ҚазАқпарат-Анонс: қыркүйектің 10-ы мен 13-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None

ПАРЛАМЕНТ

Қыркүйектің 10-ында сағат 10.00-де Парламент Сенатының жалпы отырысы өтеді.

Қыркүйектің 11-де Астана қаласында «Radisson SAS Hotel Astana» қонақүйінде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Сүлейменовтің тең төрағалығымен Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-румын үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтеді.

ҮКІМЕТ

Қыркүйектің 10-ында сағат 17.00-де ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде «Жастар кадрлық резервтері» жобасына қатысушылармен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.С.Әшімовпен кездесу өтеді.

БАСҚА МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР

Шілде айынан бастап қыркүйек айына дейін Кедендік бақылау комитетінің басшылары азаматтарды қабылдайды. Комитет төрағасы азаматтарды - шілденің 11-і, тамыздың 14-і, қыркүйектің 11-і күндері қабылдайды. Азаматтар сондай-ақ өз мәселелерімен комитет төрағасының орынбасарларына да кіре алады. Төраға орынбасары Сержан Дүйсебаев - шілденің 16-сында, тамыздың 13-інде, қыркүйектің 17-сінде қабылдаса, Жарқынбек Оспанов - шілденің 15-інде, тамыздың 12-сінде, қыркүйектің 9-ында, ал Игорь Тен - шілденің 6-сында, тамыздың 10-ында, қыркүйектің 14-інде қабылдайды. Қабылдау уақыты - сағат 16.30-18.30-дың аралығында. Мына телефон арқылы қабылдауға жазылуға болады: (8-7172) 79-45-79.

ҚОҒАМ

Қыркүйектің 10-ында сағат 10.00-де «Нұр Отан» ХДП кеңсесінде (Манас көшесі, 3) «Бозоқ мұражай-қорығы» жобасының электронды таныстырылымы өтеді.

Қыркүйектің 10-ында сағат 10.00-де Конгресс-холда А.Рахымжановтың қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Қыркүйектің 10-ында сағат 11.00-де «Риксос» Президент-қонақүйінде «Қазақ тілді БАҚ-тардың жалпы проблемалары» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтеді.

Тамыздың 1-інен бастап  жолаушылар пойыздарының  плацкарт  вагондарының  билет  құнына  төсек  жабдықтарының    құны қосылады. Жолаушылар төсек  жабдықтарын    бұдан былай билет кассасында     жол құжатын   ресімдеу кезінде    сатып ала алады. Оған қоса,       қыркүйектің 15-іне  дейін  плацкарт  вагондарда  ВУ-9  түбіртектері  бойынша   төсек жаймаларының уақытша сатылымына    рұқсат етіліп отыр.     Бірақ    қыркүйектің  15-інен бастап     вагондарда төсек жабдықтарын сатуға  тыйым салынады.  Жолаушы   төсектің  құнын   билет кассасында төлеуден бас тартса,  оны вагонда    сатып  ала алмайды.

Тамыздың 11-і мен  қыркүйектің 30-ы  арылығында   БҰҰ-ның  Нью-Йорктегі   штаб-пәтерінде  «Ядролық қаруға  жол жоқ»  қазақстан-жапон көрмесі өтеді.

Қыркүйектің 5-11-і күндері Алматы облысында НАТО-ның қолдауымен  халықаралық құтқарушылар қызметі бөлімшелерінің табиғат апатының зардабын жою кезіндегі бірлескен іс-қимылын пысықтауға арналған халықаралық жаттығу өтеді.

АСТАНА

Қыркүйектің 10-ында сағат 15.00-де Bnew бизнес-порталында «2009 жылғы бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік сатып алу электронды порталындағы жұмыстардың нәтижелері» деген тақырыпта өтеді.

 АЛМАТЫ

Қыркүйектің 10-ында сағат 09:30-да Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникасында лейкемиямен ауыратын балаларға қан тапсыру бойынша акциясы өтеді.

Қыркүйектің 10-ында сағат 10:00-де «Apple Town» бизнес орталығында «Сақтандыру рыногына деген сенім - дағдарыстан кейінгі даму кепілі» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтеді.

Қыркүйектің 10-ында сағат 10:00-де ҚазЭУ-де мемлекеттік білім гранттарының сертификаттарын тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Қыркүйектің 10-ында сағат 11:00-де ТӘБ Банкте «ТӘБ-тің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау бойынша келіссөздердің алдын ала қорытындылары» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді.

