алтын парақ бар. Олардың биіктігі - 14 см, ені - 10 см. Кітаптың басылуын «Әлемдік саяхат» жарнама фирмасының осы жоба үшін арнайы құрылған еншілес кәсіпорны қаржыландырған. Басылымға қасиетті кітаптың VIII ғасырда жазылған көне қолжазбасы түпнұсқа ретінде алынған. Қасиетті кітаптың 10 көшірмесін жасау көзделген. Олардың барлығы ислам негізгі дін болып табылатын мемлекеттердің басшыларына сыйға тартылады.ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1937) жазушы ЕРУБАЕВ Саттар дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Алдымен ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан. Түркістан жетіжылдық мектебін бітіріп, сонда аудандық комсомол комитетінде біраз уақыт қызмет істеген. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын арнайы курсты, Ленинградтың тарих-философия-лингвистика институтын бітірген. 1933 жылы «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлттық әдебиеті» деген тақырыпта диплом қорғап, аспирантурада қалдырылды. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің арнайы шақыртқан телеграммасымен елге оралды. Алдымен «Ленинская смена», кейіннен «Лениншіл жас» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Мұнымен қатар Алматыдағы жоғары ауыл шаруашылығы мектебінің философия кафедрасында ассистент болып, лекция оқыды. Біраз уақыт «Лениншіл жас», «Қарағанды пролетариаты» газеттерінде жауапты редактордың орынбасары болды. Өзінің болашақ романы ? «Менің құрдастарымның» материалын осы кезеңде дәл осы жердегі өмірден жинақтаған. Ол Қазақстан жазушылары одағының I съезіне делегат болып қатысып, одақтың мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі. 1935 жылы Алматыға оралып, Ленинград университетінің аспирантурасына түсуге дайындалды. Бірақ меңдеп кеткен ауруы оның оқуына еркіндік бермеді. Қазақ педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасына доцент боп орналасып, әдебиет тарихы мен теориясынан дәріс оқыды. Осы кезде «Менің құрдастарымды» жазып жүрді. Толық аяқтап үлгермегенмен, «Менің құрдастарым» романымен, көркем әңгіме, новеллаларымен прозашы ретінде, суреттеме-очерк, мақалалары арқылы - публицист, өлең-жыр, балладалары, эпиграмма, пародиялары арқылы ақын ретінде ол туған әдебиеті тарихынан өз орнын алды. 1966 жылы «Менің құрдастарым» романы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді.95 жыл бұрын (1914-1986) кинооператор, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері БЕРКОВИЧ Марк Исаакович дүниеге келді. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. 1937-1956 жылдары «Мосфильм» және «Моснаучфильм», ал 1956-1986 жылдары «Қазахфильм» студияларында қызмет етті. Шәкен Аймановпен шығармашылық бірлікте болып, ол қойған «Біз осында тұрамыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бір ауданда», «Әнші ауыл», «Алдаркөсе», «Тақиялы періште», «Найзатас баурайында» фильмдерін, сондай-ақ «Асау Ертіс жағасында», «Ән қанаты» атты көркем фильмдерді түсірді. Ол «Бес жылдан кейін», «Мұқанның қайта тууы», «Алматы», «Алғашқы гүлдер», «Жаңа жылыңызбен», «Шәкен Айманов», «Түсті металургия», «Жаңа алаң» тағы басқа ғылыми-көпшілік және хроникалық-деректі ленталардың түсірушісі және қоюшысы болды. «Аяқталмаған өмір киноленталары» атты естелік кітабы жарық көрген. 