ҚазАқпарат-Анонс: қазанның 4-і мен қазанның 10-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None

ҮКІМЕТ

Қазанның 4-і күні Министрліктер үйінде «Қазақстандық қоғамның қалыптасуы меен дамуындағы отбасы тәрбиесінің рөлі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Қазанның 4-інде Қаржы полициясында Ж.Досқалиевтің қылмыстық ісіне қатысты брифинг өтеді.

Қазанның 4-і күні Сыртқы істер министрлігінде брифинг болады.

СЫРТҚЫ САЯСАТ

Қазанның 4-і күні Брюссельде еуропалық және азиялық мемлекеттердің гүлдену мәселелері және осы мемлекеттер азаматтарын сапалы да лайықты өмірмен қамтамасыз ету мәселелері басты тақырыбына айналатын Азия-Еуропаның сегізінші саммиті өз жұмысын бастайды.

АСТАНА

Қазанның 4-і күні «Азаматтық іс-қимыл» Құқық қорғау орталығының бастамасымен брифинг өтеді.

Қазанның 4-інде «Бәйтерек» медиа-орталығында Жолаушылар тасымалы басқармасы мен Жол полициясы басқармасының баспасөз мәслихаты өтеді.

Қазанның 4-і күні Астана қаласындағы «Атамекен» бизнес орталығында «Киот хаттамасының жүзеге асырылуы - климаттың өзгеру мәселесін шешудегі маңызды қадам» тақыбырынба он-лайн мәслихат өтеді.

АЛМАТЫ

Қазанның 4-і күніАлматыда «ІІІ Фесенков оқулары: «қазіргі астрофизика:дәстүр мен болашақ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Қазанның 4-інде «Үш Төбе» тұрғын үйінің ашылу салтанаты болады.

Қазанның 4-і күні 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының ресми әуе тасымалдаушысы«Эйр Астана» АҚ таныстырылымына арналған баспасөз мәслихаты өтеді

Қазанның 4-інде жыл сайынғы «Алтын жүрек» ұлттық жүлдесінің Сараптамалық және Қоғамдық кеңесінің отырысы болады.

АЙМАҚ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

Шығыс Қазақстан облысында қазанның 1-інен бастап облыстық әкімдік жанынан Инновациялар мен жаңа технологиялар жөнінде кеңес өз жұмысын бастайды

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР

ҚАЗАННЫҢ 4-І, ДҮЙСЕНБІ

Адамзаттың ғарыш дәуірі басталған күн. Дүниежүзілік ғарыш апталығы

Ғарыш дәуірі басталған күнді 1967-нші жылғы қыркүйекте Халықаралық астронавтика федерациясы жариялаған. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999-ыншы жылғы желтоқсанның 6-сында адам әл-ауқатын жақсартуға ғарыш ғылымы мен техникасы қосатын қомақты үлесті атап көрсету мақсатымен қазанның 4-і мен 10-ы аралығындағы аптаны Дүниежүзілік ғарыш апталығы (World Space Week) деп жарияланды.

Адамзат ғарыш дәуірінің басталуы күні - Қазақстан үшін айрықша мереке. 1957-нші жылы қазанның 4-інде нақ Қазақстан топырағынан планета тарихында тұңғыш рет Жердің жасанды серігі ғарышқа шықты және Жердің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин осы жерден ғарышқа көтерілді. Нақ Байқоңыр ғарышқа ұшқан кеңестік, сосын ресейлік және шетелдік ғарыш кемелері үшін де басты ғарыш айлағына айналды.

Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген: бір ұшу мерзімінде оған дейін ешкім ашық ғарышта бір тәуліктен артық болып көрмеген.

Бүкіләлемдік елді мекендер күні (Хабитат). Халықаралық тұрғын үй күні

«Елді мекендер жөніндегі комиссия» ұсынысына сәйкес БҰҰ Бас Ассамблеясы 40-ыншы сессиясында (1985-інші жылғы желтоқсанның 17-сіндегі №A/RES/40/202 қарар) бекітілген. Бүкіләлемдік Хабитат күні қазанның бірінші дүйсенбісінде, 1986-ншы жылдан атап өтіледі. Оның басқа атауы - Халықаралық тұрғын үй күні.

Жыл сайын осы күні БҰҰ мен «БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасы» әлем қалаларының бірінде ресми шаралар өткізеді.

БҰҰ-Хабитат міндеттеріне сондай-ақ халықаралық қоғамдастыққа Мыңжылдық декларациясында алға қойылған - жатаған жер-кепелердегі 100 миллион тұрғындардың өмір жағдайларын жақсартудың мақсаткерлік көрсеткіштері бойынша - даму саласындағы мақсатқа жету де кіреді.