Қыркүйектің 10-ында сағат 12:00-де «Интерфакс» баспасөз орталығында «Денсаулық фестивалі - 2009»-ға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Қыркүйектің 10-ында сағат 12:00-де Қазақстан баспасөз клубында Дүниежүзілік Контрацепция күніне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

 ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА:

ОҚИҒАЛАР

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 7-І, ДҮЙСЕНБІ

АҚШ-та Еңбек күні. Қыркүйектің алғашқы аптасының бірінші дүйсенбісінде тойланады. АҚШ-тағы Еңбек күні «пролетариаттық күш-қуаттың жауынгерлік байқауы» емес, бұл - іс жүзінде соның алдындағы бейсенбі күнгі кештен бастап, келесі сейсенбінің таңына дейін созылатын - шұбалаңқы уик-энд. Еңбек күні топтасу және шерулерде емес, көбінесе көліктерімен қыдырыстау үстінде өтеді. Бұл мереке АҚШ-та демалыстар маусымының аяқталуы ретінде қабылданады.

Соғыс ойыншықтарын жою күні. Бұл күн 1988 жылы Дүниежүзілік ата-аналарының қамқорлығынан айрылған және жетім балаларға көмек қауымдастығының бастамасы бойынша алғаш рет аталып өтті. Осы күні соғыс ойыншықтарын тәттілерге және жұмсақ ойыншықтарға ауыстыру қабылданған.

Бразилия Федеративтік Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1822).

Бразилия - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Бразилиа. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Мемлекеттік құрылымы - федеративтік республика. Мемлекет басшысы - президент. Ақша бірлігі - реал.

Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қыркүйектің 22-інде орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1991) Қазақстан социалистік партиясы (Қазақстан Коммунистік партиясын қайта атау нәтижесінде) құрылды.

10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев мынадай Жарлыққа қол қойды: «Украина Президенті - Леонид Данилович Кучманы Қазақстан мен Украина халықтары арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға, қазақстан-украиндық ынтымақтастықты жан-жақты және өзара тиімді кеңейтуге ұдайы ұмтылу мәселелеріне қосқан көрнекті үлесі үшін «Алтын қыран» орденімен марапатталсын».

8 жыл бұрын (2001) Елбасы Н.Назарбаев Ақтау қаласында өткен бірнеше іс-шараға: Қазақстан жастарының бірінші конгресіне, қаланың «Ынтымақ» алаңындағы «Достық» монументінің және паром терминалының, ашылу салтанатына қатысты. Жаңа паромдық желілер Ақтауды Ноушахр (Иран), Баку (Әзірбайжан) және Оля (Ресей) айлақтарымен аралықты байланыстырды.

5 жыл бұрын (2004) Астанада синагог ашылу салтанаты өтті.

5 жыл бұрын (2004) Израильдің бас раввині Иона Мецгер мен америкалық еврей филантропы Рональд Лаудер Нұрсұлтан Назарбаевқа өркениеттер арасындағы диалогқа қосқан үлесі үшін Маймонид атындағы Халықаралық сыйлық табыс етті. Қазақстан Президенті бұл халықаралық сыйлықтың тұңғыш лауреаты болды. Осы мәртебелі сыйлықты әлемдегі беделді еврей ұйымдары мен қауымдарының өкілдерін біріктіретін - соны арнайы тапсырумен айналысатын - Халықаралық комитет тағайындаған. Бұл сыйлық өз отаны Кордовода (Испания) орнатылған Рабби Моше бен Маймон ескерткішінің кішірейтілген скульпторлық көшірмесі болып табылады.

5 жыл бұрын (2004) Елбасының өкіміне сәйкес Бесландағы лаңкестік актінің салдарынан қаза тапқандарды қазақстандықтар Жалпыұлттық бір минут үнсіздікпен еске алды. Түс мезгілінде Қазақстанның барлық телеарналары мен радиостансылары хабар таратуын бір минутқа тоқтатты.

4 жыл бұрын (2005) Павлодардың «Космос» жастар-демалыс орталығында әртіс әрі кинорежиссер Қуат Әбусейітовке арналған ескерткіш тақта орнатылды. Осыдан бастап жастардың демалыс орталығы қазақ киносы шеберінің есімімен аталатын болды. Ескерткіш тақтаны ашу салтанатына қатысқан облыс әкімі Қайрат Нұрпейісов бар өмірін өнер жолына арнаған режиссер Қ. Әбусейітовтің ұлттық киноны дамытуға қосқан үлесінің зор екендігін атап көрсетті. Өзінің кіндік қаны тамған Баянауылдың даңқын аспандатқан жерлестеріне арналған кеште актер, кинорежиссер, сазгер әрі ақын Қуат Әбусейітов туралы фильмнің тұсаукесері болды.

85 жыл бұрын (1924) француз физигі Луи де Бройль қарапайым бөлшектердің толқындану қасиеті болуы мүмкін деген болжам жасады. Осы болжам кванттық механиканың негізін қалауға себеп болды. Бройль өзінің бұл еңбегін Париж университетінің табиғи ғылымдар факультетіне докторлық диссертациясы есебінде ұсынған.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1919-1988) күйші-домбырашы, Қазақ КСР халық әртісі ОМАРОВ Рүстембек Бейсенұлы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Павлодар облысында туған. Ленинградтағы (Санкт-Петерборг қ.) музыкалық училищені, Алматы консерваториясын бітірген. 1934 жылданҚазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, домбырашылар тобының концертмейстері, жеке орындаушысы. Консерваторияда дәріс берген, сонымен бірге Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде домбырашы қызметін атқарған. Көптеген күйші-домбырашылар тәрбиелеп шығарған, олардың қатарында - А. Есқалиев, Қ. Ахмедияров, т.б. танымал орындаушылар бар.

Қазақтың халық күйлерінің сарқылмас қорын, әсіресе әйгілі Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жетік меңгерген.

80 жыл бұрын (1929) сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі КАЦЕВ Владимир Зеликович дүниеге келді.

Харьков инженер-құрылыс институтының сәулет факультетін бітірген. 1953-1959 жж. Магнитогорск  жобалау институтының сәулетшісі болып жұмыс істеген. 1959 жылдан Алматыда, «Казгорстройпроекттің» Мемлекеттік жобалау институтының (МЖИ) сәулетшісі қызметін атқарған. 1967 жылдан «Алматыгипрогор» МЖИ шеберханаларының бас сәулетшісі. 1964-1983 жж. Қазақстан Сәулетшілер одағының басқарма мүшесі.

В. Кацевтің басқа да сәулетшілермен бірлескен жобалары бойынша Алматыда Қазақ циркі, «Медеу» биік таудағы спорт кешені және де басқа ғимараттар бой көтерді.

30 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары АЙТҚАЛИЕВ Әшір Қайыржанұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Мәскеу қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг» АҚ аппарат басшысы, «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ аппарат басшысы, «Арна-Медиа» Ұлттық ақпарат холдингі АҚ уәкілетті өкілі қызметтерін атқарған. 2008 жылдан жоғарыда аталған қызметте.

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 8-І, СЕЙСЕНБІ

Сауаттандырудың халықаралық күні. 1967 жылдан бастап, ЮНЕСКО Бас конфедерациясы 14-ші сессиясының 1.141. қарары негізінде аталып өтіледі.

Журналистердің халықаралық ынтымақ күні (1958). Бұл - чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілердің Берлин түрмесі - Плетцензеде айуандықпен өлтірген күні. Жалынды журналисті еске алу мақсатында Халықаралық журналистер ұйымының Бухаресте өткен 4-ші конгресінің шешімі бойынша атап өтіледі.

Блокада құрбандарын еске алу күні. Бүгін Ұлы Отан соғысы тарихындағы ең қайғылы оқиғалардың бірі - 900 күнге созылған Ленинград қоршауына 67 жыл толды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

75 жыл бұрын (1934) «Теміржолшы» және «Железнодорожник Казахстана» газеттерінің алғашқы нөмірлері жарық көрді.

16 жыл бұрын (1993) Алматыдағы «Мұраттас» ғылыми-зерттеу баспа орталығы ғұлама ақын Қожа Ахмет Яссауидің «Ақыл кітабын» («Диуани хикмет») қазақ тілінде жарыққа шығарды.

15 жыл бұрын (1994) Қазастан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен республикамыздың Мемлекеттік даму банкі құрылды.

12 жыл бұрын (1997) Батыс Қазақстан облысының Орда ауылында Жәңгір хан кесенесінің ашылу салтанаты болды.

9 жыл бұрын (2000) Алматыда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Болашаққа сеніммен» атты фотоальбомның тұсаукесер рәсімі өтті. «Отан» партиясының ұйымдастыруымен жарық көрген альбомда Елбасының жеке мұрағатынан алынған суреттер пайдаланылған.

