ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 17-cі мен 22-сі аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 17-cі мен 22-сі аралығындағы   оқиғалардың    күнтізбесі
ЕЛБАСЫБүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапары жалғасуда. Әбу-Дабиде шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер, іскерлік кеңестің отырысы өтуде, сондай-ақ екіжақты құжаттарға қол қойылады. Елбасының сапарымен қатар Біріккен Араб Әмірліктерінде наурыздың 16-17-сі күндері Қазақстанның Мәдениет күндері өтуде. Әбу-Даби мен Дубайда өнер шеберлерінің концерттері жоспарланған. ҮКІМЕТНаурыздың 16- 18-і аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының және Еуропалық Одақ «үштігінің» министрлік деңгейіндегі бірлескен отырысына қатысу үшін Брюссельге барады.Наурыздың 17-сінде өтетін Үкімет мәжілісінде 2009 жылғы республикалық бюджетке тиісті өзгертулер енгізу және ол құжатты Парламенттің қарауына енгізу жоспарлануда. ПАРЛАМЕНТНаурыздың 17-сі күні Мәжілісте «Қазақстан жағдайында мүгедектердің құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты ? Қазақстан мүгедектерінің құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын бекіту үдерісі шеңберінде елдегі мүгедектердің құқықтарын жүзеге асырудың перспективалары мен жай-күйін талқылау.Наурыздың 17-сінде Төтенше жағдайлар министрлігінде министр В.Божко НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі Р.Симмонспен кездеседі. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мереке қарсаңы мен мереке күндері жолаушылар тасымалдау үшін «Алматы-2 ? Астана» бағытындағы №35/36 қосымша пойыздарының жолға шығарылатыны туралы ақпарат жариялап отыр. 12 вагоннан тұратын құрама (230 орындық) жолаушыларды наурыздың 19-ы мен 25-і аралығында тасымалдайтын болады. Алматы-2 стансасынан пойыз - наурыздың 19-ы, 21-і және 23-і күндері жөнелтілсе, Астанаға - наурыздың 20-сы, 22-сі, 24-і күндер келеді және сол күні қайта жолға шығады. Алматы -2 стансасына пойыздар наурыздың 21-і, 23-і, 25-і жетеді. Пойыздар жол бойы Алматы -1, Шу, Отар, Сарышаған, Мойынты, Ағадыр, Қарағанды стансаларына аялдайды.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМНаурыздың 10-ы мен 21-і аралығында елордада, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Қостанай қалаларында Франкофония мерекесі өтеді. Франкофония аптасы аясында концерттер, әдеби оқылымдар, конкурстар өтіп, 5 қаланың кинотеатрларында фильмдер көрсетіледі. Сонымен бірге, осы күндері «Padam» атты Францияның танымал тобы Қазақстан бойынша эксклюзивті концерттерін беріп, Швейцария жазушысы Коринна Бий шығармашылығына арналған конференция, франкофонияның 10 сөзі бойынша фотосурет байқауы ұйымдастырылады. Франкофония апталығын Франция альянсы мен Францияның, Канаданың, Швейцарияның және Бельгияның Қазақстандағы елшіліктері ұйымдастырып отырСПОРТ Наурыздың 12-сі мен 17-сі күндері Испанияда футболдан жасөспірімдер құрамалары арасындағы 2008/2009 жылғы Еуропа чемпионатының элиталы кезеңінің 2-ші тобының ойындары өтуде. Оған алдын-ала кезеңнің нәтижесі бойынша жолдамаға ие болған Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы да қатысады. Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, біздің команда Чехия, Испания, Бельгия командаларына қарсылас атанып отыр. Жарыс күнтізбесіне сәйкес, жерлестеріміз бірінші матчын наурыздың 12-де Чехиямен, 14-де Испаниямен, 17-де Бельгиямен өткізеді. Топтан бірінші орын алған құрама финалдық турнирдің жолдамасын иеленеді. АСТАНАНаурыздың 17-сінде Ұлттық академиялық кітапханада ресейлік ғалымдардың кітаптарының таныстырылымы өтеді. Наурыздың 17-сінде «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде Мемлекеттік қаражаттың пайдалануы бойынша комиссияның отырысы өтеді. Наурыздың 17-сінде Ішкі істер департаментінде апталық брифинг өтеді. Наурыздың 18-20-сы күндері Конгресс-холлда "Полиграфия. Жарнама. Кеңсе әлемі - 2009" атты жетінші Қазақстандық халықаралық көрме өтеді АЛМАТЫ Наурыздың 16-18-і күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Ресей-Қазақстан жұмыс тобының мәжілісі өтеді. Бұл басқосудың мақсаты ақпараттық технологиялардың даму жетістіктері мен келешегін талқылау, ғылыми байланыстарды нығайту және ғылыми зерттеулерде ақпараттық технологияларды қолдануды кеңейту болып табылады.