ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 4-і мен 9-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None
ҮКІМЕТНаурыздың 4-інде Қорғаныс министрлігінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Үйлестіру комитетінің отырысы өтеді. Наурыздың 4-інде Статистика агенттігінде 2009 жылғы Ұлттық халық санағының кезекті күнінің қорытындысы жарияланады. Наурыздың 4-інде ҚР Индустрия және сауда министрлігінде В.Школьник Үндістанның Мемлекеттік индустрия және сауда министрімен кездеседі.Наурыздың 4-інде Үкімет үйінде ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының отырысы өтеді.ПАРЛАМЕНТНаурыздың 4-інде ҚР Парламенті Мәжілісінде пленарлық отырыс өтеді.Наурыздың 4-інде ҚР Парламенті Сенатында Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.Наурыздың 4-інде Сенатта Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы өтеді.Наурыздың 6-сында Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақырылды. ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі. Елімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМНаурыздың 2-4-і аралығында Астана қаласына БҰҰ Бас Хатшысының Арнайы Өкілі, Орталық Азия үшін БҰҰ-ның Превентивтік дипломатия жөніндегі Аймақтық Орталығының (ОАПДАО) Басшысы М.Енчаның сапары жоспарлануда. Аталған сапар барысында Қазақстан Республикасы және аймақтың қазіргі уақытта және болашақта дамуының өзекті мәселелері; Орталықтың 2009 жылға арналған жобалары; ЕҚЫҰ-да төрағалық ету кезінде Қазақстанмен ОАПДАО ынтымақтастығы мәселелері талқыланбақ.Наурыздың 2-4-і аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Дәненовтің Женева қаласына іссапары жоспарлануда. Сапар барысында Н.Дәненов Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесі 10-шы сессиясының жоғары деңгейдегі сегментінде баяндама жасайды. Конференция аясында Н.Дәненовтің Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесінің, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесі 10-шы сессиясының жұмысына қатысатын шетелдік делегация басшыларымен кездесуі жоспарланған.Наурыздың 2-7-сі аралығында «Қазақстан-Франция» парламенттік достық тобының төрағасы Тьерри Марианидің шақыруымен ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Қазақстан-Франция» парламенттік достық тобының төрағасы Жәнібек Кәрібжанов бастаған делегацияның Франция Республикасында жұмыс сапары жоспарлануда. Қазақстанньң парламенттік делегациясы аталған сапар шеңберінде 5 наурызда Франция Президенті Н.Саркозидің қолдауымен өтетін «Қазақстан -Еуропаның стратегиялық әріптесі» атты форумға қатысады. АСТАНАНаурыздың 4-інде қалалық Ішкі істер департаментінде Астана қаласы ІІД-нің басшылығы «Жас Отан» ЖҚ-мен кездеседі.Наурыздың 4-інде қалалық әкімдікте Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның 10 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді.Наурыздың 4-інде «Дипломат» қонақ үйінде «Лоббилау: келешегі, проблемалары мен даму жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.Наурыздың 4-інде Халықаралық баспасөз орталығында республикалық жобаның тұсаукесері өтеді.Наурыздың 11-12-сі күндері Астанада «Еуразияның ғаламдық қауіп-қатер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ІІ Астаналық экономикалық форум өтеді.АЛМАТЫ Наурыздың 4-інде Ұлттық баспасөз клубында «ҚР Премьер-министріне Алматыда су тарифын төмендету жөнінде үндеуі туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.Наурыздың 4-інде Алматы облысы бойынша жол-көлік оқиғалары жөнінде баспасөз брифингі өтеді.Наурыздың 4-інде қалалық №10 емханада «Ана денсаулығы ? ұлт денсаулығы» атты акция өтеді.Наурыздың 4-інде Қазақстан баспасөз клубында Қазақстанда Болатхан Тайжан қорын құруға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.Наурыздың 4-інде «Алматы» қонақ үйінде NUR.kz қазақстандық интернет порталының ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.Наурыздың 4-інде Қазақконцертте Халықаралық 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтеді.Наурыздың 4-інде Туризм орталығында туристік ұйымдарға мамандар дайындау жөнінде дөңгелек үстел өтеді.Наурыздың 4-інде Ә.Қастеев атындағы мұражайда Ю.Кульевскаяның жеке көрмесі өтеді.Наурыздың 3-8-і аралығында волейболдан XVII Қазақстан чемпионатының жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында 4-ші тур ойындары өтеді-------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРНАУРЫЗДЫҢ 4-І, СЕНБІАҚШ-тың мемлекеттік мейрамы ? Конституция күні. АҚШ Конституциясы 1789 жылы қабылданып, 1791 жылы алғашқы түзету енгізілген. Бүгінгі таңда АҚШ Конституциясы 7 баптан тұрады, оның біреуі (5-ші бап) АҚШ-тың негізгі заңына түзету енгізу тәртібін сипаттайды. 215 жыл бойы қолданылып келе жатқан АҚШ Конституциясына 10 мыңнан астам рет өзгерту енгізуге талпыныс жасалынып, тек оның 27-де ғана өзгеріс енгізілген. Конституцияның белгілі бір бөлігіне өзгерістер енгізу үшін Сенат және Өкілдер Палатасы мүшелерінің үштен екісі және АҚШ-тың барлық штаттарының төрттен үші жақтап дауыс беруі керек. Американдық заңнама тарихында алғашында Конституцияның бөлімі ретінде қабылданып, соңынан алынып тасталған бір-ақ жағдай орын алған. Бұл АҚШ аумағында алкоголді сусындарды тарату мен өндіруге қатысты болған. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР12 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрі және мемлекеттік тіркеуді тәртіптеу жөніндегі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.12 жыл бұрын (1997) ҚР Президентінің Жарлығымен және ҚР Үкіметі қаулысымен Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі базасында «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы құрылды. Мұнай-газ кешенін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында 2002 жылғы ақпанның 20-ында «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы мен «Мұнай және газ көлігі» Ұлттық компаниясы қосылып, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы құрылды.10 жыл бұрын (1999) Алматы көшелерінің біріне Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі беріліп, ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.9 жыл бұрын (2000) Қостанай қаласындағы Киров көшесіне ақын Ғафу Қайырбековтың есімі берілді.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) аға әділет кеңесшісі ЕЛУБАЕВ Жұмагелді Сәкенұлы дүниеге келді. Павлодар облысында туған. Свердлов заң институтын бітірген. 1987-1989 жылдары ? Алматы қалалық соты төрағасының орынбасары. 1989-1990 жылдары ? Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің инспекторы, консультанты. 1990-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы. 1997-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі, Әділет біліктілік алқасының төрағасы, «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорнының бас менеджері. 2002 жылдан Қазақстандық мұнай-газ саласы заңгерлері қауымдастының президенті қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап «Шеврон» корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы құқықтық кеңесшісі болып істейді. «Құрмет» орденімен марапатталған.55 жыл бұрын (1954-1999) өнертанушы, педагог, өнертану ғылымының кандидаты ЕЛЕУКЕНОВА Гүлжауһар Шериязданқызы дүниеге келді. Өскемен қаласында туған. Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербор) Кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген. Сол жылдан өмірінің соңына дейін Алматы театр және көркемсурет институтында (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) педагогикалық қызметпен айналысты. Оның бейнелеу өнері бойынша жазған 30-дан аса ғылыми мақалалары республикалық және бұрынғы одақтық мерзімді басылымдарда жарық көрді. НАУРЫЗДЫҢ 5-І, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы» қаулысы жарық көрді.16 жыл бұрын (1993) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы» туралы Заң күшіне енді.16 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар етіп қайта құру туралы» Жарлығы жарық көрді.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) әскери қайраткер, генерал-майор, заң ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері ҚОЙБАҚОВ Сейітжан Мелдебекұлы дүниеге келді. Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Мәскеу және Алматы қалаларындағы Жоғары курстарында арнайы дайындықтан өткен. 1995-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппаратында бөлім бастығы, Қарсы барлау бас басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары ? ҚР ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінің бастығы. 2002-2006 жылдары ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметінің бастығы болған.50 жыл бұрын (1959) Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі, техника ғылымының кандидаты НҰРАЛИЕВ Абдалы Тоқбергенұлы дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген. Жақсы, Державин, Краснознаменск элеваторларында істеген. 1992-2001 жылдары ? «Алтын дән» ашық акционерлік қоғамының президенті. 2001-2003 жылдары ? Жамбыл облысының Жуалы ауданы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2003 жылдан бастап істейді. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. НАУРЫЗДЫҢ 6-Ы, ЖҰМАГана Республикасының ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні. 1975 жылдан бастап атап өтіледі. Гана ұзақ уақыт Ұлыбританияның отарында болған еді. 1975 жылы тәуелсіздігін алғанымен, Британ ынтымақтастығының құрамында қалды. Ел астанасы ? Аккра қаласы, ресми тілі ? ағылшын, Республика аймағын 17 миллион адам мекендейді. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы ? бір палаталы парламент. Қазақстан Республикасы мен Гана Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 14-де орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 17 жыл бұрын (1992) Қарағанды облысының Егіндібұлақ аудандық кеңесінің шешімімен аталмыш ауданға Қаз дауысты Қазыбек бидің есімі берілді.13 жыл бұрын (1996) Көкшетау қаласында Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері ? Ақтоқты» спектаклімен Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры шымылдығын ашты. Сол жылы театрға Ш.Құсайыновтың есімі берілді. Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі әрі директоры М.