ҚазАқпарат-Анонс: Тамыздың 20-сы мен 22-сі аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ
Тамыздың 21-і күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Дала қыраны-2010» арнайы-әдістемелік бітімгерлік жаттығулар өтіп жатқан «Іле» оқу-жаттығу орталығына барады. Бұрын хабарланғандай, бітімгерлік жаттығулар тамыздың 27-сіне дейін жалғасады.
ҚОҒАМ
Тамыздың 11-інде мұсылман әлемінің маңызды мерекелерінің бірі - Қасиетті Рамазан айы басталды . Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау биыл тамыздың 11-інен қыркүйек айының 9-ына дейін жалғасады. Ал берілетін садақа мөлшері - 100 теңге.
Тамыздың 9-ы мен қыркүйектің 9-ы аралығында Венадағы Палфи сарайында «Ұлы Жібек жолы» жобасының аясында қазақстандық реставратор-суретші Қырым Алтынбековтың археологиялық жаңартылған жәдігерлері мен шығармашылық туындылары, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы суретшілерінің көшпелі көрмесі таныстырылады.
ТМД
Тамыздың 20-21-інде Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бейресми саммиті өтеді
АСТАНА
Маусымның 29-ы мен қыркүйектің 1-і аралығында ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында «Назарбаев және Қазақстан» атты көрме өтеді.
Тамыздың 10-ы мен қыркүйектің 30-ы аралығында Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арнап «Қазақстан Республикасының Конституциясы - тұрақтылық, келісім, өрлеу» атты құжаттық көрме өтуде.
Тамыздың 20-сында Жоғарғы сот ғимаратында «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» көркемдік пошта маркасының таныстырылымы болады.
Тамыздың 20-сында Ұлттық академиялық кітапханада «ҚР Конституциясына 15 жыл: заңнаманы әрі қарай жетілдіру» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Тамыздың 20-сында Астана прокуратурасында брифинг өтіп, онда табиғатты қорғау заңнамасының орындалуына жүргізілген тексерулердің қорытындысы жария етіледі.
АЛМАТЫ
Тамыздың 20-сында «Алатау» шипажайында «Қазақстан, Беларусь және Ресей елдерінің бірыңғай экономикалық кеңістігін құрудың аясында салықтық және кедендік заңнамаларды дамыту» тақырыбына арналған тәжірибелік конференция өтеді.
Тамыздың 20-сында «Темірдос» спорт кешенінде Азиада нысандарының құрылысы бойынша есеп беру жиналысы өтеді.
Тамыздың 20-сында Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық институтында «12 жылдық оқытуға ауысу жөніндегі тәжірибе. 2009-2010 оқу жылдарының қорытындысы» деген тақырыпта республикалық семинар болады.
Тамыздың 20-сында БҰҰ Даму бағдарламасының кеңсесінде БҰҰ Даму бағдарламасының жобасы аясында әзірленген Қазақстандағы бұқаралық ақпаратқа деген қолжетілімділік туралы заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді.
Тамыздың 20-сында Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық институтында жоғары оқу орындарының студенттеріне бос білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның мәжілісі өтеді.
Тамыздың 20-сында Алматы әкімдігінде Бас прокурор Қайрат Мәмидің төрағалығымен кеңес өтеді.
Тамыздың 20-сында ҚР Президентінің мұрағатында «Егемен Қазақстанның Конституциясына 15 жыл: Ата заң - демократиялық реформаларды дамытудың негізі» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтеді.
Тамыздың 21- 23-і күндері Алматыдағы «АтакентЭкспо» көрме кешенінде «LESHOW. Қазақстан-2010» 5-ші халықаралық тері және былғары көрмесі өтеді
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
Жаңа оқу жылының қарсаңында, тамыздың 21-і күні Павлодарда дәстүрлі әлеуметтік мектеп жәрмеңкесі өтеді
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
Тамыздың 29-30-ы күндері Өскеменде халықаралық мүшәйра өтеді. Бұл халықаралық фестиваль Ата Заңымыздың қабылдануының 15 жылдығына, ұлы Абайдың 165 жылдығына және Өскемен қаласының 290 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткелі отыр.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР
ТАМЫЗДЫҢ 20-Ы, ЖҰМА
Эстония тәуелсіздігін қалпына келтіру күні. 1991 жылы 20 тамызда Эстон КСР Жоғары Кеңесі КСРО құрамынан тыс, ұлттық тәуелсіз Эстония мемлекетін құру туралы шешім қабылдады.