8 жыл бұрын (2001) Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан картасы: «Атамекен» деп аталатын жаңа этномемориалдық саябақтың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, оның лентасын қиды. Бұл картада Қазақстанның барлық аймақтары қамтылып, еліміз аумағында орналасқан 100-ден астам нысан түпнұсқасынан айнымайтындай етіп көрсетілген. Олардың арасында қалалар, ондағы басқару мекемелері, мәдениет ошақтары, ірі өндіріс орындары, тарихи ескерткіштер қамтылған.

3 жыл бұрын (2006) бір топ американдық ғалым Калифорния штатының солтүстігі жағалауынан өздері «Жердегі ең биік тірі организм» деп таныған ағаш тапты. Гиперион деп аталған бұл ағаштың биіктігі 115 метрге жетеді. Бұған дейін әлемдегі ең биік «тірі организм» деп секвойя ағаш аталып келген еді. Ғалымдар «Стратосфера алыбы» деген екінші атауы бар биіктігі 100 метрден асатын 135 секвойя ағашын тапқан. Әлемдегі ең қарт ағаш саналатын  секвойя да осы Калифорнияда өседі, оның жасы шамамен 4650 жыл деп бағалануда.

3 жыл бұрын (2006) Моңғол ұлттық қоғамдық телеарнасында «ТВ-Толқын» атты қазақ бағдарламалары редакциясы өз жұмысын бастады. Теледидарлық бағдарлама қазақ тілінде аптасына 1 рет жарық көреді, Моңғолиядағы қазақтар өмірінің барлық қыр-сырынан хабардар ететін бұлардың осындағы қазақ тілді аудиторияға бағытталған және кең көлемді хабар тарату мүмкіншілігі бар.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1939-2002) мемлекеттік қайраткер ҚОРЖЫМБАЕВ Юрий Ермекович дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. «Карагандауголь» комбинатының шахта учаскесі ауысым шебері, бастығы болып жұмыс істеген. 1969-1991 жж. Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің оперативтік өкіл, аға оперативтік өкіл, бөлімше бастығы, бөлім бастығы, 1-інші басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1991-1992 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің «Альфа» арнайы бөлімшесінің командирі.

Қызыл Жұлдыз орденімен, алты медальмен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 9-Ы, СӘРСЕНБІ

Әсемдіктің бүкілдүниежүзілік күні. Халықаралық Эстетика және косметология комитетінің (СИДЕСКО) бастамасы бойынша атап өтіледі.

Корей Халық Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы - КХДР-дің құрылған күні (1948).  Мемлекет Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан. Астанасы - Пхеньян қаласы. Ақша бірлігі - вон. Ресми тілі - корей тілі.

Қазақстан Республикасы мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 29-ында орнатылды. Қазақстанның Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушысы - Адырбеков Икрам.

Тәжікстанның Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылы Мемлекет тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды.

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қаңтардың 7-інде орнатылды. Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Әбілдаев Ерлан Әділханұлы. Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Искандаров Акбаршо Искандарович.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «Қазақстан Республикасы үкімет мүшесінің анты туралы» қаулы қабылдады.

4 жыл бұрын (2005) ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Екібастұзда Қазақстандағы тұңғыш базалық  прокуратура ашылды. Онда Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары прокуратураларының жас қызметкерлері кәсіби дайындықтары деңгейін көтереді.

83 жыл бұрын (1926) америкалық Эн-Би-Си телекомпаниясының негізі қаланды.

233 жыл бұрын (1776) Америка Біріккен Колонияларының жаңа атауы - Америка Құрама Штаттары болып бекітілді.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1939) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі МЕДЕТБАЕВ Шәріпбай дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ташкент педагогикалық институтын бітірген. Мектеп мұғалімі, Келес аудандық партия комитетінде жұмыс істеген.

«Көктем тынысы», «Келесім - атамекенім», «Арайлы», «Келес толқындары», «Күміс толқындар» өлең жинақтарының авторы.

70 жыл бұрын (1939) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі МАЦКЕВИЧ Эдурд Олегович дүниеге келген. ҚазМУ (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін) бітірген. Өскемен облыстық газетінде, республикалық «Ленинская смена» жастар газетінде, «Простор» журналында жұмыс істеген, «Известия» газетінің Қазақстан бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.

Жазушының тұңғыш «Жабайы алма» кітабы 1965 жылы жарық көрген. Деректі және көркем прозалық «Ерлік пен сезім парағы», «Көк бұлғын», «Ала таулар күнтізбесі», «Өзіңмен бірге» кітаптардың авторы.

Соңғы жаңалықтар