БҰҰ-Хабитат екі негізгі бүкіләлемдік науқанды жүзеге асырады - Қалалық шаруашылықты басқару саласындағы және Тұрғын үйге ие болу кепілдіктері жөніндегі жаһандық науқан.

Халықаралық жануарлар күні

1931 жылы Флоренцияда өткен Табиғатты қорғаушылар қозғалысын жақтаушылардың халықаралық конгресі шешімімен католик мерекесі - Әулие Франциска күні атап өтіледі.

Халықаралық дәрігер күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыруымен қазан айының бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі.

Дүниежүзілік сәулет күні

Халықаралық сәулетшілер одағының 20-шы Бас Ассамблеясының шешімі бойынша жыл сайын қазанның алғашқы дүйсенбісінде атап өтіледі (1996 жылғы маусым, Барселона).

ТМД-ның кейбір елдерінде бұл мереке 1986 жылдан шілденің бірінші жексебісінде аталып өтіп жүр.

ОҚИҒАЛАР

335 жыл бұрын (1675) голланд физигі Х.Гюйгенс қалта сағатына патент алды.

5 жыл бұрын (2005) Шолаққорған қаласы Созақ ауданы орталығында жаңа мектеп ашылды. Бұл жаңа үлгідегі үлкен ғимарат 1266 орынға бағытталған.

Сонымен қатар Шолаққорғанда жаңа сегіз тұрғын үйлер берілді. Оның ішінде төртеуі бюджеттік қаржыға, қалған төртеуі «Қазатомпром» АҚ-ның қаржысына салынған. Пәтерлердің кілтін жас мамандарға, бюджет саласындағы қызметкерлеріне және көп балалы отбасыларға табыс етілді.

5 жыл бұрын (2005) Ақмола облысының Бұланды ауданындағы еліміздің біртуар ұлы, атақты балуан, әнші, композитор, ақын Балуан Шолаққа (Нұрмағамбет Баймырзаұлы) мемориалдық ескерткіш ашылды.

Биіктігі 16 метрлік сәулеттік шешімі ерекше ескерткіш Балуан Шолақтың (1864-1919 жж.) өмірі мен сан қырлы дарынынан мол мағлұмат береді. Мемориал Жамбыл облысындағы Қордай жерінен арнайы жеткізілген қызыл граниттен тұрғызылған. Қазақтың бір туар ұлының өмірі туралы баяндама қабырғаға қашаланып жазылған. Шолақтың ата-бабалары Жетісу өңірінен Сарыарқа даласына келген болатын, ол жас кезінде бірде-бір күрестен жеңілмей Балуан құрмет атағына ие болды. Бірақ Шолақтың басты қызығушылығының бірі ән айту мен домбырада күй тарту. Ол Біржан сал мен Ақан серінің шығармаларын керемет орындайтын. Жарық дүниеде бар болғаны 55 жыл ғана өмір сүрген, ол артынан ондаған өлеңдерді қалдырып кетті, соның ішінде халыққа кеңінен таралғаны «Ғалия», «Қыркүйек», «Талды-Көл», «Сарын» және басқалары. Қазақтың танымал жазушысы Сәбит Мұқанов өзінің дастанын атақты әнші, композитор, ақын Балуан Шолаққа арнаған. Оның есімі Алматыдағы Спорт сарайына берілген.

3 жыл бұрын (2007) Новосібір қаласында шекаралық аймақтардағы басшылардың кезекті форумы барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісім екі мемлекеттің теңіз флоты мен айлақтарын тиімді пайдалануға; теңіз, кеме, экипаж, жолаушы және жүк қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әріптестіктің негізгі бағыттары - теңіздегі табиғи ортаны қорғауды күшейту, экономика, теңіз көлігі ғылымы мен техникасы саласындағы байланысты кеңейту, сауда кеме қатынасы мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдар қызметіне қатысты пікір алмасу, теңіз көлігі бойынша халықаралық келісім-шарттарға қатысу.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1920-1997) қоғам қайраткері БИЖАНОВ Құсайын дүниеге келді.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Түрген педагогикалық училищесін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1945-1948 жылдары - Шелек аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, Алматы облыстық оқу бөлімінің қызметкері. 1948-1950 жылдары - орта мектептің директоры. 1950-1956 жылдары - Нарынқол аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1956-1960 жылдары - Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1960-1962 жылдары - Нарынқол аудандық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы. 1962-1965 жылдары - Балқаш ауыл шаруашылығы өндірісі басқармасы партия комитетінің хатшысы. 1965-1969 жылдары - Балқаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1969-1983 жылдары - Шелек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1983 жылдан зейнеткер.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-інші шақырылым депутаты. Ленин, Қазан революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Халықтар достығы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, және медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

90 жыл бұрын (1920-1985) психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор МҰҚАНОВ Мәжит Мұқанұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған. Ленинград педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) аспирантурасын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1953-1960 жылдары - Алматы шетел тілдері педагогикалық институтында (қазіргі Абылай-хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті). 1960-1985 жылдары - Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) психология кафедрасының меңгерушісі. 1971-1985 жылдары - КСРО Психологтар қоғамының Қазақ республикасы бөлімшесі Төралқасының төрағасы қызметтерін атқарған.

Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты ақыл-парасаттың этнопсихологиясы, этно және лингвопсихология, оқыту психологиясына арналған. «Ойды этно- және лингвопсихология тұрғысынан дәлелдеу», «Жан дүниенің сыры», «Ой мен интеллект (тарихи және этнопсихология очерктері)», «Ақыл-ой өрісі», «Жас және педагогикалық психология» кітаптарының авторы.

90 жыл бұрын (1920-1964) математик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор БЕДЕЛБАЕВ Әбдеш Құрамайұлы дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және оның аспирантурасын бітірген.

1953-1964 жылдары - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі. 1956-1964 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Математика және механика секторында топ жетекшісі.

Негізгі ғылыми еңбектері автоматтық реттеу мен сызықты емес жүйенің орнықтылық теориясына арналған. «Устойчивость нелинейных систем автоматического регулирования» шығармаларының авторы.

ҚАЗАННЫҢ 5-І, СЕЙСЕНБІ

Бүкіләлемдік мұғалім күні

1994-інші жылы ЮНЕСКО бекіткен. Қазанның 5-інде атап өтіледі. 1966-ншы жылы осы күні ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымы шақырған конференция «Мұғалімдер жағдайы туралы» Ұсынысты - мұғалімдер еңбегі жағдайларын айқындайтын тұңғыш халықаралық құжат қабылдады.

Бұл күн қоғамдағы мұғалімдер жайына, олардың білім беру мен дамудағы рөліне көңіл бөлуді көздейді. Бүкіләлемдік мұғалімдер күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеттері атап өтеді.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Алматыда белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының кинематографтар одағының мүшесі Қалила Омаровтың «Мұнай тамшысындағы тағдырлар» атты деректі фильмнің тұсау кесер рәсімі өтті.

Республикамыздың мұнай саласындағы ардагерлеріне арналған фильм үш бөлімнен тұрады. Фильмде отандық мұнай саласының дамуы, ардагерлердің суық климаттық жағдайларда аянбай еңбек еткендері туралы көрсетілген.

Фильм «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы тапсырысы бойынша түсірілген. Сценарийін жазған белгілі журналист және публицист Қайнар Олжай. Картина режиссері Қалила Омаров орындаушы продюсері және кинооператоры болды.

1 жыл бұрын (2009) Павлодарда облыстың білім саласының үздік қызметкерлері таныстырылған «Алтын қор» жинағы жарық көрді.

Басылымға ерен еңбектері үшін жоғары кәсіби баға алған үздік мұғалімдердің аты-жөндері енгізіліп отыр.

1 жыл бұрын (2009) «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы оңтүстікқазақстандық филиалының бастамасымен облыста Ақпараттық технологиялар орталығы пайда болды.

Орталықтың мақсаты - жергілікті жердегі ең өткір проблемаларды шешуде және оқиғаларды шынайы таратуда ынтымақтастық таныту.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1920-1988) ақын МОЛДАҒАЛИЕВ Жұбан дүниеге келді. Орал облысының Ақжайық ауданында туған. Орал ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. 1940-1947 жылдары әскер қатарында болған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1948-1952 жылдары - «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары. 1952-1954 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1955-1956 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары. 1957-1963 жылдары - «Жұлдыз» журналының бас редакторы. 1963-1971 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1973-1983 жылдары - КСРО Жазушылар басқармасының хатшысы. 1979-1983 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1983-1988 жылдары - шығармашылық жұмыспен айналысты.

Алғашқы өлеңі Орал облыстық «Комсомол ұрпағы» газетінде 1939 жылы басылған. 1949 жылы «Жеңіс жырлары» деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан. Содан бергі жылдар ішінде «Нұрлы жол», «Жыр туралы жыр», «Ғашық көзбен», «Заман тынысы», «Байқоңыр баспалдақтары», т.б. барлығы 60-тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ, орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бір томдығы, қос томдығы, үш томдығы жарық көрді. Өзі дүниеден өткеннен кейін шығармаларының екі томдығы шықты. 1970 жылы «Кісен ашқан» поэмасы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына, 1978 жылы «Қыран дала» және «Сел» поэмалары үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. КСРО Қорғаныс Министрлігі сыйлығының лауреаты және А.Фадеев атындағы алтын медальдің иегері. Көптеген шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, монғол, словак және басқа шетел тілдеріне аударылған.

Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту, екі рет 2-інші дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1985 жылы «Қазақ КСР Халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

70 жыл бұрын (1940-1996) кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ТОҒЫСБАЕВ Тоқболат Төлепбайұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында туған. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) бітірген.

Ол туған ел табиғатын бейнелеуде өзінің қайталанбас қолтаңбасын айқын аңғартты; заман мен адамды асқақ жырлаумен ұлттық бейнелеу өнері тарихында терең із қалдырды. «Гүл мен қыз», «Дала әуені», «Соғыс триптихы», «Дала баладасы», «Құрлысшылар сөзі», «Әнші таулар» атты кескіндемелік шығармалары айшықты әсемдігімен ерекшеленеді. Кескіндемеші портрет жанрында («Абай», «Айсұлу», «Ақын М.Шахановтың портреті», «Т.Ордабековтің портреті», «Е.Брусиловскийдің портреті». «Ә.Қашаубаевтың портреті») бейнелейтін адамның сыртқы ұқсастығынан гөрі ішкі парасатты ой толғанысы мен психологиялық-шығармашылық сезім дүниесін ашуды басты мақсат тұтты. Оның қылқаламынан туған туындылары кезінде Республикалық, Бүкілодақтық және Халықаралық көрмелерге қойылған. Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. 1997 жылы оның туған ауданындағы орта мектепке есімі берілген.

ҚАЗАННЫҢ 6-Ы, СӘРСЕНБІ

Бүкіләлемдік мекендеген жерді қорғау күні (World Hospice and Palliative Care Day)

Бүкіләлемде қазанның 6-ы күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1979 жылы Еуропаның жабайы флорасы мен фаунасын және мекендеген жерлерін қорғау туралы конфенциясының шеңберінде бекітілген.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Павлодар облысы Лебяжі ауданының Черное ауылындағы бір көшеге бұрынғы кеңшардың директоры Мұхтар Арыновтың есімі берілді. ХХIII партсъезд атындағы кеңшарды 18 жыл бойы басқарған, ол ауылдастарының мұқтаждарына көңіл бөліп отырған. Ол басқарған шаруашылық жоғары көрсеткіштерге жетті, Черное ауылының көшелеріне асфальт төселіп, мектеп, және шаруашылықтың жұмыскерлеріне ыңғайлы үйлер салынды. Ауылдастарының М.Арыновтың есімін мәңгі есте сақтап қалу ниетін жергілікті билік өкілдері қолдады.

1 жыл бұрын (2009) Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында алғашқы жоғары кернеулі трансформатор шығарылды. Қуатты машинаны «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ы жасап шығарған, олар бір жыл ішінде қуаттылығы 25000 кВА жоғары кернеулі трансформаторларды шығаратын жаңа цехты салды.

Бұл - отандық энергетика саласындағы инновациялық жоба. Жаңа цех жетекші батыс фирмаларының жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

1 жыл бұрын (2009) «Нұр Отан» ХДП-нің «Жас Отан» жастар қанатының жеке интернет-сайты www.zhasotan.kz ашылды.

«Жас Отанның» беделін арттыру, «Жас Отан» мен жастар арасындағы қарым-қатынасты күшейту мақсатында құрылды.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1950) ішкі қызмет полковнигі, «KSAR technology» ЖШС-ның бас директоры БАЙМҰХАМБЕТОВ Мақсұт Мақанұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін

бітірген.

Алматы облыстық атқарушы комитеті Ішкі істер басқармасының Еңбекпен түзеу мекемесінде нұсқаушы, аға нұсқаушы, Еңбекпен түзеу 14 - колониясы бастығының орынбасары, Еңбекпен емдеу 15 - профилакторий бастығының орынбасары, Алматы облысы ІІД-нің қылмыстық-атқарушы жүйе бөлімі бастығының орынбасары, Алматы облысы ІІД-нің ЛА-155/4 мекемесінің бастығы, ҚР ІІМ-нің қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті бастығының орынбасары, ҚР ІІМ-нің жанындағы тыл департаментінің бастығы, ҚР ІІМ «Қару (Арсенал)-1» РММ-нің бастығы, ҚР ІІМ-нің тергеумен-қамалған күдіктілерді алдын ала оңашалау департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдан бастап.

ҚАЗАННЫҢ 7-І, БЕЙСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Орталық Азиялық ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы аяқталғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен ЕурАзЭҚ-тың біріктірілуі туралы шешім қабылданды.