Наурыздың 18-і күні дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы және халықаралық ән байқауларының лауреаты Нұржан Жанпейісовтің «Дауысыңды сағындым» деп аталатын алғашқы жеке концерті өтеді.Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақтың академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында наурыздың 17-18-і күндері жаңа қойылымының премьерасы болады. Қойылымның авторы қырғызстандық жазушы, сценарист және аудармашы Мар Бәйжиев. Оның бұл туындысы белгілі өнер қайраткері, режиссер Райымбек Сейтметовтің аудармасымен қойылғалы отыр. Қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балтабай Сейітмамытұлы, суретшісі ? Серікқан Омаров пен Айдар Ықсанов. Онда басты кейіпкерлерді Жанар Мақашева (Нәзи), Бекен Кемалданов (Әзіз), Жомарт Зейнәбіл (Ескендір), Әсем Қашағанова (медбике) сияқты әртістер сомдамақ.-------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРНАУРЫЗДЫҢ 17-І, СЕЙСЕНБІИрландия Республикасының Ұлттық мейрамы ? Әулие Патрик күні. Ирландия Республикасы ? Батыс Еуропадағы мемлекет. Ирланд аралының 5/6 бөлігін алып жатыр. Астанасы ? Дублин қаласы. Ресми тілі ? ирланд және ағылшын тілдері. Ұлттық ақша бірлігі ? ирланд фунты. Ирландия ? парламенттік республика. 1937 жылы қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы ? Президент жалпыхалықтық сайлауда 7 жылға сайланады. Заң шығарушы органы ? екі палаталы (сенат және өкілдер) Ұлттық парламент. Ел әкімшілік-аумақтық жағынан 26 графтыққа бөлінеді.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР14 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы құрылды.6 жыл бұрын (2003) «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы жанынан жаңа еншілес кәсіпорын ? «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды. 6 жыл бұрын (2003) Қазақстанда макулатура жинаумен айналысатын «ҚазҚайталамашикізат» компаниясы құрылды.ЕСІМДЕР65 жыл бұрын (1944) физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі ДАМИТОВ Базар Қабдошұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған. Мәскеу инженерлік физика институтын, И.Курчатов атындағы Атом энергиясы институтының аспирантурасын бітірген. 1972-1973 жылдары ? Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1973-1983 жылдары ? Талдықорған педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, деканы, проректоры. 1983-1986 жылдары ? Қазақ КСР Ағарту министрлігінің бөлім бастығы. 1986-1991 жылдары ? Жамбыл педагогикалық институтының ректоры. 1991-1995 жылдары ? Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті және Президенті Аппаратының бөлім меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс басқармасының әлеуметтік сала бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. 1995-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бас басқармасының бастығы. 1997-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитеті төрағасының орынбасары, Жоғары білім департаментінің директоры, Ғылым және жоғары білім вице-министрі. 2000-2002 жылдары ? Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. 2002-2005 жылдары ? «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығының бас директоры. 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім сапасын бағалау ұлттық орталығының директоры қызметін атқарды. Ғалымның 60-тан астам ғылыми жарияланымы жарық көрген. «Құрмет» орденімен марапатталған.55 жыл бұрын (1954) «Қазтелерадио» АҚ Қостанай филиалының директоры, экономика ғылымының кандидаты ӘБЕНОВ Дулат Телғараұлы дүниеге келді. Қостанай облысында туған. Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Алматы экономика және статистика институтын бітірген. Еңбек жолын «Қостанайауырқұрылыс» тресінен бастаған. 