ҚазАқпарат-Анонс: мамырдың 14-і мен 17-сі аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None
ЕЛБАСЫМамырдың 12-14-і аралығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтуде. ҮКІМЕТ Мамырдың 14-інде Үкімет үйінде Премьер-Министр К.Мәсімов облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдерімен кездеседі. Мамырдың 14-інде Ауыл шаруашылығы министрлігінде жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. ПАРЛАМЕНТМамырдың 14-і күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» ХДП-ның парламенттік фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов аталған партияның облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарындағы депутаттық фракциясының жетекшілерімен кездеседі. Кездесуде саяси партия фракцияларының жұмысы, өңірлердегі атқарып жатқан қызметтері жайлы ортақ пікірлер айтылады деп күтілуде. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент ? 2009» республикалық сыйлығына байқау өтеді. Байқау 8 аталым бойынша жүргізілмек. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық- эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.Сәуірдің 29-ы мен мамырдың 16-сы аралығында Қытайдағы қазақтар шоғырлана қоныстанған 4 қала, 14 ауданда Қазақстан мен Қытай қазақтары айтыс өнерінің саңлақтары «Жекпе-жек» айтысын өткізбек.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕММамырдың 5-і 14-і аралығында БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлері мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новактың Қазақстанға сапары өтуде. Мамырдың 13-14-і күндеріне жоспарланған «Өзбекстанның мұнайы мен газы ? OGU 2009» халықаралық көрмесі ауқымындағы шараларға қазақстандық жетекші компаниялар да қатыспақ. Көрме аясындағы «Халықаралық ынтымақтастық - Өзбекстан мұнай-газ секторын серпінді дамытудың кепілі» деген тақырыпта өтетін халықаралық конференцияға әртүрлі елдердің танымал мұнай және газ компанияларының мамандары қатысады, олардың арасында «ҚазТрансГаз» АҚ өкілдері де бар. Басқосуда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің өкілі баяндама жасайды деп күтілуде.Қырғыз Республикасының Үкіметінде Бішкекте 2009 жылғы мамырдың 12-сі мен 14-і аралығында ІІ халықаралық балаларды қорғау форумы өтеді. СПОРТ Мамыр айының 11-15-і аралығында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында Азия біріншілігі өткізілуде. Оған Қазақстан атлеттері қатысуда. Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ереванда өтетін УЕФА-ның шағын турниріне қатысады. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, жарыста Армения, Қазақстан және Эстония командалары бақ таластырады. Турнир күнтізбесі бойынша біздің команда мамырдың 14-інде Эстониямен, ал 16-сында Армениямен ойнайды.Мамырдың 16-да Астанада жүгіруден халықаралық олимпиада күні шарасы өтеді.АСТАНАМамырдың 11-15-і күндері Астанада қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің «Отандық өнім» жалпыұлттық жәрмеңкесі өтедіМамырдың 14-інде «Думан» қонақүйінде Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығының көрме-семинары өтеді. Астанада Конгресс-холл сахнасында мамырдың 15-і мен 17-сі аралығында жас орындаушылардың кезекті, он сегізінші рет «Жас қанат» байқауы өтеді. Байқаудың ұйымдастырушылары ? Астана қаласының әкімдігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Хабар» агенттігі және «Азия дауысы» дирекциясы.Мамырдың 14-інде елордада «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Республикалық депутаттар форумы өтеді. Форум жұмысына партия басшылығы, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Премьер-Министр кеңсесінің өкілдері, депутаттар қатысады. Мамырдың 14-інде Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионның мәжіліс залында «Олимпиадалық жүгіру күніне» арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Мамырдың 15-інде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ХІІ съезі өтеді. Аса маңызды шараға жалпы 3 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Мамырдың 15-інде «ҚазМұнайГаз» компаниясының ғимаратында «Самұрық-қазына» Қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің отырысы өтеді. АЛМАТЫ Мамырдың 14-інде «Жанұя» отбасылық кешенінде «Қазіргі замандағы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және ол проблеманы шешу» тақырыбына арналған республикалық семинар өтеді. Мамырдың 14-інде Атакент орталығында «Азиялық тауарлар -2009» көрмесіне арналған кездесу болады. Мамырдың 17-сінде Алматыда Республика сарайында ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтеді. Кеште Қазақстан экстрадасының танымал жұлдыздары ?