«ҚазАқпарат» Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары Австрия аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер туралы Естелік кітабынан тізімдерді сайтқа орналастыруды аяқтайды

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы Венада таныстырылымы өткен «1941-1945 жылдары Австрия аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер туралы Естелік кітабынан» тізімдерді алғаш рет жариялап отыр.

«ҚазАқпарат» Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары Австрия аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер туралы Естелік кітабынан тізімдерді сайтқа  орналастыруды аяқтайды

Естелік кітабында 1000 жауынгердің аты-жөні мен басқа да мәліметтері қазақ және неміс тілдерінде берілгенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Бүгін сайтқа орыс тіліне аударылған мәліметтер де толық орналастырылады.

Тізіммен танысу үшін агенттік сайтының негізгі бетіне орналастырылған (www.inform.kz ) «Австрияда шайқасқан және қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің тізімі» деген баннерді басу керек.

Бұл Ұлы Жеңістің 65 жылдығы және «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясының 90 жылдығы аясында жүзеге асырылып отырған жобалардың бірі. «ҚазАқпарат» ұжымы Ұлы Отан соғысының батырларын еске алу және Жеңістің 65 жылдығын атап өту жөніндегі шараларға өз үлесін осылайша қосып отыр.