1987-1991 жылдары ? Қостанай облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, қалалық партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы. 1991-1998 жылдары ? Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 1998-2002 жылдары ? Қостанай облыстық өнеркәсіп және сауда департаментінің, Экономика, индустрия және сауда департаментінің директоры. 2002-2004 жылдары ? Қостанай облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары ? бөлім меңгерушісі, Қостанай облыстық коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2004 жылдан бастап істейді. НАУРЫЗДЫҢ 18-І, СӘРСЕНБІПариж коммунасы күні. 137 жыл бұрын (1871) тұңғыш пролетарлық революция жүзеге асып ? Париж коммунасы құрылды. 1872 жылғы 20 ақпаннан бері Париж коммунасының күні ретінде аталып келеді.Ресей салық полициясының күні. 2000 жылы наурыздың 16-ында бекітілген.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР135 жыл бұрын (1874) Санкт-Петербордағы Ретгер және Шнейдер баспаханасында «Түркістан» альбомы суретті кітабы шығарылды. «Түркістан» альбомында белгілі суретші В.Верещагиннің Орта Азия халықтарының тұрмыс салтын білдіретін көріністер мен архитектуралық ескерткіштердің суреттері берілген. Кітаптың мұқабасында бұл туындыны қайта басуға рұқсат етілмейді деген сөздер жазылған. «Түркістан» альбомында Самарқанд ескерткіштері, Орта Азиядағы 19 ғасырдың орта кезінде өмір сүрген ұлттардың бейнелері, Алатау тауының көріністері, Керуен сарайы, Самарқанд әмірінің сарайы, қазақ үйінің іші, көшіп бара жатқан көріністері бейнеленген. «Түркістан» альбомына 106 сурет енгізілген. 12 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Петропавл жоғары әскери училищесі құрылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты училище 8 мамандық бойынша офицерлер дайындайды.3 жыл бұрын (2006) Прагада Чехиядағы Қазақстан студенттерінің «Бәйтерек» клубының тұсаукесер рәсімі өтті. ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924-2000) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері СИМАШКО (Шамис) Морис Давидович дүниеге келді. Одесса қаласында туған. Одесса педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1946-1976 жылдары оқу-ағарту салаларында қызмет атқарған. Қаламгердің шығармалары 1948 жылдан жариялана бастады. 1958 жылы «Новый мир» журналында «Қарақұм» повесі жарық көрді. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы - Қазақстан, Ресей, Орталық Азия және Таяу Шығыстың тарихы мен ежелгі мәдениеті болды. М.Симашко Сасанидтер династиясы билеген Иран жайында «Маздақ», Ыбырай Алтынсарин жөнінде «Дала қоңырауы», Әліби Жангелдин туралы «Дала комиссары», Ресейдің Екатерина патшайымы туралы «Семирамида» романдарын жазған. Көркем аударма саласында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын, Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романын, Ө.Қанахин, Т.Әлімқұлов, Д.Досжанов, тағы басқалардың шығармаларын орыс тіліне тәржімалады. «Дала комиссары» пьесасы Орта Азия және Қазақстан театрларында қойылды. М.Симашконың сценарийлері бойынша «Дашқаладағы оқиға», «Қарақұмда», «Емшан» повестерінің желісінде «Сұлтан Бейбарыс», «Гу-Га» кинофильмдері түсірілді. Соңғы шығармасы «Төртінші Римді» ол Израильде жазып, Қазақстанға қайтыс боларының алдында беріп жіберген.55 жыл бұрын (1954) сатирик, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты ӘЛІМБЕКҰЛЫ Толымбек дүниеге келді. Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, Жамбыл ауданының «Шұғыла-Радуга», Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеттерінде қызмет істеді. Красногор ауданының «Коммунизм жолы - Путь к коммунизму» газетінің редакторы, республикалық «Ара-Шмель» сатиралық журналының бөлім редакторы болды. Қазақ теледидары «Орда» шығармашылық бірлестігінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Әдебиетшілер үйінің директоры қызметтерін атқарды. Қазір М.