Эстония - Еуропаның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Фин бұғазымен, батысында Балтық теңізімен, оңтүстігінде Латвиямен, шығысында Ресеймен шектеседі. Астанасы - Таллин. Мемлекеттік тілі - эстон тілі. Ақша бірлігі - крона.
ОҚИҒАЛАР
6 жыл бұрын (2004) Ресейдің мемлекеттік қызмет академиясында қазақстандық «SHYGYS» журналының таныстырылымы өтті.
Журналдың редакция алқасының төрағасы - Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов.
«SHYGYS» халықаралық ұлттық журналдың бірінші саны - қазақ, орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде шықты
5 жыл бұрын (2005) Алматыда тамыздың 20-25 аралығында Шанхай қаласының (ҚХР) мәдени күндері өтті.
Шара аясында белгілі Лю Хай Су галереясы мұражай экспонаттарының көрмесі, «Шанхайские впечатления» атты фотокөрмесі, Шанхайдың халық аспаптар оркестрінің концерті өтті және «Жабайы зебра» балеті қойылып, төрт қытай фильмдерінің көрсетілімі болды.
Шанхай Шығыс-Қытай теңізіне құятын Янцзы өзенінің сағасында орналасқан. Экономикасы дамыған үлкен мегаполис ретінде танымал. Қаланың ауданы - 6 мың шаршы метр.
3 жыл бұрын (2007) Ақмола облысының Степногорск қаласында «Молодежь, окружающая среда и устойчивое развитие: понимание и участие» атты республикалық жастардың экологиялық форумы өтті.
Ұйымдастырушысы - БҰҰ қоршаған ортаны қорғау (UNEP) бағдарламасының қолдауымен «Адам денсаулық институты» атты жастардың қоғамдық бірлестігі.
Мақсаты қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын үкіметаралық, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметімен жастар тобы өкілдерін таныстыру, ұлттық жастар экожүйені нығайту үшін белсенді жастарды біріктіру, жастар мен мемлекеттік қызметтер және қоғам арасындағы ынтымақтастықты қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге бағыттау болып табылады.
3 жыл бұрын (2007) Петропавлда қазақстандық атақты велошабандоз, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Тур де Франс» әлемдік веложарысының қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Александр Винокуровке Солтүстік Қазақстанның Құрметті тұрғынының куәлігі табыс етілді.
2006 жылдың қыркүйек айында, облыстың 60 жылдығы атап өтілген шаралар аясында, облыстық мәслихат сессиясының шешімімен А.Винокуров тоғыз адамның қатарында «Солтүстік Қазақстанның Құрметті тұрғыны» атағына лайық деп танылған болатын.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1915-1996) ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері ТӘЖІБАЕВ Лашқар Есенқұлұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында (Төлеби ауданы) туған. Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын (Ташкент ирригация және мелиорация институты) бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1942-1943 жылдары - Қазақ КСР Су шаруашылығы министрлігінде инженер, басқарма бастығы. 1943-1949 жылдары - Қазақ КСР Министрлігі Кеңесінің су шаруашылығы және энергетика тобының бастығы, аға референт. 1949-1951 жылдары - Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы Ғылым академиясының Қазақ бөлімі республикалық тәжірибе-мелиориация станциясының директоры. 1951-1962 жылдары - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық аграрлық университеті) деканы. 1962-1963 жылдары - Қазақ КСР Министрлігі Кеңесінің Су қорларын пайдалану және қорғау жөніндегі Мемлекеттік комитеттің бастығы. 1963-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының «Гидротехника және мелиорация» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері су мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге, егістік жерлерді суландыруға және мәдени жайлымдарды автоматтандыруға арналған. «Водные ресурсы и схемы водоснабжения сельскохозяйственных территорий» (1963г.), «Основы водоснабжения сельскохозяйственных районов Казахстана» (1970ж.), «Автоматизированное культурное пастбище» (1987ж.), «Основы гидравлики и гидромеханизации сельскохозяйственного производства» (1986ж.), «Ауыл шаруашылық тұтынушыларын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру» (1992ж.) атты еңбектері жарық көрген. 2003 жылы Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің «Гидротехника және мелиорация» кафедрасына профессор Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаевтің аты берілген.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
45 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы ӘБЕНОВ Мұрат Абдуламитұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 1990-1991 жылдары -Сәкен Сейфуллин атындағы № 4 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі. 1991-1993 жылдары - Қызылорда қалалық білім беру бөлімінің кадр және негізгі қызмет жөніндегі инспекторы, Қызылорда қаласындағы 1 май атындағы №1 Қазақ мектеп-лицейі директорының оқу ісі және тәрбие жөніндегі орынбасары. 1993-1998 жылдары - Алматы қаласындағы «Атамекен» ЖШС директорының коммерциялық қызмет жөніндегі орынбасары. 1998-2000 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының бақылау-ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы. 2002-2005 жылдары - Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің директоры. 2005-2007 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2007 жылғы ақпанынан тамызға дейін Қызылорда облысы әкімінің аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған. 2007 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясы азаматтық қоғам институттарымен, мәслихаттарымен байланыс кеңесінің мүшесі.