5 жыл бұрын (2005) Еуразия ұлттық университетінде ірі түркітанушы ғалым, этнограф Лев Гумилевтің кабинет-мұражайы ашылды.

Мұнда Л. Гумилевтің бүкіл шығармалары топтастырылған. Олардың ішінде «Қазақ этносының шығу тарихы» қолжазбасы мен «Этногенез бен Жер биосферасы» атты докторлық диссертациясының түпнұсқасы да бар. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық идеясын қолдайтын бірқатар еңбектері қойылған. Кабинеттің ашылу рәсімінде ғалымның зайыбы Н. Гумилеваның жиені М. Новгородова еуразияшыл жанның өз туындыларын басқан «Continental» жазу машинкасын мұражайға тапсырды.

1 жыл бұрын (2009) Павлодар мемлекеттік университеті ғалымдарының атымен аудиториялар аталды.

Аудиториялардың біріне ұлттық білім беру жүйесіне өзінің елеулі үлесін қосқан тарих ғылымдарының докторы, академик Тоқмұхамед Садықовтың есімі алтын әріптермен жазылған. Кабинеттерге оқу орнының бірінші ректоры - Евгений Мирошниктің, және ғылым жөніндегі проректоры, физика саласын зерттеуге өзінің 40 жылын арнаған - Василий Волошиннің және математик - Қанатбек Қайырбаевтың есімдері жазылған.

1 жыл бұрын (2009) Астанада Швейцар Конфедерациясының Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

1 жыл бұрын (2009) «Нұр Отан» ХДП-ның бастамасымен әлеуметтік шиеленістерді қарастырып және оларды шешетін Республикалық қоғамдық кеңес құрылды.

Кеңес қоғамдық мағынасы бар ұзақ уақыт бойы қарастырылмаған арыздарды қарайды.

ЕСІМДЕР

125 жыл бұрын (1885-1962) даниялық ғалым, қазіргі заманғы физиканың негізін салушылардың бірі, Копенгагендегі Теориялық физика институтының (қазіргі Нильс Бор институты) негізін қалаушысы (1920) және оның жетекшісі, КСРО ҒА мүшесі (1929) БОР Нильс Хенрик дүниеге келді.

Данияда туған. Копенгаген университетін бітірген. 1911-1912 жылдары Кембриджде Джордж Томсонмен, 1912-1913 жылдары Манчестерде Эрнест Резерфордпен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1916 жылдан Копенгаген университетінің профессоры. Ол атомның алғашқы кванттық теориясын жасаушы, кванттық механиканың негізін қалаушылардың бірі. Оның қағидалары (постулаттары) деп аталған тұжырымдар негізінде атомның орнықтылығын және сутек тәрізді атомдардың спектірлік заңдылықтарын түсіндірді. Оның теориясы бойынша атомның орнықты (стационар) күйдегі энергиясының үзілісті (дискретті) мәндерге болатындығы алынғанымен, электрон шеңбер не эллипс тәрізді орбита бойымен қозғалатын классикалық бөлшек ретінде қарастырылады. Атом құрылысының және оның ішінде өтетін түрлі процестердің толық теориясы кванттық механика заңдары ашылған соң ғана жасалды.

Нобель сыйлығының лауреаты (1922).

ҚАЗАННЫҢ 8-І, ЖҰМА

Дүниежүзілік жұмыртқа күні

Әлемнің көптеген елдерінде қазанның екінші жұмасында Дүниежүзілік жұмыртқа күні (World Egg Day) атап өтіледі. Бұл мейрам - жұмыртқаны, омлетті және қуырылған жұмырқаны жақсы көретіндердің мейрамы. Мейрамның тарихы мынандай: 1996 жылғы Венадағы Халықаралық жұмыртқа комиссиясында (International Egg Commission) дүниежүзілік «жұмыртқа» мейрамын қазанның екінші жұмасында өткізілуін жариялады. Комиссияның айтуынша көптеген елдерде жұмыртқа күнін тойлаудың көптеген себебтері бар, әсіресе жұмыртқа өнімін өндіретін ұйымдар мейрамды тойлауға дайын екенін айтты. Соңғы оңжылдықта жұмыртқа туралы көптеген жағымсыз пікірлер айтылды, соңғы ғылым зерттеулерінің бойынша жұмыртқаны пайдаланудан қашпау керек. Оның ішінде көптеген ағзаға пайдалы заттар, витаминдер мен минералдар бар, антиоксиданттар кейбір ауруларға көмектеседі. Жұмыртқа холестерин деңгейін көтермейді. Сондықтан да, күніне бір жұмыртқа жеуге әбден болады.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы Бейнелеу өнері мұражайы жаңа жәдігермен толықты. Абай ауданының тұрғыны Жәнібек Молдахан мұражайға тастан қашалған жауынгердің мүсінін тарту етті. Тасмүсін табылған жерге аттанған өлкетанушы-ғалымдар, бұл осыдан 1 мың жылдай бұрын қашалған түркі жауынгерінің бейнесі деген пайымдау жасап отыр. Өлкетанушылар: тас мүсін көне түркілердің әдетте зират басына қоятын дәстүрлі ескерткіші болып табылады және оның көмегімен байырғы көшпелілер дүниенің төрт бұрышын бағдарлаған деген пайымдауды ұсынып отыр.