Әуезов атындағы Қазақ драма театры көркемдік жетекшісінің әдеби кеңесшісі. Сықақ әңгіме, өлендері «Қарлығаш», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Кімге күлкі, кімге түрпі», «Тамаша», «О несі, ей?» жинақтарында жарық көрді. «Когда солнце смеется» жинағына әңгімелері орыс тіліне аударылып басылды. «Ләм-мим», «Ым-жым», «Тойда жолығайық» атты сатиралық шығармалардың авторы. Р.Белецкийден, Ф.Буляковтан, М.Задорновтан тәржімалаған комедиялары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда қойылды.65 жыл бұрын (1944) медицина ғылымының докторы, Қазақстанда офтальмология саласынан тұңғыш докторлық қорғап, профессор атағын алған қазақ ғалымы МӘМБЕТОВ Еркін Қарымсақұлы дүниеге келді. Атырау облысының Құрманғазы ауданында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Еңбек жолын Атырау өңірінде бастап, Қарағанды мемлекеттік медицина институтында, 1979-1981 жылдары Куба ұлттық госпиталында қызмет еткен. 2002 жылдан Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Е.Мәмбетовтің негізгі ғылыми жұмыстары офтальмологиялық жарақаттарды емдеуге арналған. Ол лакрималды және пластикалық хирургияның жаңа әдістерін енгізді. Көз аметропиясы мен астигматизмін емдеуде радиалды кератотомияны кеңінен қолданды. Интроакулярлы линзаны қондыру, миопияның асқынған түрі, миопияның астигматизге және жарақаттан кейінгі жыртықтық астигматизмге қабықаралық рефракциялық тоннелді кератопластика жасау тәсілдерін жетілдірді. Оның басшылығымен глаукомаға (суқараңғы) жасалған операциядан кейін науқастар көзінің тез қалпына келуінің жаңа әдістері анықталды. НАУРЫЗДЫҢ 19-Ы, БЕЙСЕНБІРФ Әскери-теңіз флоты сүңгуір қайық қызметкерлерінің күні. 1906 жылы император II Николай жарлығымен әскери флот кемелері жіктеліміне жаңа кемелер тобы ? сүңгуір қайықтар енгізілді. Сонымен қатар осы жарлық бойынша Ресей флоты құрамына 10 сүңгуір қайық қосылды. «Дельфин» деп аталатын алғашқы сүңгуірлердің бірі 1904 жылы Балтық зауытында құрастырылған. Әлем тарихында алғаш рет осы қайықтар орыс-жапон соғысында қолданылды. ЕСІМДЕР110 жыл бұрын (1899-1974) қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер, қоғам қайраткері БЕГАЛИЕВА Мәдина Қожбанқызы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында туған. Хан ордасындағы (қазіргі Орда ауылы) үш жылдық педагогикалық курсты, Ордадағы Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партия мектебін, Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясын бітірген. 1922-1935 жылдары - Бөкей, Орал губерниялары және Сырдария округінің Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитеттерінде әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Қазақстан өлкелік комитетінің нұсқаушысы, Өлкелік өнеркәсіп одағы төрағасының орынбасары. 1935-1943 жылдары Балқаш мыс қорыту зауытында инженер болды. 1943-1948 жылдары Атырау облыстық Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, республикалық бақылау органында бақылаушы болып істеді. 1949 жылдан зейнет демалысында болды.55 жыл бұрын (1954) кинорежиссер НҰҒЫМАНОВ Рашид Мұсаұлы дүниеге келді. Алматыда туған. Қазақ политехникалық институтын, Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. 1977-1981 жылдары Алматыдағы «Қазақазаматауылжоба» институтының аға сәулетшісі. 1981-1984 жылдары ? Қазақстан ескерткіштерді қорғау қоғамының сәулетшісі. 1988 жылы «Ине» фильмін түсіріп, 1990 жылы Нюрнгри қаласындағы (Германия) Халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды. 1988-1989 жылдары Нұғыманов «Қазақфильм» киностудиясы «Әлем» бірлестігінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. 1993 жылдан шет елде тұрады. Ол 1986 жылы қысқа метражды «Йа-хха», 1992 жылы «Жабайы Шығыс», т.б. фильмдерін түсірген.55 жыл бұрын (1954) әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі РАҚЫМОВА Жұмағаным дүниеге келді. Ресейдің Саратов облысында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Сол жылы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің, «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің әнші-солисі болды. Қазір Батыс Қазақстан филармониясында әнші, әрі Батыс Қазақстан университетінде доцент болып істейді. Әншінің репертуарында 300-ден астам қазақ, орыс және шет ел композиторларының әндері, ариялары, романстары, вальстері, т.