ТАМЫЗДЫҢ 21-І, СЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2000) Алматыда украин халқының ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың (1814-1861) ескерткіші ашылды. Ескерткіш салмағы 12 тонна, биіктігі 3,5 метр. Авторы - украиндық мүсінші Виталий Рожик. Оңтүстік астанаға украин халқының сыйлығы Алматы әкімшілігі мен Украин елшілігінің бастамасымен жасалынды.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің 15-жылдық мерейтойына арналған «На страже священных рубежей» атты фотокөрмесі өтті.
Көрмеге шекара баспасының фотокорреспонденті, прапорщик Сәбит Сариевтің Қазақстанның мемлекеттік шекарасының қызметі бйнеленген жұмыстары қойылған.
3 жыл бұрын (2007) Оңтүстік Қазақстан облысында Украин ұлттық-мәдениет орталығы құрылды.
Украин мәдениет орталығының басты міндеті - облысты мекен еткен барлық ұлт өкілдерінің арасындағы достықты нығайту.
1 жыл бұрын (2009) Өскеменде «Дала әні» және «Көшпелілер» атты екі жаңа мүсіндер орнатылды.
Мүсіндердің авторы - қазақстанның танымал дизайнері Жанат Елубаева. «Дала әні» - ерекше композиция. Аталмыш мүсінің аталу себебі, ол жерде кішкене ғана жел соққан кезде ерекше бір дыбыс шығаратын камертон орналасқан. Бірінші мүсінің таяу маңында «Көшпелілер» орналасқан.
Бұл шығармалардың басты идеясы атамұраны насихаттау болып табылады.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1935) баскетболдан КСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО Денешынықтыру ісінің үздігі ЮМАШЕВ Шора Қадырұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Ақтерек ауылында туған. 1974-1981 жылдары Алматының жоғары мастерлер лигасында ойнаған «Университет» құрама командасының жаттықтырушысы болды. «Университет» құрама командасы КСРО біріншілігінде 6 орынға, Вильнюсте өткен КСРО халықтары VІІ Спартакиадасында 4 орынға ие болған. 1984-1987 жылдары Ангола Республикасы құрама командасының жаттықтырушысы қызметін атқарды. 1987 жылдан Қазақстан Республикасы Спорт, және туризм министрлігінің спорт комитетінің бас жаттықтырушысы, бас хатшысы, Қазақстан Республикасы баскетбол Федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Алматы қалалық баскетбол федерациясында және республикалық спорттық шеберлiктiң жоғары мектебiнде жұмыс істейді.
ТАМЫЗДЫҢ 22-І, ЖЕКСЕНБІ
Ресей Федерациясының Мемлекеттік Туы күні. РесейФедерациясыПрезидентінің Жарлығына сәйкес жыл сайын 22 тамызда атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Павлодар облысы Май ауданының Бозкөл ауылында тәулігіне 10 мың дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды.