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және медальдармен марапатталған. ҚАҢТАРДЫҢ 31-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР13 жыл бұрын (1996) Қазақстанның екі палаталы тұңғыш Парламентінің алғашқы сессиясы Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысымен басталды.3 жыл бұрын (2006) Павлодарлық зейнеткер Мұрат Якубов араб-орыс-қазақ сөздігін құрастырып шықты. Онда үш тілдегі түсіндірмесі, жіктелген және тәуелденген формадағы түрлері берілген 20 мыңдай сөз бар. М.Якубовтың еңбегі 900 жазба беттен тұрады. Автордың айтуынша, бұған дейін мұндай сөздіктер басып шығарылмаған. 3 жыл бұрын (2006) Қазақстан бойынша алғашқы несиелік бюро құрылды. Америкалық «Creditinfo Group» компаниясының ұйытқы болуымен құрылған бұл бюро құрамына Қазақстандағы «Альянс» банкі», «АТФ Банкі», «ТұранӘлем Банкі», «ЦентрКредит Банкі», «Қазкоммерцбанк», «Қазақстанның Халық Банкі» мен «Цесна» банкі» акционерлік қоғамы секілді ең ірі қаржы институттары кіреді.2 жыл бұрын (2007) Берлинде (Германия) Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» деп аталатын кітабының таныстырылымы өтті.2 жыл бұрын (2007) Алматыда кешенді ғылыми-техникалық «Қазақстан Республикасының Ұлттық атласы» және «Қазақстан Республикасы» атты монография жарыққа шықты. Аталмыш еңбектердің әрқайсысы 3 томнан тұрады. Атластың 1-ші томы табиғи-ресурстық ахуалға арналған. Оған еліміздің жағрафиялық орны, бедері, геологиялық құрылысы, минералдық ресурстары, климаты, жерасты және жербеті сулары, топырақтары, жер ресурстары, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, ландшафтары мен физикалық-жағрафиялық ерекшеліктері қамтылған. Онда 116 карта жарияланған. Атластың әлеуметтік-экономикалық ахуалға арналған 2-ші томында еліміздің халқы, әлеуметтік саласы, туристік орындары, ауыл шаруашылығы, аумақтардың әлеуметтік-экономикалық саласы, сыртқы экономикалық байланыстар, тарихы және археологиясына қатысты 116 карта берілген. Ұлттық атластың 3-ші томынан еліміздің табиғи-шаруашылық жүйелерінің экологиялық жағдайына арналған 89 картамен танысуға болады. Ал «Қазақстан Республикасы» монографиясының Табиғи жағдайлары мен ресурстары» деп аталатын 1-ші томында еліміздің литосферасы, гидросферасы, атмосферасы және биосферасы туралы айтылады. «Әлеуметтік-экономикалық дамуы» деп аталатын 2-ші томда еліміз өз конституциясын қабылдағаннан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағрафиясы сипатталса, «Қоршаған орта және экология» деп аталатын 3-ші томда экологиялық ахуалдың жай-күйі қамтылып отыр.295 жыл бұрын (1714) Ресейдегі алғашқы мұражай ? Кунсткамера ашылды. Мұражай коллекцияларының алғашқы тобын I Петрдің шет елге барған сапарынан алып келген кеме, машина, астрономиялық құрал-жабдық үлгілері мен аң-құстардың тұлыптары құрады. Мұражай 1719 жылы көпшілік үшін есігін айқара ашты. Көрермен тарту үшін мұражайға келген әрбір адамға бір кесе кофе немесе арақ берілді. Бұл қонақжайлық үшін мемлекет қазынасынан 400 рубль бөлініп тұрды.ЕСІМДЕР65 жыл бұрын (1944) экономика ғылымының докторы, профессор ЖАТҚАНБАЕВ Ержан Байғожаұлы дүниеге келді. Алматы облысының Талғар ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1968-1984 жылдары Қазақстан Жоғары оқу орындары министрлігінде, Алматы халық шаруашылығы институтында қызмет істеген. 1984 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысады. Негізгі еңбектері аралас экономика, мемлекет және нарық мәселелерін зерттеуге арналған. 4 ғылыми кандидаттарын даярлаған, 70-тен аса еңбектің авторы.
Соңғы жаңалықтар