б. бар. Оның орындауындағы бірнеше ән, республикалық телерадионың «Алтын қорына» жазылған. 1981 жылы Бүкілодақтық М.Глинка атындағы вокалистер байқауының дипломанты атанған.55 жыл бұрын (1954) М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Халық аспаптары оркестрі» кафедрасының меңгерушісі, өнертану маманы, доцент, республикалық күйші-сазгерлер конкурсының лауреаты, Ашғабадта өткен 1-ші Бүкілодақтық сазгерлер турнирінің дипломанты, Киевте өткен 2-ші Халықаралық фольклорлық фестивальдің жүлдегері ЖАРҚЫНБЕКОВ Мұсабек дүниеге келді. Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Оның есімі республикаға өнер зерттеуші ғалым және қылқобыз шебері ретінде кеңінен танымал. Ол «Қазақ халық аспаптары оркестрі», «Ғасырлар үні», «Халық аспаптары оркестрімен жұмыс істеу әдісі», «Оңтүстік Қазақстандық жыршы, термеші және композиторлар», «Қылқобыз үйрену методикасы», «Күй толқыны хрестоматиясы», «Қазақ ұлт аспаптарының мәселелері», «Аспаптану», «Қылқобыз тартуды үйрету әдістері» сияқты ғылыми-әдістемелік кітаптардың, зерттеу еңбектердің авторы. Қорқыттың (8-9 ғ.) шығармашылығы мен музыкалық мұрасына арналған «Елім-ай» атты монографиясы жапон, ағылшын тілдеріне аударылып жарық көрді. «Көне музыка аспаптары мұражайын» ұйымдастырды. Ол іздеп тауып, жетілдірген «Қамыс сырнай», «Тіл сыбызғы» аспаптары халық өнерпаздарымен қайта қауышты. Жарқынбеков 1979 жылдан бері Шымкенттегі халық аспаптары оркестрінің дирижері, «Достық» ән-би ансамблінің жетекшісі, 1986 жылы «Қазына» фольклорлық-этнографиялық ансамблін құрып, халықтың саз аспаптарын, көне ән-күйлерін насихаттап келеді. Осы ансамбльді бастап Қырғызстан, Өзбекстан, Молдова, Ресей, Украина, Польша, Германия, Куба, Түркия елдерінде өнер көрсетіп қайтты. 35 жыл бұрын (1974) ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы кеңесінің төрағасы БАЙБЕК Бауыржан Қыдырғалиұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германия Федеративтік Республикасында білім алған. 2001-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшілігінің үшінші хатшысы. 2002-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, бас инспекторы, Президент хаттамасының бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді. НАУРЫЗДЫҢ 20-Ы, ЖҰМАХалықаралық франкофония күні. Бұл ? француз тілінде сөйлейтін елдердің мейрамы. Бүгінгі таңда бірнеше күнге созылатын франкофония мерекесі, күнделікті француз тілінде сөйлесетін әлемнің 47 елін біріктіреді. Ал осы франкофония терминін тұңғыш рет француздық ғалым-географ Элизе Реклю қолданған болатын. 1970 жылғы наурыздың 20-ы күні Нигер астанасы Ниамей қаласында бүкіләлемдік франкофония ұйымы құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты барлық француз тілін сүюшілердің басын біріктіру, француз және франкотілдес елдердің мәдениетін тарату және танымал болуына жәрдем беру еді. Әдетте осы мереке күндері ғылыми конференциялар, филологиялық семинарлар, концерттер, таныстырылымдар, пікірсайыстар өтеді. Тунис Республикасының Мемлекеттік мейрамы ? Тәуелсіздік күні. 1881 жылдан Франция отары болып келген Тунис 1956 жылы тәуелсіздігін алды. Тунис ? Африканың солтүстігінде орналасқан араб мемлекеті. Ежелден келе жатқан, тарихы бай ел. Әйгілі Карфаген нақ қазіргі Тунистің аймағында орналасқан болатын. 9,6 миллион тұрғыны бар мемлекеттің басшысы ? Президент. Заң шығарушы органы ? Парламент. Елде араб және француз тілі тең дәрежеде қолданылады. Қазақстан Республикасы мен Тунис Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қарашаның 23-де орнатылған. Бүкіләлемдік астрология күні. Астрология (грек тілінде astron ? «жұлдыз» және logos ? «сөз, ілім») ? жер шарына және адамға жұлдыздардың әрекет етуі туралы ілім. Астрология ежелде қалыптасқан, жұлдызды ғибадатпен және жұлдызды аңызбен тығыз байланысты. XX ғасыр аяғында батыс жұлдызшылары астрология күнін наурыздың 20-ында, астрономиялық және астрологиялық жыл басталған уақытта атап өтуді ұсынды. Күн бұл кезде тоқты белгісіне енеді (көктемгі күн мен түннің теңесу күні 20-21 наурызға сәйкес келеді).ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) республика тәуелсiздiгiнiң символына айналған «Алтын Сарбаз» атты Қазақстанның алғашқы пошта маркасы шығарылды. Дәл осы кезден қазақстандық маркалар дүние жүзi пошта тізбелеріндегі пошта миниатюралары арасында және филателистер каталогтарында өз орнын тапты. Қазiргi күнге дейін 300 жуық маркалар мен блоктар шығарылды.7 жыл бұрын (2002) Шығыс Қазақстан облыстық Жастар және балалар ұйымы қауымдастығы тіркелді.3 жыл бұрын (2006) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік комиссия Қазақстанның саяси жүйесін жаңарту және еліміздегі демократиялық өзгерістерді тереңдету мәселелері жөніндегі жалпыұлттық үндесуді дамыту мақсатында құрылды. ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1973) әнші, Қазақстанның халық әртісі ҮМБЕТБАЕВ Әнуарбек Бейсембайұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы консерваториясын бітірген. Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1930 жылдары жаңадан ұйымдастырылған Қазақ радиосында әншілік қызмет атқарды. 1931-1937 жылдары Кеңес әскері қатарында болып, Қазақтың атты әскер полкінің ансамблін басқарды. 1935 жылы Ташкент қаласында өткен әскери округтің фестивалінде 1-ші жүлде алды. 1937 жылы Қазақ академиялық опера және балет театры жанындағы 2 жылдық студияны бітіргеннен кейін, сол театрда әнші-солист қызметін атқарды. 1942-1944 жылдары 2-ші дүниежүзілік соғыс жылдары концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлерге мәдени қызмет көрсетті. Ол 1946 жылы Біржан (М.Төлебаев «Біржан ?Сара»), Айдар, Төлеген (А.Жұбанов, Л. Хамиди «Абай», «Төлеген Тоқтаров»), Тарғын, Қайрақбай, Думан (Е.Брусиловский «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Дударай»), Бақи (Қ.Қожамияров «Назугум»), Жек (Н.Жиганов «Алтыншаш»), Кавардосси (Дж.Пуччини «Тоска»), т.б. партияларын орындап, ұлттық опера өнерінің өсіп, өркендеуіне мол үлес қосты. Сондай-ақ, Үмбетбаев қазақ халық әндерін («Аққұм», «Бурылтай», «Қаракөз», «Ағашаяқ», т.б.), қазақ композиторларының шығармаларын да бабына келтіре орындады. «Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының судьясы, әділет полковнигі БАПАХОВ Ғалихан Айдынғалиұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті ? Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу бөлімінің бастығы болған. Қазіргі қызметінде 1995 жылдан бастап істейді.140 жыл бұрын (1869) музыка сыншысы, этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі ЗАТАЕВИЧ Александр Викторович дүниеге келді. Ресейдің Орлов облысында туған. Ресейдің Орлов қаласындағы әскери гимназияны бітіріп, Варшавадағы (Польша) «Варшавский дневник» атты үкіметтік газеттің музыка және театр бөлімін басқарды. 1920 жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборға көшіп келді. Осы кезеңнен бастап ол ғасырлар бойы ауызша таралып келген қазақ халқының музыка мұрасын нотаға түсіріп, ұлттық ән-күйлердің сақталып қалуына зор мүмкіндік жасады. Халықтың кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, орындаушылық шеберліктерін зерттеп, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, т.б. шығармаларын алғаш рет жарыққа шығарды. Этнографтың «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының 1-ші басылымы 1925 жылы, 2-ші басылымы 1963 жылы шықты. 1931 жылы «Қазақтың 500 ән-күйі», 1971 жылы «Песни разных народов», жарияланбаған «Қазақ музыкасының 3-томы» деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классикалық ән, күйлерінің үлгілері мол орын алған. Мұнда қазақ музыкасының көптеген теориялық және тарихи мәселелерінің беті ашылды. Ол қазақтың кәсіби музыкасының («Қазақ музыкасы» атты фортепьяналық шығармасы) негізін салушылардың бірі. 1925-1927 жылдары фортепьяналық пьесалар циклін, 1925 жылы «Халық тақырыбына жазылған миниатюралар», 1927 жылы «Қазақтың халық әндері тақырыбы бойынша фортепьяноға арналған пьсалар» жазды. 