Мақпал Жүнісова, Жеңіс Ысқақова, Майра Ілиясова, Тамара Асар, Саят Медеуов, Ақбота Керімбекова, «Каспий», «Жігіттер», «Серілер» топтары өнер көрсетеді. АЙМАҚАЛМАТЫ ОБЛЫСЫМамырдың 11-і мен 15-і аралығында Талдықорғанда ауыр атлетикадан Азияның кезекті чемпионаты өтеді. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫТүркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында мамырдың 8-інен бастап БАҚ өкілдері үшін ашық есік күндері өтіп жатыр. Мәдени іс-шара мамырың 18-індегі Халықаралық мұражайлар күніне орай ұйымдастырылып отыр. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР МАМЫРДЫҢ 14-І, БЕЙСЕНБІГрузияда Тамара ханшайымды еске алу? Тамароба күні. 1917 жылдан бастап ұлттық мереке ретінде атап өтіледі.Парагвай Республикасының Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1811). 1811 жылдан бастап атап өтіледі. Халықтың қысымымен испан губернаторы өз өкілеттілігін тоқтатып, Испанияның Парагвайға билігі жүрмейтін болды. Парагвай ? Оңтүстік Американың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігі және солтүстік-батысында Боливиямен, солтүстік-шығысы және шығысы Бразилиямен, оңтүстік-шығысы, оңтүстік және оңтүстік-батысы Аргентинамен шектеседі. Әкімшілік жағынан 19 департаментке бөлінеді. Астанасы ? Асунсьон қаласы. Ресми тілі ? испан тілі. Ақша бірлігі ? гварани. Елді Президент басқарады. Ол жалпы халықтық сайлау арқылы 5 жылға сайланады. Президент екінші мәрте қайта сайлауға түсе алмайды. Жоғары заң шығарушы органы ? Конгресс. Ол екі палаталы сенат және депутаттар палатасынан тұрады.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР140 жыл бұрын (1869) Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды. Осы жылы Батыс Қазақстанда шаруалар көтерілісі басталып, бұл оқиға орыс отаршыларына осы аймақтан тағы бір әскери бекініс салуына түрткі болды. Мамыр айында өз әскерімен Ақтөбе аймағына келген полковник Борг болашақ бекіністің орнын Қарғалы мен Елек өзендерінің біріккен тұсынан таңдады. Алғашқы қоныстанушылар 1870 жылдың көктемінде келе бастады. 1891 жылы әскери бекініс қала мәртебесін алып, Ақтөбе қаласы деп аталды.10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Үкіметі мен Украин Үкіметі арасындағы тауарларды экспорттау және импорттау кезінде қосымша салық салу қағидалары туралы келісімді бекіту» Заңы қабылданды. 7 жыл бұрын (2002) Мәскеуде Астананың мәдени күндері өтті.50 жыл бұрын (1954) «Қарулы қақтығыс болған жағдайда мәдениеттің құнды жәдігерлерін қорғау туралы» Гаага конвенциясына қол қойылды.ЕСІМДЕР115 жыл бұрын (1894-1938) қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін негізін қалаушылардың бірі ЖАНСҮГІРОВ Ілияс дүниеге келді. Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верный қаласындағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын бітірген соң «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-1934 жылдары ? Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болды. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін науқанының құрбаны болды. І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэма қазақ поэзиясының інжу маржаны болып табылады. І.Жансүгіровтың прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі ? «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс тіршілігін, азаттықты көксеген арман аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді. Қаламгер әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Лермонтовтың, А.Горькийдің, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Елімізде бірнеше мектепке, көшеге, ауданға, елді-мекенге, Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне І.Жансүгіровтың есімі берілді. 1994 жылы университеттің қарсы алдындағы алаңға ақынның қоладан құйылған ескерткіші орнатылды. Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармаларына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді. МАМЫРДЫҢ 15-І, ЖҰМАХалықаралық отбасы күні. 1993 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі.Кореяда мұғалім күні.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР20 жыл бұрын (1989) Алматыда қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Ш.Уәлихановтың ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторлары ? мүсінші Хакімжан Наурызбаев пен сәулетші Шота Уәлиханов.17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық ядролық орталығы мен Атом қуаты жөніндегі агенттігі құрылды.17 жыл бұрын (1992) Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттері арасында ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды.3 жыл бұрын (2006) Алматыдағы Қыш зауытының аумағында І-қазақстандық «Қала және суретші: 1/06» атты симпозиум басталды.145 жыл бұрын (1864) «Новая заря» парфюмерия фабрикасының негізі қаланды. Иіс су жасаудың әдісін ойлап тапқан француз кәсіпкері Генрих Брокар Мәскеуде өз шеберханасын ашты. Ол кәсіпорынның алғашқы өнімдері ? «Детское», «Медовое», «Янтарное» сабындары. Содан кейін неше түрлі иіс сулар шығара бастады. Олардың ең танымалы II Николай патшаның зайыбы Александра Федорованың тапсырысы бойынша дайындалған «Императрицаның сүйікті иіс суы». Ол кейіннен «Красная Москва» деген атпен белгілі болды.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МЕДЕУБЕКОВ Қилыбай Үсенұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. Ол республиканың ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми жұмыстармен айналысып, басшылық қызметтер атқарған. 1997 жылдан Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығында қызмет атқарады. Қ.Медеубековтің академик Ә.Еламановпен бірге жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде республикадағы биязы жүнді, жоғары өнімді қой тұқымы ? солтүстік қазақ мериносы шығарылды. Ол академик В.Больмонттың бастамасымен қолға алынған ағылшынның биязылау кроссбред жүнді қойларын жерсіндіру, сондай-ақ линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер бітімдес қойлардың отандық репродукторларын құру жұмыстарын жалғастырды. Оның негізгі ғылыми ізденістері бағалы қой тұқымдарының гендік қорын сақтауға, жетілдіру және көбейтуге, таза тұқымды австралия мериностарының репродукторын құруға, солтүстік қазақ мериносын асылдандыруға және биязылау жүнді, төлді көп беретін қой тұқымын шығаруға бағытталған. Ғалымның 500-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген. «Қазан төңкерісі», «Халықтар достығы» және екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 75 жыл бұрын (1934-1994) ақын ЖИЕНБАЕВ Сағи дүниеге келген. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редактор, поэзия редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ақынның 20-дан аса жыр жинағы жарық көрген. Оның өлеңдері туысқан халықтар тілдеріне аударылып, шет ел тілдерінде басылған. Көркем аударма саласында А.Пушкин, М.Лермонтов, О.Туманов, В.Брюсов, Я.Смеляков, Р.Гамзатов, Д.Кугультинов, М.Қаноатовтың өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарған. 75 жыл бұрын (1934-2001) ақын ҚҰТТЫҚОВ Мешітбай дүниеге келді. Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. 1958-1987 жылдары ішкі істер саласында қызмет етіп, ұзақ жылдар бойы Қазалы, Арал аудандық мемлекеттік автоинспекциясының бастығы қызметін атқарған. 1987 жылдан «Қазақ тілі» қоғамының Арал аудандық бөлімшесі төрағасының орынбасары болып істеген. Оның тұңғыш өлеңдері баспасөз бетінде 1948 жылы жариялана бастады. М.Құттықовтың «Құс жолы», «Ар-намыс», «Мазасыз түндер» жыр кітаптары мен «Аяқталмаған ән» атты повестер, әңгімелер жинағы жарық көрген. Ақынның «Айқас» поэмасы 1971 жылы республикалық әдеби байқауда бірінші орын алған.65 жыл бұрын (1944) ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері БӨДЕШҰЛЫ Жаркен дүниеге келді. Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағында туған. Шыңжаң университетін, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1969 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Мерзімдік басылымдарда және Мемлекеттік кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Қазір Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Тұңғыш жыр жинағы «Орақ пен балға» 1978 жылы жарық көрді. Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су», «Тас бесік», «Бостандық басы» атты дастандары жарияланды. Ол Түркі тілдес елдер поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты атанып, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшайраның бас жүлдесін жеңіп алды. «Парасат» орденімен марапатталған. 25 жыл бұрын (1984) гимнастшы, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азияның абсолютті чемпионы, әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы ЖҮСІПОВА Әлия Мақсұтқызы дүниеге келді. Шымкент қаласында туған. 2000-2005 жылдары халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жүлдегері, командалық және жекелеген есепте Пусанда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дохада алауы тұтанған Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алған. Ә.Жүсіпова көпсайыс түрінен әлемдегі ең үздік ондықтар қатарына енген алғашқы қазақ қызы. 2004-2008 жылдары Афина және Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 2001 жылдан бері Әлия Жүсіпова Мәскеудегі көркем гимнастикадан олимпиадашылар дайындайтын орталықтың бас төрешісі атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттығады. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 150 жыл бұрын (1859-1906) француз физигі, Франция Ғылым академиясының мүшесі, Нобель сыйлығының лауреаты КЮРИ Пьер дүниеге келді. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кристалдар физикасына, магнетизмге және радиоактивтілікке арналған. Ол магниттік құбылыстарды зерттей отырып, парамагниттік денелердің магниттік алғырлығының абсолют температураға байланысын (қазіргі Кюри заңы), сондай-ақ ферромагниттік материалдардың парамагниттік материалдарға айналатын ерекше температурасының (Кюри нүктесі) болатындығын анықтады. Әйелі М.Склодовская-Кюримен бірге радиоактивтілікті зерттеумен айналысып, 1898 жылы полоний мен радийді ашты. 1903 жылы радий тұздарының өздігінен жылу бөліп шыаратынын байқады. МАМЫРДЫҢ 16-СЫ, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР9 бұрын (2000) академик Ө.Жолдасбеков (1931-1999) тұрған Астана қаласындағы Абай көшесі 1/1 үйге ескерткіш тақта орнатылды. Ө.Жолдасбеков ? көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының және халықаралық сыйлықтардың лауреаты, әлденеше рет Парламент депутаты болып сайланған. Қазақстан жоғары техникалық оқу орындарының бағдарламасы мен оқыту жүйесін жасаушылардың бірі.3 жыл бұрын (2006) Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде әлемге танылған қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың мерейтойына орай, ақын атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім мен тәрбие беру орталығы ашылды.2 жыл бұрын (2007) Шымкенттегі балалар мен жасөспірімдер орталығында Халықтар достығы мұражайы ашылды.2 жыл бұрын (2007) Алматыдағы Көктөбеде атақты британдық «Битлз» тобына ескерткіш орнатылды.115 жыл бұрын (1894) Третьяков галереясының ашылу салтанаты болды.85 жыл бұрын (1924) балаларға арналған «Мурзилка» әдеби көркемсурет журналының алғашқы саны жарық көрді. 80 жыл бұрын (1929) АҚШ-та Американдық киноөнері академиясының «Оскар» сыйлығы табыс етілді. Алғашқы сыйлық табыс ету рәсімінен бастап радиодан тікелей хабар таратса, ал 1953 жылдан теледидардан тікелей эфирден көрсете бастады. Қазіргі таңда аталған сыйлықты табыс ету рәсімі әлемнің 10-даған елінде тікелей эфирден көретіледі. ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, заң ғылымының кандидаты БОЖКО Владимир Карпович дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын, Минск қаласындағы КСРО Мемлкеттік қауіпсіздік комитеті Жоғары курсын бітірген. 1976-1989 жылдары ? Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, 2-ші басқарма бөлімшесінің бастығы, 3-ші басқарма бастығы. 1989-1991 жылдары ? Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Целиноград облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары. 1991-1994 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Көкшетау, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша басқармасының бастығы. 