Оспанов болды. Театр репертуарында қазақ, орыс және шет ел драматургиясы (Ш.Құсайынов «Алдаркөсе», С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек», А.Хасенов «Пай-пай жас жұбайлар-ай», Т.Қажыбаев «Ұмытпа мені, Гәккуім», Д.Исабеков «Мұрагерлер», Б.Әлімжанов «Құдалық», Н.Гоголь «Ревизор», С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», У.Шекспир «Король Лир», Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн», Шота Уәлиханов «Ағнұр») бар. Театр ұжымы 2000 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық 8-ші театр фестивалінде «Режиссерлік дебют» жүлдесін, 2001 жылы Алматыда «Ойын арзан, күлкі қымбат» атты республикалық шағын комедиялар фестивалінде «Гран-при» жүлдесін және сол жылы Каир қаласында (Египет) өткен халықаралық эксперименталды театрлар фестивалінде «Орындаушылығы ең шебер театр» жүлдесін жеңіп алды.ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) аға әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының құрметті қызметкері ҚЫДЫРБАЕВ Аманбек Райқұлұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жамбыл Қаскелең аудандық прокуратурасының тергеушісі, прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарған. 1981-1983 және 1988-1991 жылдары ? Қазақ КСР Прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры. 1983-1988 жылдары ? Жезқазған облысы Жезді ауданының прокуроры. 1991-2000 жылдары ? Күрті, Қаскелең аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы Сарқанд ауданының прокуроры. 2000-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі. 2002 жылдан Семей қаласының прокуроры болған. 210 жыл бұрын (1799-1861) ағылшын саяхатшысы, суретші АТКИНСОН Томас Уитлам дүниеге келді. 1848-1852 жылдары Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген. Аткинсонның 1858 жылы Лондонда жарық көрген «Шығыс және Батыс Сібірдегі зерттеулер» атты екі томдық еңбегінде Семей, Аягөз, Қапал, Алматы қалалары мен бекіністеріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қазақтардың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, билеуші топтары арасындағы талас-тартыс, Шыңғыстау күміс кені, балыққа бай Зайсан көлі жөнінде көптеген деректер бар. 1860 жылы «Амудария бойымен саяхат» атты кітабы жарыққа шықты. Онда қазақ қоғамын іштей жегідей жеп жатқан «барымта» дегеннің куәсі болдым дей келіп, «Түнгі ауылға шабуыл», «Аттылы қырғыздардың ұрысы» атты суреттер жариялады. Соңғы суретінде қазақтардың сол кездегі қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген. Қазақтардың киімін, тамағын, қысқы киіз үйін суреттеп, бұл жөнінде бірнеше этнографиялық гравюралар, көп мағлұматтар қалдырған. Алатаудың солтүстік беткейінде, Зайсан мен Балқаш аралығында кездескен түрлі обалар мен көне зираттардың құрылысын сипаттап жазған. Аткинсон дала тұрғындарының ақындық рухына, моральдық түсінігінің жоғарылығына, түрлі жер аттарына (Қаркөл, Қалмақтау, Ақтас, Ертіс, тағы басқалар) байланысты аңыз-әңгімелерді баяндаған. Сүйік пен Айғаным арасындағы сүйіспеншілік, Сүйіктің Айғанымды алып қашуы, Айғанымның қамысты көл жағасында жолбарыстан опат болуы туралы халық арасында ертеден келе жатқан аңыз желісін баяндауы да ағылшын авторының қазақтардың рухани мәдениетіне жіті назар аударғанын көрсетеді. НАУРЫЗДЫҢ 7-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР6 жыл бұрын (2003) Ақтөбе облыстық жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы тіркелді. ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл облысының құрметті азаматы ЖАҢАБАЙҰЛЫ Баттал дүниеге келді. Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1950-1957 жылдары ? Семей облыстық «Екпінді» газетінің бөлім меңгерушісі. 1957-1962 жылдары ? Жамбыл облыстық «Сталиндік жол» газетінің бөлім меңгерушісі. 1965-1985 жылдары ? «Еңбек туы» газетінің редакторы. 1985-1991 жылдары кино жөніндегі облыстық кеңестің, Бейбітшілік пен татулық қоры облыстық бөлімшесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1996 жылдан ? Д.Қонаев атындағы қордың облыстық бөлімшесінің құрметті төрағасы. Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. 45 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Биатлон федерациясының президенті, Биатлоннан халықаралық федерацияның вице-президенті, 2011 жылы Қазақстанда өтетін қысқы Азиялық ойындарды ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы СМИРНОВ Владимир Михайлович дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген. Ол Қазақстан және КСРО біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы, 30 шақырым қашықтықтан әлем кубогының иегері атанды. 15, 17, 18-ші қысқы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 4 күміс, 2 қола жүлде алды. 1993-1995 жылдардағы әлем чемпионаттарында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола иеленді. «Еңбек Қызыл Ту», «Даңқ» ордендерімен, медальдармен марапатталған. НАУРЫЗДЫҢ 8-І, ЖЕКСЕНБІХалықаралық әйелдер күні. Алғашқыда бұл мерекенің саяси маңызы болды. 1910 жылы Копенгагендегі әйел социалистердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері К.Цеткиннің ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды.Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады.Мәуліт-ан-Наби - Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні. 2009 жылғы наурыздың 8-9-ы ? 1430 хижра жылының 11-12-ші Рәбиуль-Аууалі. Рәбиуль-Аууаль айының 12-ші күнінде атап өтіледі (жексенбіден дүйсенбіге қараған түн). Қасиетті мәуліт тура бір айға созылады.ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1998) әнші, Қазақстанның халық әртісі ЖҰБАТОВА Зәбира Қыдырәліқызы дүниеге келді. Петропавл қаласында туған. 1933-1968 жылдары Қарағанды облыстық радиокомитеті жанындағы қазақ хоры тобының әншісі, облыстық филармонияның әншісі болды. Ұлы Отан соғысы жылдары концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлер алдында өнер көрсетті.90 жыл бұрын (1919-2006) актриса, Қазақстанның халық әртісі, «Тарлан» сыйлығының иегері ӨМІРЗАҚОВА Әмина Ерғожақызы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Санкт-Петербор сахна өнері техникумының Қазақ студиясын бітірген. 1938-1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының труппасында, ал 1942-1949 жылдары «Казақфильм» студиясында қызмет атқарды. 1949 жылдан Қазақ академиялық жастар мен балалар театрының актрисасы болды. Оның ойнаған рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Луиза (Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат»), Смерильдина (К.Гольдоний «Екі мырзаға бір қызметкер»), Шәуәли (М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин»), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов «Тағдыр»), Глумова (А.Островский «Адам аласы ішінде»), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түсіп, Ажар («Абай әні»), Мұғалима («Қанатты сыйлық»), Айша («Бір аудан»), Ана («Ана туралы аңыз», 1964 жылы Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен жарыс-байқауының 1-ші сыйлығы; 1966 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы), Тана («Тақиялы періште», Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-ші кино өнері жарыс-байқауының сыйлығы), т.б. бейнелерді сомдаған. «Отан», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) экономика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі ШЕДЕНОВ Өтеғали Қадырғалиұлы дүниеге келді. Атырау облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Алматы халық шаруашылығы институтының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, деканы болған. 1979-1985 жылдары ? Алматы сәулет-құрылыс институтының, Қазақ ауыл шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі. 1989 жылдан Қазақ мемлекеттік университеті Экономика және құқық институтының бөлім меңгерушісі, профессоры, ғылыми орталық директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры болып істейді. Ғалымның 300-ден астам ғылыми жарияланымы жарық көрген. «Құрмет» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, Дүниежүзілік туристік ұйымның вице-президенті және Азиялық Олимпиада комитетінің вице-президенті, педагогика ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ДОСМҰХАМБЕТОВ Темірхан Мыңайдарұлы дүниеге келді. Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. 1985-1996 жылдары «Еңбек резервтері» ерікті спорт қоғамы Қазақ республикалық кеңесінің төрағасы, «Интурист-Қазақстан» ұлттық компаниясының бас директоры, «Яссауи» мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті болды. 1996-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі. 1997-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Туризм және спорт департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Туризм және спорт комитетінің төрағасы. 1998-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы. 2003-2004 жылдары ? Астана қаласының әкімі. 2004-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді. II дәрежелі «Барыс» және «Ресей Федерациясы халықтарының достығы» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің екі грамотасымен марапатталған.50 жыл бұрын (1959) ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, техника ғылымының кандидаты ТҰРҒАНОВ Дүйсенбай Нұрбайұлы дүниеге келді. Атырау облысының Мақат ауданында туған. Алматы энергетика институтын бітіріп, еңбек жолын Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы «Қаратау» өндіріс бірлестігінің электр қуатымен қамтамасыз ету цехында электромонтер-релейщик қызметінен бастады. 1982-1990 жылдары электр қуатымен қамтамасыз ету цехы бастығының орынбасары, бастығы болып тағайындалды. 1990-1997 жылдары «Қаратау» өндіріс бірлестігі жылумен және сумен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, бас энергетигі, Қаратау қаласындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы көпсалалы өндірістік бірлестігінің бас директоры, Қаратау қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, қала әкімінің орынбасары. 1997-1999 жылдары ? Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі. 1999-2002 жылдары ? Атырау қаласының әкімі. 2002-2007 жылдары ? «Каспийқұрылыссервис» ЖШС-ның президенті, «Кегок» АҚ-ның вице-президенті. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. «Ерен еңбегі» медалімен марапатталған.
Соңғы жаңалықтар