3атаевич қазақ музыкалық фольклорының жиналу дәстүрін қалыптастырып, одан әрі А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Б.Ерзакович, М.Төлебаев, Л.Хамиди, т.б. жалғастырды. НАУРЫЗДЫҢ 21-І, СЕНБІНамибия мемлекетінің Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1990). Намибия ? Африканың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ангола, Замбиямен, шығысында Ботсвана, Оңтүстік Африкамен, оңтүстігінде Оңтүстік Африкамен шектеседі. Астанасы ? Виндхук қаласы. Мемлекеттік тілі ? ағылшын, неміс тілдері. Ақша бірлігі ? намибия доллары. Көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Түрлі табиғи құбылыстар мен үдерістерге байланысты жыл сайын қайталанып отыратын астрономиялық және географиялық дәлдік күні. Бірнеше елде бұл күнді, яғни «Наурыз» мерекесін жаңа жыл ретінде атап өтеді. Қазақстан бұл мерекені наурыздың 22-і күні тойлайды.Нәсілдік кемсітушілікті жою жолындағы күрестің халықаралық күні. 1960 жылы наурыздың 21-де нәсілшілдік құрбандарын еске алу мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылғы қазанның 26-ындағы XXI сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі. Осыдан 49 жыл бұрын (1960) Оңтүстік Американың Шарпевил қаласы полицейлері бейбіт шеруге шыққан тұрғындарға оқ атып, 69 адам қаза тапқан болатын.Дүниежүзілік поэзия күні. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 30-шы сессиясының шешімі бойынша наурыздың 21-і - Дүниежүзілік поэзия күні болып жарияланды. Бірінші Дүниежүзілік поэзия күні ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде өтті.Дүниежүзілік ұйқы күні. Бұл атаулы күн 2002 жылдан бастап, Еуропада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыруымен ұйқы және денсаулық проблемалары жөніндегі бүкіләлемдік жоба шеңберінде өтеді.Ағаш күні (Италия). Бұл мереке жаңару, адамзаттың табиғатпен байланысының белгісі ретінде атап өтіледі. 19 ғасырдың аяғынан бастап, наурыздың 21-де әрбір мектеп оқушысы есік алдына, ең болмағанда, бір ағаш отырғызуы тиіс деген қағида дәстүрге айналды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР12 жыл бұрын (1997) «Ислам әлемі» баспасы ашылды.9 жыл бұрын (2000) Алматыда қазақтың тұңғыш инженері Мұхаметжан Тынышбаев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.ЕСІМДЕР50 жыл бұрын (1959) Ұлттық ат спорты түрлерінен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Алматы облыстық Ұлттық ат спорты түрлері федерациясының президенті, Ұлттық ат спорты түрлерінен Қазақстан Республикасы Президенті кубогын ұйымдастырушылардың бірі ӘМІРҒАЛИЕВ Орынтай Қырғызбайұлы дүниеге келді. НАУРЫЗДЫҢ 22-І, ЖЕКСЕНБІНаурыз мейрамы. Көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша наурыз ай аты емес, тек бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл айды соғдылықтар «наусарыз», хорезмдіктер «наусарджи», армяндар «навасарди», чуваштар «норас-ойахе» деп атаған. Қазақстанда кеңес заманында талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. Оның жаңғыруына көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібеков көп еңбек сіңірді.Бүкіләлемдік су қорлары күні. 1992 жылғы маусымның 3-4-і аралығында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференцияда 22-ші наурыз ? Бүкіләлемдік су қорлары күні деп жарияланды. Балтық теңізі күні. 1974 жылы Финляндияның Хельсинки қаласында Балтық теңізі ауданындағы теңіз қоршаған ортасын қорғау жөніндегі Конвенцияға қол қойылды. Планетарийлер күні. Көктемгі күн мен түннің теңесу күніне таяу жексенбіде аталып өтеді. Ең алғашқы рет 1990 жылы Италияда Итальяндық планетарийлер қауымдастығы бастамасымен өткізілген. Халықаралық мәртебеге 1994 жылы француздық «астрономия шіркеуі» қолдағаннан кейін ие болған. Бір жылдан соң бұл мейрам Европаның тағы да алты мемлекеті: Бельгия, Чехия, Словакия, Польша, Украина және Ресейде аталып өткен.