1994-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас экономикалық қауіпсіздік басқармасының бастығы. 1999-2001 жылдары ? «Jetson Trading LTD» фирмасының вице-президенті және Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры. 2001-2007 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитететі төрағасының бірінші орынбасары, орынбасары. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. 2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен, медальдармен марапатталған. 50 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары ? Еуроодақпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР ұлттық үйлестірушісі, тарих ғылымының кандидаты ЖИГАЛОВ Константин Васильевич дүниеге келді. Семей қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген. 1991-1993 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 1993-1994 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. 1996-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Біріккен Корольдігіндегі және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2000-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2009 жылдары ? Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы міндетін қоса атқарушы. Қазіргі қызметінде 2009 жылдан бастап істейді. 2-ші дәрежелі «Достық» орденімен және шет ел ордендерімен, медальдармен марапатталған. МАМЫРДЫҢ 17-СІ, ЖЕКСЕНБІБүкілдүниежүзілік ЖҚТБ (СПИД) құрбандарын еске алу күні. 1983 жылдан бастап, мамырдың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.Халықаралық электр байланысы күні (Халықаралық телекоммуникация күні). 1865 жылы негізі қаланған Халықаралық электр байланысы одағының әкімшілік кеңесі сессиясының шешімімен 1969 жылдан бастап атап өтіледі. Бүгінде Бүкіләлемдік телекоммуникация қауымдастығына 180 ел кіреді. Олардың қатарында Қазақстанда бар. Бұл үкіметаралық ұйым 1865 жылы мамырдың 17-інде Парижде құрылған болатын. Мақсаты: барлық елдер өзара біріге отырып электр байланысы салаларын тиімді пайдалануға күш салу. Байланыс алдымен ақпарат алмасу екені белгілі. Алайда ақпарат құралдарын пайдалану адамның білімділігіне, жасына, мекен жайына, тұрмысына байланысты. Халықаралық электр байланысы одағының пікірінше бұл күн бүкіл жер шары халқының ақпарат құралдарына тең құқықта қол жеткізуі жолында қоғамдық бастамалар көтеруге мүмкіндік беретін күн.Норвегия Корольдігінің Ұлттық мейрамы ? Конституция күні (1814). Эйдсволлда өткен құрылтай жиналысында Дат билігінен азаттық алған Норвегия Конституциясы қабылданды. 2-і ғасырға жуық бұрын қабылданған Конституция күні бүгінге дейін өз күшін жойған жоқ. Норвегия Еуропаның солтүстігінде орналасқан. Батысын және қиыр солтүстігін Скандинавия түбегі алып жатыр. Солтүстігі Баренц теңізімен, батысы Норвегия, Солтүстік теңіздерімен, оңтүстігі Скагеррак бұғазымен, ал құрлықта Швециямен, қиыр шығысында Финляндиямен, Ресеймен шектеседі. Норвегияға Шпицберген архипелагы, Медвежий аралы, Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі Ян-Майен, Буве аралдары қарайды. Әкімшілік жағынан 18 фюлькеге (облыс) бөлінеді. Астанасы ? Осло қаласы. Мемлекеттік тілі ? норвег тілі. Ақша бірлігі ? крона. Мемлекет басшысы ? Король. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент ? Стортинг. Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 6-сында орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы ҚР Жоғары аттестациялық комиссиясы құрылды.17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрік Республикасында Қазақстанның Елшілігін ашу туралы Жарлығы жарық көрді.ЕСІМДЕР90 жыл бұрын (1919-1942) Кеңес Одағының Батыры, әскери ұшқыш ӘБДІРОВ Нүркен дүниеге келді. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Қарағандыдағы №1 шахтада жұмыс істей жүріп, аэроклубта оқыған. Орынбор әскери авиациялық училищесін, Ташкенттегі әуе атқыштары мектебін, Сібір қалаларының біріндегі ұшқыштар училищесін бітірген. Н.Әбдіров 1942 жылы Оңтүстік-батыс майданның 17-ші армиясы құрамындағы 167-ші авиациялық дивизияның 808-ші полкіне қабылданды. Алғашқы әуе шайқасына қазанның 23-інде қатысып, екі айға жетер жетпес уақыт ішінде 16 рет жауынгерлік әуе жорығына араласты. Осы уақыт аралығында жаудың 16 танкісін, 28 автомашинасын және техникасын, 50-ге тарта солдаты мен офицерін жойды. 