1 жыл бұрын (2009) Астанада Елбасының қатысуымен Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.

Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш Астана қаласының Ташенов көшесінің бойындағы жасыл саябақта орналасқан. Ескерткіш қоладан, ал тұғыры - граниттен жасалған. Биіктігі - 4,4 метр, салмағы - 5,5 тонна. Оның құрлысына 0,0625 гектар жер телімі берілді.

1 жыл бұрын (2009) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу орталығы базасында «Ядролық технологиялар және қайтарымды энергетика технологиясы» ұлттық ғылыми зертханасының таныстырылымы өтті.

Ұлттық ғылыми зертхананың құрылымына ядролық-магнитті резонансты-спектроскопия зертханасы, қолданбалы және радиациялық физика зертханасы, математикалық модельдеу зертханасы кірді. Ядролық технологиялар және орны толатын энергетика технологиясы зертханасы - мұндай жалғыз зертхана. Елімізде осындай бес Ұлттық зертхана бар, солардың ішінде тек осы зертхана ғана аймақтық университеттің құрылымына кіреді. Себебі, университет аймақтың ірі кәсіпорындарымен, ҚР Ұлттық ядролық орталықпен бірлескен жобалар атқарады. Зертхана ядролық физика, қайтарымды энергетика, конденсатты жағдай физикасы және материалтану, химия, медицина, фармакология, экология салаларында ғылыми зерттеулер өткізу үшін құрылып отыр.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі БАҒЫСОВА Жібек Есекейқызы дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы әншілік-хор студиясын бітірген.

1960-1995 жылдары Қызылорда облыстық драма театрында, 1995 жылдан Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрында өнер көрсетеді.

Ол ойнаған Қарагөз, Қарлыға, Жүзтайлақ (М.Әуезовтің «Қарагөзінде», «Қара қыпшақ Қобландыда», «Түнгі сарында»), Ақтоты (Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтотысында»), Ева Броер (Қ. Мұхамеджановтың «жат елдесінде»), Ажар (С.Жүнісовтің «Ажар мен ажалында»), Қамажай (Д.Исабековтің «Әпкесінде»), Әлиман мен Толғанай («Ш.Айтматовтың повесі бойынша қойылған «Ана - Жер анасында»), Шапақ (М. Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде»), Тата Нерадова (А.П. Штейннің «Толасында»), Регана (У. Шекспирдің «Король Лирінде»), т.б. рөлдер актриса талантын танытты. Ол жасаған сахналық бейнелердің ұлттық бояуы айқын. Сонымен қатар сахнада кейіпкердің ішкі толғаныстарын, психологиялық көңіл-күйлерін терең ашуымен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.

60 жыл бұрын (1950-2007) ақын, журналист, аудармашы АҚЫПБЕКҰЛЫ Өтепберген дүниеге келді.

Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1973-1985 жылдары Қапал аудандық «Қапал еңбеккері» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, кейіннен облыстық «Октябрь туы» газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1985-1995 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Денсаулық», «Жанашыр», «Халық Конгресі» газет, журналдарында аға тілші, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып қызмет істеді. 1995-1998 жылдары Республикалық «Қазгидромет» агенттігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Ұлттық Банкісінде аға референт, кеңесші, ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мен «Жалын» баспасының бірлескен дәстүрлі конкурсының және республикалық, халықаралық мүшәйралардың жүлдегері атанған. Әр жылдары: «Доп», «Футболшы боламын», «Жарыс», «Жарыстан соң жарыс», «Жылдың төрт мезгілі», «Балабақтың бір күні», «Қырық қызық», «Балдай тәтті әліппе», «Ажарлы Астана», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық», т.б. балаларға арналған өлең кітаптары мен кітапшалары жарық көрген. «Шекара әскерінің үздігі» құрмет белгісімен және медальмен марапатталған.

55 жыл бұрын (1955) «КаспийМұнайҚұрылыс» АҚ-ның Басқарма төрағасы СҮЙІНДІКОВ Жаңабай дүниеге келді.

