ҚазАқпарат-Анонс: Шілденің 15-і мен 18-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ
Шілденің 15-і күні ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің апталық брифингісі өтеді.
Шілденің 16-сы мен 17-сі күндері Алматыдағы Ақбұлақ курорттық аймағында ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
ҚОҒАМ
Маусымның 1-інен бастап елімізде жыл сайынғы «Скутер» шарасы басталып, ол шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасуда.
Маусымның 1-інен бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ мемлекеттік бағдарлама бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры есебінен ипотекалық несиелеуді қайта қаржыландыруды жаңғыртты.
Шілденің 1-інен бастап Кеден одағының бірыңғай сертификаты енгізілді.
СПОРТ
Шілденің 16-сы мен 18-і аралығында Балқаш көлінің жағалауында«Bike Fest.kz Балқаш-Нұрсая 2010» мотосаяхатшылардың төртінші халықаралық фестивалі өтеді.
Шілденің 17-сі күні Ақтау қаласында «Қазақстан бокс федерациясының Кубогы» үшін боксшылардың ішкі аймақтық чемпионаты өтеді.
АСТАНА
Шілденің 15-і күні «Нұр Отан» ХДП-да «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері бойынша бірыңғай қабылдау күні» Республикалық акциясы өтеді.
Шілденің 15-і күні Астана қаласында «Мемлекеттік тілді оқытудағы ғылыми және әдістемелік мәселелер» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.
Шілденің 15-і күні Жол полициясы басқармасының жаңа тіркеу-сынақ пунктісінің ашылуы болады.
Шілденің 12-сі мен 17-сі аралығында ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Мерейтой иелері» атты көрме өтеді.
Маусымның 29-ы мен қыркүйектің 1-і аралығында ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында «Назарбаев және Қазақстан» атты көрме өтеді.
Маусымның 28-і мен шілденің 23-і аралығында елорданың 12 жылдығын атап өту аясында «Қазақстан Астанасы» атты деректі көрме өтеді.
АЛМАТЫ
Шілденің 15-і күні Алматыда қазақ тілін үйрену бойынша Қазақстан-корея жастар форумының қорытынды жиналысы өтеді.
Шілденің 16-сы күні сағат 11.00-де «SKY TECH» компаниясының кеңсесінде «Eurocopter компаниясының сертификаттарын тапсыруға арналған салтанат өтеді.
ШІЛДЕНІҢ 15-І, БЕЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Семейдегі Қазақ қаржы-экономикалық институтының ғимаратында Қабанбай батырдың мұражайы ашылды.
1 жыл бұрын (2009) Астанадағы «Дипломат» қонақ үйінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда Қазақстан Халық банкінде ірі автоматтандырылған сейфтік депозитарий ашылды. Салтанатты рәсіміне Нидерланды Королдігі елшілігінің, голландиялық Gunnebo компаниясының өкілдері және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның басшылығы қатысты.
Автоматтандырылған қоймаға ұқсас бұл сейфтің 417 ұяшығы мен жоғары деңгейдегі 7 сыныпқа сәйкес келетін қорғаныс жүйесі бар.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1915-1975) актер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі СЫЗДЫҚОВ Мәнтай дүниеге келді.
Ақмола облысының Аршалы ауданында туған. Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының актерлер даярлайтын қазақ студиясын бітірген.
1938 жылдан өмірінің соңына дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының құрамында қызмет етті. 1942 жылдан Алматы театр училищесінде педагогикалық қызметпен шұғылданған.
Алғашқы ойнаған рөлі - Н.Погодиннің «Мылтықты адам» драмасындағы Захар Захарыч. Бұдан кейін әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің өткір мінезді актер екенін байқатты. Басты рөлдері: Бөжей, Жантық, Есен, Алдаберген, Панфилов, Сәрсен.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
95 жыл бұрын (1915-1978) ақын, аудармашы БОРАНБАЕВ Қабыл дүниеге келді.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Петропавл педагогикалық техникумын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Қарағанды облысының, Балқаш қаласының мектеп мұғалімі, директоры, Түркістан педагогикалық училещесі директорының орынбасары, ҚазТАГ редакторы, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналы редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Дәурен», «Балалар шаттығы», «Ант», «Дос отряд», «Тапқыр бала», «Дән дария» өлеңдер жинағының авторы. Орыс ақындары Б.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, К.Симоновтың, шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.
ШІЛДЕНІҢ 16-Ы, ЖҰМА
ОҚИҒАЛАР
9 жыл бұрын (2001) Еуразия ұлттық университеті кітапханасы негізінде «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы құрылды.
5 жыл бұрын (2005) Ақтөбедегі Абай атындағы гүлзарда «Темірқазық» рәміздік белгісінің ашылу рәсімі болып өтті.
Темірқазық жұлдызы ерте кезде жолаушыларға, қазақ даласымен жүрген керуендерге жол көрсететін белгі болған. Жаңа «Темірқазықта» жаһанның төрт бұрышы, Ақтөбенің географиялық мәліметтері, қаланың әлемнің ірі қалаларымен ара қашықтығы көрсетілген.
3 жыл бұрын (2007) «G4 City» ЖШС Алматы-Қапшағай күре жолына салынғалы отырған қанаттас қалалардың қызметін жетілдіру үшін www.g4city.kz деп аталатын сайтын іске қосты. Сайтта сондай-ақ, түрлі электрондық БАҚ-тар мен мерзімді баспасөз беттерінде қанаттас қалаларға қатысты жариялаған материалдар жүйелі түрде беріліп отырылады. Құрылған компанияның негізгі мақсаты - Үкіметтің қолдауымен салынғалы отырған қалалардың толыққанды дамуына атсалысу.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1960) Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімі ДУАНБЕКОВ Мирхан дүниеге келді.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында туған. Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын, Жоғары партия мектебін бітірген.
1983-1986 жылдары - Ырғыз аудандық ауылшаруашылық басқармасының аға инженері, техника бақылау инспекциясының бастығы, бас инженері. 1986-1989 жылдары - аудандық комсомол комитетінің бірінші, екінші хатшысы. 1991-2003 жылдары Ырғыз ауданында әр түрлі салада жауапты қызметтерін атқарған. 2003-2005 жылдары - Құмтоғай ауылдық округінің әкімі. 2005-2006 жылдары Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін аткарған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдың қазан айынан.
«Ерен енбегі үшін», «Астана» медальдарымен марапатталған.
40 жыл бұрын (1970) «Эксклюзив» Баспа үйі» ЖШС директоры ЕЖЕНОВА Қарлығаш Келерқызы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы тілші ретінде жастардың «Горизонт» - «Өркен» апталық газетінен бастады. «Панорама» апталығынның щолушысы, Алматы қаласы әкімшілігінде баспасөз-хатшысы, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлар және реформалар агентігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, «Golden Eagle Partners»компаниясында PR-департаментінің жетекшісі, «East Print» ЖШС-ның және «Эксклюзив» Баспа үйі ЖШС-ның директоры, «Банк ТуранАлем» АҚ-ның Директорлар кеңесі төрағасының көмекшісі, Бренд-офистің директоры, «Банк ТуранАлем» АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
«Свидетели» кітабының авторы, «Динамика общественно-политических процессов» монографиясының серіктес авторы, «Казахстан: история экономических реформ» кітабыныың редакторы.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың журналистика саласындағы екі сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.
ШІЛДЕНІҢ 17-І, СЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2007) Алматыда «Алпысбай Қазығұлов. Кескіндеме» альбомының таныстырылымы өтті. А.Қазығұлов - қазақстанның танымал суретшісі, ол абстракционизм және сюрреализм жанрында жұмыс істейді, Алматыда тұрады және қызмет атақарады.
Суретші Қызылорда облысының Аралында 1958 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының сурет-графика факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, Белгия, Нидерланды, Жапония, Ресей сәулет өнерінің кәсіпкер шеберлердің көрмесіне қатысушы. 2003 жылы әлем өнеріне қосқан үлесі үшін Еуропалық өнер унициясынның Масарик атындағы құрмет сыйлығының иегері.
1 жыл бұрын (2009) Павлодар облысының Май ауданында тұрғызылған асфальт-бетон зауыты іске қосылды.
Сағатына 100 тоннадай жол төсемін өндіретін жаңа зауытты «Дорремстрой ПВ» ЖШС салып отыр. Кәсіпорын Қазақстанның ядролық орталығын дамыту үшін маңызы зор Ақсу-Курчатов республикалық трассасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жолшыларды заманауи материалмен толық қамтамасыз ете алады.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктеріне арналған «Қазақстан: Ғасырлар асуында» ғылыми-публицистикалық монографиясы жарық көрді.
Кітап авторы - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағындық Сатыбалдин. Жұмыс үш тараудан тұрады. «Қазақстан кеше» деп аталатын бірінші тарауда 1965-2006 жылдар аралығы қамтылса, «Қазақстан бүгін» тарауында - 2007-2008 жылдар, ал «Қазақстан ертең» деп аталатын тарауында 2009 жылдан бастап алдағы жылдар қамтылады.
Кітапта КСРО-ның ыдырау себептері, өз одағын құру туралы үш славян мемлекетінің (Ресей, Беларус, Украина) шешімдеріне қатысты оқиғалар баяндалады.
Кітаптың бастапқы тиражы - 1000 дана. Фотосуреттермен безендірілген 477 беттік басылым.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1940-2005) геолог-ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық технологиялық және инжиниринг ғылым академиясының академигі, Украинаның технологиялық кибернетика ғылым академиясының академигі, Ресейдің Жаратылыстану академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының академигі, Халықаралық Ақпараттану академиясының академигі ВЕСЕЛОВ Василий Василеевич дүниеге келді.