1942 жылы желтоқсанның 16-ында 17-ші рет жауынгерлік тапсырманы орындауға ұшып шықты. Н.Әбдіров жаудың бірнеше дзотын, зенитті артиллериясының 2 ұясын, 6 танкісін жойды. Бірақ гитлерлік зенитшілер Нүркеннің ұшағына оқ дарытып, ұшақ жана бастады. Ұшақтан секіруге болатын еді, бірақ Н.Әбдіров бұл ойдан аулақ болды. Ол капитан Гастелло сияқты өзінің жанған ұшаған неміс техникасының шоғырланған жеріне қарай бағыттады. Нүркен лапылдаған жалын құшағына енген ұшағымен жау танкілерінің қалың ортасына сүңгіп кетті. Күлі көкке ұшқан неміс техникасымен бірге ондаған фашист солдаттары мен офицерлері де жойылды. Ол осылай ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіровке әскери міндетін атқару кезінде көрсеткен ерен ерлігі үшін 1943 жылы наурыздың 31-інде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылы Қарағанды шахтерлерінің өз еріктерімен жиған қаржысына жасалған Н.Әбдіров атындағы ұшақ жауға қарсы ұрысқа кірді. Қарағанды қаласында, батырдың туған жері ? Қарқаралы ауданының Нүркен Әбдіров атындағы ауылында ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ Қазақстан қалаларында Әбдіров атындағы мектептер, көшелер және ескерткіштер бар. 75 жыл бұрын (1934) ауыл шаруашылығы ғылымның докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының География институты жанындағы біріктірілген докторлық диссертация қорғау кеңесінің мүшесі ЖАМАЛБЕК Есбол дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Ғылым академиясы Топырақтану институтының аспирантурасын бітірген. Негізгі ғылыми жұмысы оңтүстіктегі шөл далада алғашқы болып ұйымдастырылған Мақтаарал ауданының топырақ-мелиоративтік жағдайын зерттеп, оны екінші сорландырудан құтқару жолдарын қарастыруға арналған. Топырақтану институтына түскен өндірістік тапсырыс бойынша Е.Жамалбек Маңғыстау түбегінің топырақ-мелиоративтік жағдайларын зерттеп, халыққа қажет азық-түлікпен қамтамасыз ету және елді мекендерді көгалдандыру мәселелерімен айналысты. 1973 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарын Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізді. Ғалым «Жалпы топырақтану және топырақ географиясы», «Биогеография және экология негіздері», «Мелиоративтік география», «Жер кадастры», «Жер ресурстарын экологиялық-экономикалық тұрғыдан бақылау» пәндерінен сабақ берді. «Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы» атты оқу құралын шығарды. Осы оқу құралы 2003 жылы электрондық оқу жүйесіне енгізілді. 2001-2003 жылдары «Жер кадастры» оқу құралы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Оның 10 монографиясы, 8 оқу құралы, 8 кітапшасы және көптеген ғылыми еңбектер жарық көрген. «Ерен еңбегі үшін», КСРО-ның Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы МАМЫШЕВ Марат дүниеге келді. Алматы облысының Балқаш ауданында туған. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын және аспирантурасын бітірген. Балқаш ауданында, Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында, Қазақ картоп және көкөніс ғылыми-зерттеу институтында, Бүкілодақтық агрохимиялық қызмет көрсету институтында жауапты қызметтер атқарды. 1991-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі, профессоры болды. Ғалым тұңғыш рет елімізде агроэкология мамандығының негізін қалап, арнаулы оқулықтар жазды. Ғылыми зертеу жұмыстары топырақтың құнарлығын анықтап, оны агрохимиялық тәсілдермен көтеру, картоп, көкөніс, тағы басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын арттыру мәселелеріне арналған. 140-тан аса ғылыми жарияланымның, соның ішінде бір монографияның авторы.60 жыл бұрын (1949-1990) киноактер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ Жамбыл Төлекұлы дүниеге келді. Тараз қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік кинематография институтының актерлік факультетін бітірген. 1974 жылдан «Қазақфильм» студиясында киноактер ретінде қызмет атқарған. Ол Темір («Махаббат тәмсілі»), Еркебұлан («Кездеспей кеткен бір бейне»), Пойгин («Ақ бақсы»), Жауынгер («Құс жолы»), Египет сұлтанының сыбайласы («Бейбарыс сұлтан»), Софи-заде («Отқа оранған Түркістан»), Кенже батыр («Жаушы батыр»), тағы басқа көптеген рөлдерді ойнаған.
Соңғы жаңалықтар
telegram