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті), Қазақ мемлекеттік басқарма академиясы жанындағы Нарық институтын (қазірігі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университет) бітірген.

1983-1987 жылдары - Каспий маңындағы Құрылыс басқармасынның мастері, прорабы, бастығы. 1987-1988 жылдары - «Союзтермнефть» К аспий маңындағы Машина құрылыс кешенінің бас инженері. 1988-1992 жылдары - Бұзаншы құрылыс-монтаждау басқармасының бастығы. 1992-1994 жылдары - «Нафта» фирмасының бастығы. 1994-2005 жылдары - «Нефтебанк» ААҚ-ның Басқарма төрағасы және Директорлар Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан - өзінің бастамасымен құрылған «КаспийМұнайҚұрылыс» ЖАҚ басқарып келеді (2006 жылдан бастап Акционерлік қоғам). Бірнеше рет Маңғыстау облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған.

«Қазақстан Республикасына 10 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Құрмет грамотасымен, Қазақстан кәсіпкерлері Форумының «Қазақстанның үздік кәсіпкері» атты грамотасымен марапатталған.

ҚАЗАННЫҢ 9-Ы, СЕНБІ

Бүкіләлемдік пошта күні

1969-ыншы жылы Токиода өткен Дүниежүзілік пошта одағының XVI конгресінің шешімі бойынша өткізіледі.

Қазір қызмет көрсететін байланыс түрлерінің арасында бәрінен бұрын пошта пайда болған. Бүгінде ол, тіпті телефон желісі мен электр қуаты жетпейтін елді мекендерге де, яғни, бүкіл әлемге дерлік жайылған.

Бәлкім, уақыт өте келе пошта байланысы қарым-қатынас жасаудың басқа да шапшаңырақ түрлеріне орын берер, бірақ хаттар мен түрлі-түсті ашық хаттар ғана өткен оқиғаларды еске түсіріп қала бермек. Жақын адамдарыңызға хат жазыңыз, олардың жүректерінде өзіңіз туралы естелік қалдырыңыз!

ОҚИҒАЛАР

145 жыл бұрын (1865) бильярд шарына патент алынды. Өнертапқыш Джон Уэсли Хайятт белгілі бір пішінге келтіруге болатын синтетикалық материалды ойлап тауып, одан бильярд шарын жасады. Бұған дейін бильярд шарын піл сүйегінен жасап келген болатын.

1 жыл бұрын (2009) Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен екінші деңгейлі 5 банк арасында өңдеу саласындағы кәсіпкерлік субъектілерді қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу үшін 3 келісім жасалды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Стрестік активтер қоры», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-дары мен екінші деңгейдегі 5 банк арасында екі келісім жасалды. Біріншісі, кейіннен өңдеу өнеркәсібімен айналысатын кәсіпкерлерге несие беру үшін банктерде қаражат орналастыру жөніндегі Бас келісім. Екіншісі - өңдеу өнеркәсібімен айналысатын кәсіпкерлердің лизингтік мәмілелерін банктер және лизингтік компаниялар арқылы қаржыландыру жөніндегі келісім. Одан кейін Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-лары арасында «Қазақстанның даму банкіне» кейіннен өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаларды несиелендіру үшін ұзақмерзімді жеңілдетілген несие беру жөніндегі келісімге де қол қойылды.

«Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде бөлінген бұл қаражат екінші деңгейдегі банктер арқылы өңдеу өнеркісібі саласында қызмет ететін жеке кәсіпкерлердің қарыздарын қайта қаржыландыруға және жаңа жобаларын қаржыландыруға бағытталатын болады. Онда соңғы қарыз алушы (кәсіпкер) үшін жылдық сыйақы 8 пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленіп отыр. Екінші деңгейлі банктер арасынан - «БТА банк», «Қазкоммерцбанк», «Халық банк», «Альянс банк» және «Темір банк» АҚ-дарының әріптес ретінде таңдап алынуы тегін емес. Еліміздегі өңдеу саласындағы кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыруда несие қоржынның 90 пайызы осы 5 банктің үлесінде».

1 жыл бұрын (2009) Сарысу ауданының Жайылма ауылында жаңа спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті.

Спорт кешенге Оңтүстік Қазақстан облысының қазақша күрес бойынша чемпионы Бөрібек Тоғызбаевтың есімі берілген. Спорт кешенді жеке кәсіпкер Б.Тоғызбаевтың ұлы Жеңіс салды. Екі қабатты ғимараттың ішінде күреспен, стол теннисімен, шахматпен, дойбымен айналысатын спорт залдары, және жуыну бөлмелері бар.