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) Павлодарда «Ватан» Әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы құрылды.9 жыл бұрын (2000) Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Жаңажол ауылындағы орта мектепке ақын Қасым Аманжоловтың есімі берілді.3 жыл бұрын (2006) Отырар мемлекеттік мұражай-қорығы тарихи ескерткіштерінің электрондық тізімдемесі жасалды. Жобаны ұйымдастырушы - Ә.Марғұлан атындағы Археология институты. Қорықтың картасын жасау үшін ғарыштан жерсерік арқылы түсірілген суреттер, сонымен қатар стереофотографиялар пайдаланылған. Мұндай нысанның толық сипаттамасы Қазақстанда алғаш рет жасалынған. Болашақта ғалымдар осындай тізімдемені «Әзірет-Сұлтан» мұражай-қорығына, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның басқа мұражайлары мен тарихи-мәдени ескерткіштеріне жасауды қолға алмақ.ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949-1992) әнші, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері КӘРМЕНОВ Жәнібек дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Он жасқа толар-толмас шағында туған ел, өскен жерге арнайы сапармен келген М.Әуезовтің алдында ән салып, ұлы қаламгердің батасын алған. Алматыдағы өнер студиясын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1979 жылдан бастап Ж.Елебеков атындағы эстрада студиясында ұстаздық қызмет атқарып, дарынды әншілердің, орындаушылардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда халық әндері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Оның «Ақылбайдың әні», «Махаббат әні», «Ғашықтың тілі» атты прозалық кітаптары, өнер адамдары туралы 200-ден астам мақаласы жарық көрді. 1990 жылы «Өнер» баспасынан екі томдық «Халық әндері мен халық композиторларының әндері» атты жинағы шықты. 1980 жылдардың басында «Асыл мұра» сериясы (А.Сейдімбековпен бірлесіп) бойынша телехабар жүргізіп, Ақан сері, Біржан сал, Абай, Мәди, Естай, Әсет, Кенен, Мұхит, Сәкен әндерін жаңаша қырынан, тың толғаммен қалың көрерменге насихаттады. Әншінің «Толғау», «Шыңғыстауға арнау», «Бабалар», «Ағалар-ай», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» т.б. әндері бар. 50 жыл бұрын (1959) «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты СӘРСЕНБАЙ Қали Қошқарұлы дүниеге келді. Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1982-1988 жылдары ? «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің корректоры, «Өркен - Горизонт» газетінің жауапты хатшысы. 1990-1995 жылдары ? «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі. 1995-1997 жылдары ? «Парасат» журналы бас редакторының орынбасары. 1997-2005 жылдары «Жас алаш» газеті бас редакторының орынбасары болған. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді. НАУРЫЗДЫҢ 23-І, ЖЕКСЕНБІБүкіләлемдік метеорология күні. 1950 жылғы наурыздың 23-де БҰҰ-ның арнайы мекемесі Бүкілдүниежүзілік метеорология ұйымының конвенциясы күшіне енді. 1961 жылдан бастап атап өтіледі.Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық мерекесі ? Республика күні. 1956 жылдан бастап атап өтіледі. 1947 жылы бұрынғы Британ Үндістаны тұрғындары діни-қауымдық сенімі бойынша Үндістан және Пәкістан мемлекеті болып екіге бөлінді. Үндістанда ? үнділер, Пәкістанда ? мұсылмандар шоғырланды. Пәкістан мемлекетінің басшысы ? Президент. Жоғарғы заң шығарушы органы ? Парламент. Астанасы ? Исламабад. 1992 жылғы наурыздың 24-де Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі ? Шабарбаев Бақытбек. ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі МҰҚАМАНОВ Мырзахмет дүниеге келді. Алматы облысының Панфилов ауданында туған. Алматы эстрада-цирк өнері студиясын бітірген. 1975 жылдан Талдықорған облыстық (қазіргі Алматы облысы) филармониясының әншісі болған. Ол 1978 жылы Бүкілодақтық халық әндері байқауының лауреаты, 1980 жылы Ә.Қашаубаев атындағы байқаудың бас жүлдегері атанды.