4 жыл бұрын (2006) Ақтөбеде Жамбыл көшесі бойындағы паталогоанатомиялық бюросы ғимаратында медицина ғылымының докторы, профессор Саламат Ахметқалиевке арналған ескерткіш тақта орнатылды.
Саламат Ахметқалиев (1936-2005) Ақтөбе медицина институтын бітірген, сосын ассистенттен кафедра меңгерушісіне дейін өскен. 1997 жылы практикалық медицина саласына өтуіне байланысты, ол бiртұтас паталогоанатомия бюросын құрып, сол саланың дамуына өз үлесін қосты.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайында тұңғыш рет үйлену тойының сәнді киімдер үлгісінің көрмесі болып өтті.
Ұйымдастырушысы - ресейлік «Интер Групп» компаниясы.
Көрменің мақсаты - қазақстандықтарды үйлену тойының сәнді киімдер үлгісін тігетін жетекші өндірушілермен таныстыру, шығармашылық және іскерлік қызығушылықты біріктіру, осы саладағы кәсіби тәжірибені алмастыру және жаңа ұтымды келісім шарттарға қол қою.
Шара аясында сәнді киім үлгілерінің шеруі және кішігірім концерт болды.
1 жыл бұрын (2009) Мәскеуде Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің резиденциясында танымал журналист, «Қазақпарат» ҰК» АҚ меншікті тілшісі Сара Нұрғалиеваның «Теңдік белгісі» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Қазақ ғарышкері, Халық Қаһарманы және Ресей Батыры Талғат Мұсабаевқа арналған деректі повестің таныстырылымына орайластырылған кездесуге ұшқыш-ғарышкерлер - Юрий Маленченко, Юрий Батурин, Анатолий Арцыбарский, кітаптың бас кейіпкері Т.Мұсабаев, 1992-1994 жылдардағы Ленинск қаласы әкімшілігінің бірінші басшысы Виталий Брынкин және тағдырлары ұзақ жылдар бойы ғарышты игерумен байланысты болған басқа да тұлғалар қатысты.
Кітап «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ тапсырысы бойынша басып шығарылды, бастапқы таралымы - 5 мың дана.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) жазушы, журналист, «Үркер» журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің мүшесі ТҮМЕНБАЙҰЛЫ Қуандық дүниеге келді.
Қызылорда облысының Шиелі ауданынында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Мәскеудің М.Горкий атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты бітірген.
«Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде тілші, Жалын баспасының редакторы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, «Жұлдыз» журналының бөлім редакторы, «Алматы ақшамы» газеті Бас редакторының орынбасары, Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің Бас редакторы, Халықаралық журналистика институтында оқытушы, «Ақиқат» журналының редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан бастап.
«Қайын сапты кетпен», «Шоқты көрік», «Жүрдек поезд», «Каникулды күткен қыз», «Жігіттің Көктөбесі» атты повестер мен әңгімелердің, «Қанаты күйген қызғыш құс» деректі повестінің, «Сотталған домбыра», «Жібек жолы» әңгімелердің, «Көз», «Қобыздың мұңы» хикаяттар мен әңгімелердің, «Жасыл жанып тұрғанда» роман және әңгімелердің, «Сөздік-словарь» авторы.
Халықаралық «Алаш», «Сорос-Қазақстан» сыйлықтарының лауреаты. Қызылорда облысы Шиелі ауданының Құрметті азаматы.
55 жыл бұрын (1955) физико-математика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергетикасы комитетінің Анализ және қадағалау басқармасының бастығы ДОНБАЕВ Қалдыбек Мамытұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Новосібір мемлекеттік университетін бітірген.
1977-1996 жылдары - Қазақ КСР ҒА-ның ядролық физика институтының (қазіргі Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы) ғылыми қызметкерi, 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтының ғылыми жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары, 2000-2006 жылдары - Ауыр иондар үдеткіші негізіндегі Салааралық ғылыми-зерттеу кешенінің және Астана қаласындағы ядролық физика институты бөлімшесінің (қосымша) жетекшісі, 2000-2006 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ физика кафедрасының меңгерушiсі, 2006-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің ғылыми және ғылыми-техникалық даму қызметін бақылау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Қазаіргі қызметінде - 2009 жылдың мамыр айынан бастап.
«10 жыл Астана» мерейтойлық медальмен, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы білімінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.