Украинаның Харьков қаласында туған. Тамбов жоғарғы әскери-авиациалық училищесін, Т.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақ КСР Ғылым академиясы Гидрогеология және геофизика институтының инженері, аға инженері, кіші ғылыми қызметкері, Қазақ КСР геология министрлігінің тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының бас геологы, бас гидрогеологы,геологиялық партияның бастығы, Қазақстанның У.Ахмедсафин атындағы Ғылым академиясы Гидрогеология және геофизика институтының директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері гидрогеологиялық объектілер мен процестердің математикалық және ақпараттық моделін жасау мәселелеріне арналған.
«Геоинформатика, системно-информационный подход к задачам моделирования гидрогеологических объектов», «Гидрогеология и охрана окружающей среды горнорудных районов Северного Казахстана», «Проектированиесистем», «Основы структурного моделирования гидросистем», «Эколого-мелиоративные проблемы использования водных ресурсов бассейна озера Балхаш», «Водные ресурсы Или-Балхашского бассейна», «Гидрогеологическое районирование и региональная оценка ресурсов подземных вод Казахстана» атты ғылыми еңбектердің авторы.
«Құрмет белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
55 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаты - Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, экономика ғылымдарының магистрі ОРАЗАЛИНОВ Елубай Атағайұлы дүниеге келді.
Павлодар облысы Павлодар ауданы Ефремовка кентінде туған. Павлодар индустриялық институтын, Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясы жанындағы Менеджерлер даярлау орталығын бітірген.
Мемлекеттік қызметке дейін Павлодар облысының өндірістік саласы ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды. Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары, Павлодар қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Екібастұз қаласының әкімі, Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасының бастығы, Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы, Павлодар облысы әкімі басқару ісінің бастығы, Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2007 жылдың қыркүйегінен.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне- 10 жыл», «Астана қаласына - 10 жыл» медальдарымен және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» Құрметті белгісімен марапатталған.
ШІЛДЕНІҢ 18-І, ЖЕКСЕНБІ
Металлург күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-дегі Жарлығына сәйкес жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
1960 жылы Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды, және сол күні Қазақстанның тұңғыш шойыны алынды. Биыл Қазақстан Магниткасының 50-жылдық мерейтойы атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Патенттік-технологиялық ақпарат және алдыңғы қатарлы технологиялық қозғалыс жолындағы барлық тосқауылдарды алып тастауға мүмкіндік берген Еуразиялық патенттік конвенцияны бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
5 жыл бұрын (2005) Оралды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан колледж ашылды. Математика, физика, ақпараттық жүйе, станок графикасы, сәндік-қолданбалы өнері және халық өнері мамандықтары бойынша оқытатын білім ордасының құрылу мақсаты педагогика мамандарына сапалы білім беру болып табылады. Колледжді бітірген түлектер оқуын университетте жалғастыра алады.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін қосымша шаралар алуға, кәсіпкерліктің мемлекетпен және қоғаммен өзара іс-қимылын нығайтуға, соның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізуді тәртіпке келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) генерал-майор, «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы ЖАРБОЛОВ Әлихан Бірімжанұлы дүниеге келді.
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында туған. Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласындағы Суворов училищесін, Алматы қаласындағы И.Конев атындағы жоғары әскери училищесін, Мәскеу қаласындағы Фрунзе атындағы Әскери академиясын бітірген.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған жылдары мотоатқыштар дивизиясының командирі, танк құрамасының командирі, армия корпусының командирі, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Штаб бастығы, «Оңтүстік» әскери қолбасшылығының қолбасшысы, Алматы жоғары әскери училищесінің бастығы, Мәскеу қаласындағы ТМД елдері қорғаныс министрлері үйлестіру кеңесінің қазақстандық тұрақты өкілі, Түркиядағы Қазақстан елшілігінің әскери өкілі, Құрлықтағы әскерлер институтының бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың қарашасынан.
2-дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 10 жыл», «КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл», «КСРО-ның Қарулы күштеріне 70 жыл» мерекелік медальдарымен, 3-дәрежелі «Үздік қызметі үшін», «Әскери қызметі үшін», КСРО-ның 2- және 3-дәрежелі «Үздік қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.
50 жыл бұрын (1960) Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы МҰҚАТОВ Қариполла Орынбекұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан-Ресей университетін бітірген.
Қарағанды қаласы Киров аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Киров ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Октябрь ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қарағанды қаласындағы «Ай» фирмасы ЖШС президенті, Октябрь ауданының, Саран, Балқаш қалаларының әкімі, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы бойынша «Сары-Арқа» АӨК ҰК» АҚ өкілдігінің басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2010 жылдың мамырынан.