ЕСІМДЕР

50 жыл бұрын (1960) тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Нұр Отан» ХДП Астаналық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары РАХЫМЖАНОВ Әмірхан Мұратбекұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданының Чапаев атындағы ұжымшарында бастаған. Ұржар аудандық партия комитетінде саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, орта мектеп оқытушысы болған. 1991-1999 жылдары - мұғалім, Шығыс Қазақстан облысының аудандық, қалалық, облыстық білім басқармасының бастығы. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінде Орта және кәсіби білім комитеті басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің орта жалпы білім департаменті директорының орынбасары, басқарма бастығы. 2001-2003 жылдары - білім беру секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі. 2003-2006 жылдары - Астана қаласының Білім департаментінің директоры. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде бас нұсқаушы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008-2010 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қазірігі қызметінде - 2010 жылдың ақпанынан бастап.

Екі медальмен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

ҚАЗАННЫҢ 10-Ы, ЖЕКСЕНБІ

Дүниежүзілік жүйке саулығы күні (World Mental Health Day)

Әлемде 1992-інші жылдан Дүниежүзілік денсаулық ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік жүйке саулығы федерациясының ұсынысы бойынша атап өтіледі.

Дүниежүзілік жүйке саулығы күнінің мақсаты депрессивтік ауытқушылық, шизофрения, Альцгеймер ауруы, нашақорлыққа тәуелділік, эпилепсия, ақыл­-есі кемістігі тарауын қысқарту болып табылады.

ОҚИҒАЛАР

7 жыл бұрын (2003) Алматыда «Религии мира. Культовые сооружения» атты көркем пошта маркаларының таныстырылымы өтті.

Екі маркада филателисттердің қызығушылығын арттырады және әлем діндеріне арналған алғашқы серия болып табылады. Маркаларда Қазақстанда ең көп тараған екі дін бейнеленген: олар Алматының орталық мешіті және Вознесенский кафедралдық шіркеуі. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Маркалардың таралымы - 70 мың дана, құны - 50 теңге.

2 жыл бұрын (2008) Мәскеуде Ресей ғылым академиясының «Шығыс әдебиеті» баспасынан «Қазақ тілі» кітабы жарық көрді. Оқулық М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының Кавказ және Орталық Азия оқу-ғылыми орталығында дайындалған. Оқу құралы Ресей ғылым академиясы Тілтану институтының бас ғылыми қызметкері, ММУ профессоры Кеңесбай Мұсаевтың орыс тілді оқушыларға қазақ тілін үйрету жөніндегі көпжылдық тәжірибесіне негізделген. Ол - «Қазақ тілі оқулығы» мен «Фонетикалық курстан» тұратын оқу-әдістемелік топтама. Мұнда тілді бастапқы үйренуге қажетті формалар, яғни грамматикалық, қоғамдық-саяси, көркем әдебиеттер мен күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын сөздер берілген.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1925-1986) жазушы, аудармашы АБДУЛЛИН Хизмет Әбдімүталипұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1951-1955 жылдары - Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы. 1955-1980 жылдары - ұйғыр тілінде шығатын «Иеңи һаят», «Коммунизм туғи» газеттерінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болды.

Оның шығармаларының негізгі өзегін ел қорғау, бостандық жолындағы күрес, болашаққа деген сенім, махаббат, адамгершілік мәселелері құрайды. Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арналған «Тұрфан аясында» романы, «Ауылдастар», «Тағдыр», «Отты шеңбер», «Жылдарға жауап», «Гүлстан», т.б. көптеген повестері мен әңгімелер жинақтары, «Анаят», «Давутжан», т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары бар. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой, Р.Тагор, М.В.Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалады. Оның «Тас түйін» аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді.

75 жыл бұрын (1935) жазушы, журналист, фельетоншы УАЙДИН Үмбетбай Уайдаұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

1958 жылы Шалқар аудандық газеті редакциясы жанындағы баспаханада әріп теруші, 1959 жылдан қазақ радиосы, «Ара» журналы, «Өнер» баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған.

Оның «Қара көзілдірік» (1968), «Құрдым шиыр» (1971), «Ендігісін айтпаймын» (1974), «Ішіңбілсін» (1976), «Контейнермен келген кемпір» (1978), «Тілсіз қоңырау» (1980), «Быды-быды» (1982), «Нанайын ба, нанбайын ба?» (1984), «Инабат иірімдері» (1985), «Мәселе қайда жатыр?» (1987), «Пәлен-пәштуан» (1992), «Мәңгілік мәселе» (1993), «Көпен Әмірбек» (2005), «Із» (2005), «Әдеп әлемі» (2008) кітаптары жарық көрген.

Шығармалары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар